«Ақ жол» ҚДП көшбасшысы Азат Перуашев партияның Алматы қалалық филиалының кеңсесiнде азаматтарды қабылдау өткiздi. Кездесуде үлескерлердің проблемалары, құқық қорғау органдары қызметкерлердің әрекетсiздiгі туралы айтылды

» Санат жоқ » «Ақ жол» ҚДП көшбасшысы Азат Перуашев партияның Алматы қалалық филиалының кеңсесiнде азаматтарды қабылдау өткiздi. Кездесуде үлескерлердің проблемалары, құқық қорғау органдары қызметкерлердің әрекетсiздiгі туралы айтылды

15.04.2013, 00:00

15 сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Мембағдарлама бойынша пәтер алу мәселесін шешуге көмектесуін сұрап «Бес толға» ТК үлескерлерінің атынан Татьяна Пак және тағы ондаған азаматтар келді. Алдын ала төлемдерін сонау 2007 жылы төлеп қойған адамдар әлі күнге баспанасыз қалып отыр.  Құрылыс үлесіне кiрген 200 адам проблемалық  үлескерлердің тiзiміне кірмей қалған – салушы-компания дағдарыс кезеңінде банкрот болмаған. Өтiнiш берушiлер, проблемалық кешенді банкке беруі мүмкін, ал ол ипотекасын уақытында төлеп отырған пәтерлерді басқа адамдарға сата бастайма деп қауіптенеді.
Тұрғын-үй мәселесiн мұғалiм Олег Левушин де көтердi. Өтiнiшпен Алматы қаласының тұрғын үй департаментiне мембағдарламамен баспана алуға көмек көрсетулеріне өтініш білдіріп барғанда,  отағасы коттедж алуға ұсыныс алған.
            – Алайда, барған кезде салушының үйдің қабырғасын ғана беретіні анықталды,- дейді Олег Левушин. – Тұрғын үйдің бастапқы құны – 7, 5 млн. теңге – коммуникациялауды, жөндеуді т.б. жүргізген соң кем дегенде екi есе өседі.
            Осыдан кейiн ол мембағдарлама шеңберінде несиелендіру мәселесімен Тұрғын үй құрылыс банкіне келді, бірақ  терiс жауап алды.
– Банктiң шарттары бойынша заем сомасының 50% жинау қажет. Адамдар бірнеше жылдар бойы депозитке қор жинайды, одан кейін банк – төменгі 4% пайызбен қалған жартысын беретін сияқты.  Алайда бұл пайызды есептеу барлық несие сомасына, заемшының өзi жинаған қаржысын қоса алғанда, өндiріледi. Онда не үшін қор жинау керек, егер одан кейін де банкке жоғары пайыздарды төлеу керек, оның ішінде өзіңнің еңбекпен тапқан және пайдасыз мөлшерлемесіне қойылған қаржың болса?! – деп қынжылады азамат – маған Тұрғын үй құрылыс банкіне 2%-бен депозитке салғанның орынына, осы ақшаларды бір-екі жыл бұрын 9-10%-бен екiншi деңгейдегі банктердің біріне салуыма болар еді ғой. Ал қазiр мен депозит бойынша 7-8%  кем алатыным аз болғандай, сонымен бірге маған өзімнің ақшам үшін де төлеуді ұсынады?!
Партияға мәселенiң шешiмiн іздеп келген Талғат Қошқымбаевты Алматы қаласы, Алатау ауданының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің  әрекетсiздiгі мазаландырады. Оның айтуынша, соңғы жылдары Ұлжан шағын ауданында ұрлық, тонау, қарақшылық шабуылдар жасайтын ұйымдасқан қылмыстық топ әрекет етеді. Шағын аудан тұрғындары полицияға, прокуратураға және IIМ-не бірнеше рет жүгінгендерімен, зейнеткердiң айтуынша, еш нәтиже бермеген.
 Жанаргүл Наситан ҚР Президенті жанындағы Кешiрiм жасау мәселелері жөніндегі комиссияға демократиялық фракцияның депутаттарының өтінішпен шығуын сұрады. Жанаргүлдің жұбайы Ерлан Наситан 2009 жылы екі досымен оған қарыз болған қытай кәсіпкерімен кездесіп дауласып калады. Дау төбелеске ұласып, төбелес кезінде Қытай азаматы өледі. Қылмысқа қатысушылар кісі өлтіргендерін мойындайды және  Е.Нистанның төбелеске қатыспағанын да растайды, бірақ оны 16 жылға бас бостандығынан айырып соттап отыр.
Жанаргүл күйеуінің жасаған қылмысына жазасы сай емес деп есептейді. «Әдейі кісі өлтіргендерді де 7-8 жылға соттап жатқандарын жиі естиміз. Неге менің күйеуімді соншалықты қатал жазалады? Иә, ол даудың себепкері болды, төбелеске қатысты, бірақ өзі кісі өлтірген жоқ. Ерлан тарихи отанына дәл сол Қытайдан келген, мүмкін ол үшін қатал жазаның себебі осы шығар? Мұндай жағдай  Қытайдың өзінде болғанда, мүмкін керісінше, онда олар өз азаматын қорғауға тырысушы ма еді?» – дейді ол.
Осы күні депутат барлығы жиырмадан астам сайлаушыларды қабылдады.
Азат Перуашев айтқандай, ол келіп түскен азаматтардың өтініштерінің барлығын «Ақ жол» ҚДП-ның заңгерлеріне беріп, көрсетілген құжаттарды мұқият зерттеуді және  уәкiлетті мемлекеттiк органдарға тиiстi сауалдарды дайындауға  тапсырады.