«Саңырауға сәлем берсең, атаңның басы дейді» немесе «азаматтық қорғаныс туралы» заң жобасы

» Санат жоқ » «Саңырауға сәлем берсең, атаңның басы дейді» немесе «азаматтық қорғаныс туралы» заң жобасы

19.04.2013, 00:00

19 сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Мәжiлiстің жұмыс тобы «Азаматтық қорғау туралы» заң жобасы бойынша «Ақ жол»  депутаттарының  ұсыныстарын елемей және өз азаматтарының мүдделері туралы ұмытып ТЖМ-ның пайдасына ақылға сыймайтын редакцияны  өткізбекші, – кеше өткен отырысты «Ақ жол» ҚДП көшбасшысы Азат Перуашев осылай бағалады.
Әуре-сарсаңға түскен  заң жобасы дұрыс мағынасынан келемежге айналып барады.  Бiр қатар ережелерді қайта өңдеу үшін қайтарып алғандарына қарамастан (заң жобасын толығымен қайтарып алудың орнына), заң дайындаушылар ешбір қисыны жоқ және тілі мүкіс «жауhарлармен» депутаттарды таңқалдыруларын қоймайды.
 Мәселен, азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің анықтамасында (1-баптың 9-тармақшасы)  ТЖМ  – «басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың дербес-ұйымдық бірлігі болып табылатын мемлекеттік мекемелер» деп көрсетуді ұсынады (ҚДП баспасөз қызметімен белгіленген).
Сонда қандай «басқалар»? – деп А.Перуашев сұрақ қойды – мен жаяу әскерлердi бiлемiн, аэромобилдi, зымырандық… Ал бұл қандай түрі ? Не үшін оларды құрылыс батальоны сияқты сонша «құпияландырамыз»?
         ТЖМ өкілдерінің жауаптарына сәйкес, «Қорғаныс және қарулы күштері туралы» Заңына енгізілген жiктелімі туралы сөз болып отыр. Мұндай жағдайда депутаттар Т.Ерғалиев, Н.Жазылбеков, Е.Никитинская бұл жіктелімге жазбаша түрде сілтеме жасауларын ұсынды.
Алайда, ТЖМ өкiлдері, сiлтеменің қажетi жоқ деп мәлiмдедi, олардың ойынша, «Азаматтық қорғау туралы» заңында « басқа» әскерлер туралы жазылған екен, яғни  кез келген адамға  түсінікті болуға тиіс, ал нақты қандай әскер туралы жауапты қорғаныс туралы заңнан іздеуі керек(?!) .
– Жақсы,-  депутат Перуашев келіспек болып,-  бірақ «Азаматтық қорғау туралы» заңының қай жерінде «басқалар» деп атауға болатындай, қандай азаматтық қорғаныстың әскерлеріне қатысты өзге әскерлер бар? Басқаша айтқанда, жарнама туралы жай бір күлкілі әңгіме сияқты: «Бiздiң кір жуатын ұнтағымыз тиiмдiлігімен ерекшеленедi – Кiмнен? – Басқалардан!»
Сонда қалай, «Азаматтық қорғау туралы» заңды оқып және түсіну үшін адамдарға өзімен бірге толып жатқан әртүрлі заңдарды, ал одан да дұрысы – ҚР барлық 500 заңдарын өзіңмен бірге тасып жүру керек болар, себебі «Азаматтық қорғау туралы» заң тек тура жауап бермей ғана қоймайды, әрі оны қайдан табу керектігіне сілтеме жасаудан да бас тартады.
– Бұл заң жалпы алғанда сіздер үшін арналмаған майор мырза – деп А.Перуашев ТЖМ өкіліне қарады, – ол қарапайым адамдар үшін. Тiптi атауында көрсетілген, азаматтық қорғаныс туралы деп, яғни азаматтарды қорғау туралы, ал қорғаныс туралы және тағы басқа заңдарды жатқа бiлетiндер үшін емес.
Бiрақ, сiздердің адамдардан осындай мәселелерді қасарысып әрменірек жасыратындарыңыз, тек бір нәрсені ғана білдіреді – сiздер өз жұмыстарыңыз үшін жауап бергілеріңіз келмейді, сiздiң жауапкершiлiгiңiз бен сіздердің қызметтiк мiндеттерiңiздің қандай екенін адамдардың білгенін  қаламайсыздар . Мұндай мысалдар сiздiң заңыңызда бастан асып жатыр.
Бұған қарамастан,  даулардан кейін, жұмыс тобы көпшiлiк дауыспен, және тек көрсетiлген мәселе бойынша ғана емес, тағы басқа да бірқатар мәселелер бойынша ТЖМ-нің сандырақ ұстанымын қолдады. Барлық жағдайларда «Ақ жол» ҚДП-ның ұсыныстары оқшауланып тасталды.
          – Бәлкім, Парламенттiк көпшiлiктегi депутаттар «Ақ жолдың» кез-келген бастамаларына жай ғана шектеу қойылып отырған болар. Біз бұнымен бірқатар басқа заң жобалары бойынша талай ұшырасқамыз, мысалы, Салық кодексі бойынша, экономикалық құқықбұзушылықтарды қылмыстық сипаттан арылту бойынша  – деп нәтижелерге түсініктеме берді Азат Перуашев. – Өте өкінішті, осыдан заңдардың сапасы нашарлайды және бүгінгідей сандырақтаған дүниелер өтіп кетеді.
 – Нақты бұл заңға қатысты, оның қабылдау рәсiмдері  және жұмыс тобы жетекшiсiнiң тұрақты түрде заңның өтуін тездету туралы талаптары оны дұрыс талқыламай өткізу талпыныстары туралы ойға қалдырады, біреулерге ешкімнің ештеңе ұқпай қалғаны керек секілді, – дейді фракция көшбасшысы, – тіпті талқылаудың өзі «Саңырауға сәлем берсең, атаңның басы дейді»  дегенхалық мақалын  еріксіз еске салады.