Таразда депутат М. Қазбекованың қатысуымен өткен әйелдердің саяси көшбасшылығының дамуы Дөңгелек үстелдің тақырыбы болды

» Санат жоқ » Таразда депутат М. Қазбекованың қатысуымен өткен әйелдердің саяси көшбасшылығының дамуы Дөңгелек үстелдің тақырыбы болды

04.04.2013, 00:00

4 сәуір 2013 жыл, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Таразда депутат М. Қазбекованың қатысуымен өткен әйелдердің саяси көшбасшылығының дамуы Дөңгелек үстелдің тақырыбы болды.
Іскер әйелдер қауымымен кездесу депутаттың Жамбыл облысына іссапары аясында өтті. Дөңгелек үстелге әйелдер –  ауыл округтерінің әкімдері, кәсіпорын басшылары және  кәсіпкерлер – қатысты.
Меруерт Қазбекова «Қазақстан – 2050» Стратегиясының орындалу барысы, алдағы уақытта өтетін  ауыл және ауыл округтерінің әкімдерін сайлау, сондай-ақ Парламент Мәжілісіндегі «Ақ жол» ҚДП фракциясының қызметі  туралы баяндап берді.
Әсіресе зейнеткерлік заңнамасына енгізілетін әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын 63 жасқа өзгерту мәселесі қатысушылардың басты назарында болды. Депутат жаңа зейнеткерлік стандарттарға кезең-кезеңімен өту және жалпы еліміздегі гендерлік саясат туралы айтып берді.
Кәсіподақ ұйымдары, Тараз қаласының Әйелдер клубы  жетекшілігінде
өз сөздерінде өзекті мәселелер көтерді.
Кездесу соңында қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап берілді.