ҚР
Премьер-министрі
О.А. Бектеновке
Биылғы жылдың 16 қарашасында Ташкентте
Орталық Азия мемлекет басшыларының VII консультативтік кездесуі өтіп, Орталық
Азия елдері арасындағы ынтымақтастық пен интеграция мәселелері талқыланды.
Аталмыш кездесулер аясында «Ақ жол»
демпартиясының фракциясы еңбек саласындағы мәселелерді шешуді ұсынады.
Қазіргі уақытта Қазақстанның еңбек
секторында үкіметтің жүйелі шешімін және реттеу тәсілдерін өзгертуді талап
ететін елеулі өзгерістер орын алуда.
Заңды тұлғалар саны жыл сайын орта есеппен
4,5%-ға өсіп келеді, мәселен, олардың саны соңғы он жылда (2015-2024 жылдар)
360 000-нан 536 000-ға дейін өсті (175 954 бірлікке немесе 48,8%-ға). Бұл
өсімнің негізгі бөлігі ШОБ есебінен жүзеге асырылатынын атап өткен жөн, олардың
саны жыл сайын орта есеппен 4,6%-ға тұрақты түрде өсіп келеді.
Жалпы алғанда, бұл оң үрдіс, бірақ мұндай
жылдам қарқын ШОБ-тардың сапалы тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілгеніне
күмән тудырады.
Сонымен қатар, үкімет ірі инфрақұрылымдық
жобаларды – жылу электр станциясын, үш атом электр станциясын салуды, жасыл
энергияны дамытуды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен көлік желісін кеңейтуді
бастауда. Бұл жобаларды жедел іске асыру үшін мыңдаған мамандар қажет, ал
жергілікті ресурстар жеткіліксіз болуы мүмкін.
"Еңбек ресурстарды дамыту
орталығы" АҚ-ның болжамдары бойынша, 2025 және 2035 жылдар аралығындағы
жалдамалы жұмысшыларға деген жалпы сұраныс базалық сценарийде 3 миллионды
құрайды деп бағаланады. Олардың 813 000-ы жұмысшы кадрлар. Ең үлкен сұраныс
өнеркәсіпте (27%) және құрылыста (11%) күтілуде.
Сонымен қатар, Қазақстандағы жалақы
деңгейі Орталық Азия елдері арасында ең жоғары болып қалуда және аймақтық
орташа көрсеткіштен айтарлықтай асып түседі.
Бүгінгі таңда Қазақстанда, әсіресе қызмет
көрсету саласында, құрылыста және ауыл шаруашылығында жұмыс орындары
жеткілікті.
Сонымен қатар, біз Еуропа елдері мен
Ресейдің шекараларды жауып, протекционизмді күшейтуге және кіру ережелерінің
қатаңдауына бағытталған жаһандық үрдістің куәсі болып отырмыз.
«Ақ жол» демпартиясының фракциясы көршілес
елдерден еңбек мигранттарының жаппай кетуін ескере отырып, Қазақстанға бауырлас
Орталық Азия республикаларынан еңбек мигранттарын тарту қажет деп санайды.
Дегенмен, көші-қон ағындарын стратегиялық
тұрғыдан басқару қажет, бұл ретте дағдыларға, салықтарға және интеграцияға баса
назар аударылса, олар экономикалық өсу мен әлеуметтік тұрақтылықтың көзіне
айналады. Сонымен қатар, экономикалық пайданың ел ішінде қалуы маңызды.
Айта
кету керек, Қазақстан экономикасында қазірдің өзінде заңсыз жұмыс істейтін
еңбек мигранттары бар, бұл жергілікті жерлерде сыбайлас жемқорлыққа ықпал
етеді.
Жоғарыда
айтылғандарды ескере отырып, «Ақ жол» демократиялық партиясының фракциясы
мынаны ұсынады:
1.
Шетелдік
жұмыс күші үшін жағдайларды жеңілдету, еңбек құқықтарын сақтап, барлық қажетті
әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету, сонымен бірге жұмыс
берушілердің шақырылған мигрант жұмысшылар үшін жауапкершілік алуын белгілеу.
2.
Жұмыс
күші тапшылығы байқалатын салаларда мигрант жұмысшыларға арналған квоталардың
санын көбейтіп, оларды алу процесін жеңілдету.
3.
Мигрант
жұмысшыларға қосымша салық енгізу және олардың санын салықты көбейту және
азайту арқылы реттеу.
Құрметпен,
«Ақ жол»
фракциясының депутаттары
Е.Барлыбаев
А.Перуашев
Д.Еспаева
К.Иса
С.Ерубаев
О. Нуралдинов