ҚР Премьер-Министрі
О.Бектеновке
Күні кеше ғана 5 наурызда ХХ ғасырдың басындағы қазақтың
Ұлт көсемі, «Алаш» Республикасының негізін қалаушысы және басшысы, Қазақстанның
қазіргі мемлекеттілігінің хабаршысы – Әлихан Бөкейханның туған күні өтті.
Бұл күні ресми мереке болмаса да, мыңдаған ұлтжанды азаматтар, оның ішінде «Ақ жол» Демпартиясының мүшелері, бір-біріне осы датаға арналған құттықтаулар жіберіп жатты.
2016 жылы, Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы ЮНЕСКО Бас
Ассамблеясының шешімі негізінде дүниежүзілік деңгейде атап өтілгені белгілі.
Сонда да, «ескі» Қазақстанның билігі, Әлихан Бөкейхан мен «Алаш» Республикасының аттары мен істерін үнсіз қалдыруға тырысып, аталған мерейлі іс-шараларды лайықты түрде өткізуден бас тартты.
Сонымен қатар, 2019 жылға дейін, «Ақ жол» фракциясының
«Алаш» жөніндегі сауалдарымыз жарияланған сайын, жоғарыдан осы тақырыпты
көтеруді тоқтату талаптары орын алған
болатын.
Тек, жаңа заман басталғалы, «Алаш» тақырыбы мен Алаш арыстарының ерлігі ресми деңгейде мойындалып, қолдауға ие болды.
Келе жатқан, 2026 жылы Алиханның 160 жылдығының
қарсанында, «Ақ жол» Демпартиясы Үкіметке осы жол бұл мерейлі датаның лайықты
бағдарламасын даярлауды ұсынуда.
Біздің ойымызша, сол бағдарламада Республика
Тәуелсіздігінің, заманауи қазақ мемлекеттілігінің, жер тұтастығының тарихи тамыры
мен өзектілігін насихаттауымыз қажет.
Сонымен қатар, ХХ ғасырдың басында, Азаттық пен жер
тұтастығы үшін күрескен Алаш Орда арыстарының тарихи орнын да көрсеткеніміз
жөн.
Осыған қоса, «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының ұсыныстарын жіберудеміз.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары
А.Перуашев
Д.Еспаева
Қ.Иса
Е.Барлыбаев
А.Садықов
Е.Бейсенбаев