15
Қантар

15.01.2025

Полицияға жоспар керек пе, әлде бюджетке ақша керек пе? «Ақ жол» азаматтарды негізсіз айыппұлдан қорғауды талап етеді!

Ішкі істер министрі

Е.Саденовқа

Өткен жылдың соңында, Әкімшілік құқық бұзушылық кодекске өзгерістер енгізу туралы заң жобасын талқылау барысында, «Ақ жол» Демпартиясының фракциясы заң жобасын сынға алып, оны қолдамады.

Сол кезде, біз, полицейлердің әңгімелеріне және олардың басшыларының кодексті бұзғаны және азаматтарға айыппұл салғаны үшін хаттамаларды рәсімдеу бойынша түсініксіз «нормаларды» белгілеу туралы талаптарына азаматтардың куә болғаны жөніңде мысалдар келтірген болатынбыз.

Атап айтқанда, біз келтірген әлеуметтік желілердегі сілтемеде, Әрбір Аудандық ішкі істер бөлімдері күніне кемінде екі жүз айыппұл, ал кезекшілікке шыққан әрбір полицей күніне кемінде бес айыппұл салуы тиіс деген тапсырмалар айтылған бейнежазба бар

(осы жерде сілтеме көрсетілген) :https://t.me/holanewskz/13286; https://t.me/egovpress/7885 және т.б.))

Соңынан мұндай дауыстық және бейне хабарламалар бірнеше рет пайда болып, азаматтардың таңдануы мен әділ наразылығын тудырды.

Мұндай талаптар заңға қайшы келеді, азаматтардың құқықтарын бұзады және Конституцияға да қайшы деп санаймыз.

Алайда, Ішкі істер министрлік өкілдері, әкімшілік хаттамалар толтыруға нақты саның белгілеп, тапсырма беру практикасын жоққа шығарып отыр.

Сонымен қатар, егер полиция қызметкерлері тарапынан бұзушылықтар фактілері, немесе дәлелдер болса, оларды Ішкі Істер Министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаментіне немесе 1402 сенім телефонына хабарлауды сұрайтының мәлімдеді. (https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/usilit-rabotu-oformleniyu-shtrafov-mvd-otvetili-informatsiyu-557120/).

Жоғарыда айтылған баяндамада да, осы сауалда да нақты фактілер келтірілген, бірақ олар туралы қандай да қолданылған реакция бұқараға беймәлім.

Мәселен, Telegram әлеуметтік желісінде, полиция қызметкерлері көлікті тоқтатын протокол толтыру азаматты ұстаған кездегі бейнетаспада, инспектордың рациясынан «әкімшілік хаттамаларды рәсімдеу бойынша жұмысты барынша күшейту» туралы командасы анық естілген. Бұл жерде де сілтеме бар. (https://t.me/kozachkow/10558).

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша.

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде делінген.

Алайда, қазіргі уақытқа дейін жарияланған бейнетаспаның шынайылығын немесе жалғандығын растайтын қызметтік тергеу нәтижелері белгісіз.

Былтырғы жылғы 26 желтоқсанда Ішкі Істер Министрінің орынбасары Игорь Лепеха журналистердің айыппұлдар туралы қойған сұрағына (!)

Бұл сұрақтар депутаттарға жолдануы керек деп мәлімдеген болатын.

Игорь мырза жоғарыда айтылған міндітті түрде екі жүз хаттама толтыру, әр бір инспекторға кімдегінде бес протокол толтыру тұралы бұйрықты берген депутаттар ма? Әлде кім?

Ендеше, қабылданғанына жиырма жылдан асқан норма , соңғы уақытта кең резонанс алып, көліктердің қозғалтқышы бес минуттан астам жұмыс істеп тұрғаны үшін айыппұл салу белсендігін қалай түсінуге болады? Әлде бұл да бюджетті толтырудың бір тетігі ме? Негізсіз айыппұлдарды қолданудан ең алдымен көлік жүргізушілері мен кәсіпкерлер зардап шегетіні баршаға мәлім.

Мысалы, үй жанындағы дүкендерге көліктен тауарларды тиеу және түсіру, әдетте, бөлінген бес минуттан көп уақытты алады, ал минус 20 немесе одан да төмен температурада қозғалтқышты өшіріп қою қи-сын-сыз. Немесе сақылдаған сары аязда балаларды мектептен , балабақшадан алғанда суық салонға қалай отырғызасыз.

Жалпы қыс уақытында, аймақтарда қатты аяз болған кезде, машинаны жылытуға 5 минуттан көп уақыт кететіндігі айдан анық.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты «Ақ жол» фракциясы:

1) Осы сауалда баяндалған нақты мысалдар бойынша тексеру жүргізуді;

2) Полиция басшыларының азаматтарға жаппай айыппұл салу туралы талабы бар бейнетаспаның шынайылығы немесе жалғандығы бойынша ресми түрде хабарлауды;

3) Ішкі Істер Министрлігі жүйесінде өз қарамағындағыларға жоғарыдағыдай тапсырмалар берген басшылар анықталғаны, және олар қандай жауапкершілікке тартылғаны туралы мәлімет беруді;

4) Аймақтардың температуралық режимі мен климатын ескере отырып, көліктің қозғалтқышы бес минуттан артық жұмыс жасау туралы норманы қайта қарау, зиянды шығарындыларды азайту бойынша баламалы және неғұрлым әділ шараларды пысықтау қажет деп санаймыз.

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясы депутаттары

Ерубаев С.

Перуашев А.

Еспаева Д.

Барлыбаев Е.

Иса К.

Бейсенбаев Е.