«Ақ жол» ҚДП және Қазақстанның Ұлттық индустриалды палатасы Хорватия Республикасының СIМ вице-министрі Йошко Клисович және ХР сауда-экономикалық палатасының Вице-президенті Весна Трнокоп-Танта бастаған Хорватияның бизнес-делегациясымен кездесті

» Халықаралық ынтымақтастық » «Ақ жол» ҚДП және Қазақстанның Ұлттық индустриалды палатасы Хорватия Республикасының СIМ вице-министрі Йошко Клисович және ХР сауда-экономикалық палатасының Вице-президенті Весна Трнокоп-Танта бастаған Хорватияның бизнес-делегациясымен кездесті

30.04.2013, 00:00

30 сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Кездесуге «Ақ жол» ҚДП-ның басшылығынан басқа, Қазақстанның Ұлттық индустриалды палатасы басқармасының төрағасы Тимур Нұғманов, Сауда-өнеркәсiп палатасының президенті Сабыр Есімбеков, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің Инвестиция жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Қайыров, кәсіпкерлер және салалық одақтардың өкілдері қатысты.
Азат Перуашев Хорватияның Еуропалық Одаққа толық құқықты кiруiмен хорваттық делегацияны құттықтап, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының делегациясы 2011 жылы желтоқсанда Брюссельде Еуропарламенттiң отырысында болып,  республиканың ЕО-қа сайлануына куә болды деп атап өтті.
– Сіздің елдің Еуроодаққа кіруі, көлiк инфрақұрылымның және бір қатар экономиканың табысты салаларының бар болуы ынтымақтастықты дамыту үшiн әлеуетті құрайды.
 Қазіргі таңда, Қазақстанда жиырмадан астам  хорват компаниялары фармацевтика, тамақ өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы салаларында жұмыс iстейдi, – дедi ҚДП басшысы. Екі ел арасындағы сауда айналымы 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда екі еседен астам өсті және  158,5 млн. долларды құрады. Әрине, бұл сандардың жеткіліксіз екендігі анық.
Қазақстандық компаниялар іс жүзінде хорват нарығында әлі жоқ. Бұрын Хорватияның отын-энергетикалық кешенінiң объектiлерiн жекешелендiруде отандық бизнестiң қатысу мүмкiндiгi талқыланған. Бірақ бірқатар себептермен бұл жобалар жүзеге аспай қалды. Сол уақытта, республикаға энергия тасымалдаушыларды жабдықтау бойынша көшбасшы Әзiрбайжан болды, ресейлiк компаниялар белсенді алға басып келеді. Хорватияның ЖІӨ кірісінің шамамен 20%-ын  құрайтын туристiк сала әрiптестiк үшiн келешегі бар келесі алаң болып табылады.
Сонымен қатар, қазақстандық бизнеспен жұмысты жандандыру үшiн мұндай бiр мәртелік делегациялар жеткiлiксiз.  Ықтимал серiктестермен қатынастарды жақсарту Хорватияның экономикалық әлеуетін түсiндiру бойынша ағымдағы жұмыстарды осы елдің елшілігі жүргізуі тиіс, ал ол Қазақстанда әзiрше жоқ – деді Азат Перуашев және бір қатар басқа еуропалық елдердiң елшiлiктерiнің Астанадағы белсендi жұмысын мысалға келтірді, ҚДП парламенттiк фракциясының көптеген еуропалық дипөкiлдiктерімен тұрақты байланыста екенін атап өтті.
Өз кезегiнде, Хорватияның сыртқы және еуропалық істері бiрiншi вице-министрі Йошко Клисович
жыл соңында күтiлетін Қазақстан Президентiнің  Хорватияға ресми сапарын  ұйымдастыру және iскерлік қатынастарды дамыту үшiн  қазақстан-хорваттық жұмыс тобын құру бойынша жоспарлары туралы хабарлады.
Хорваттық бизнесмендер бірқатар компанияларды және ауыл шаруашылығы, машина жасау, фармацевтикалық және тамақ өнеркәсiбi, кеме салу, туристiк бизнес, сондай-ақ Астанадағы EXPO-2017-ге дайындығы шеңберiнде жобаларды ұсынды.
Хорватияның Сауда-Экономикалық палатасының вице-президенті Весна Трнокоп-Танта қазақстандық демократтардың көшбасшысын және қазақстандық бизнестiң делегациясын жақын арада Хорватияға жауап сапармен келуге шақырды.