«Ақ жол» парламенттік фракциясының депутаты Талғат Ерғалиев Павлодар қаласының трамвай басқармасының ұжымымен кездесті

» Санат жоқ » «Ақ жол» парламенттік фракциясының депутаты Талғат Ерғалиев Павлодар қаласының трамвай басқармасының ұжымымен кездесті

09.04.2013, 00:00

9 сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Мейман трамвай басқармасының өндірісімен танысты, жаңа трамвайларды, өндірістік цехтарды, медициналық орталықты қарап шықты.
Кездесу барысында Парламент депутаты басқарма қызметкерлеріне «Ақ жол» партиясы фракциясының заң жобаларына, оның ішінде зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстары туралы, сондай-ақ бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жұмыс принциптері туралы айтып берді.
Жұмыс қорытындысы бойынша кездесуге қатысушылар  ҚДП фракциясының депутатына сұрақтар қойды.