«Ақ жол» ҚДП фрациясы – Электронды Парламент туралы идеяны іске асыру жоғары өкілді орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

» Санат жоқ » «Ақ жол» ҚДП фрациясы - Электронды Парламент туралы идеяны іске асыру жоғары өкілді орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

19.04.2013, 00:00

19 сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Электронды Парламент туралы идеяны іске асыру жоғары өкілді орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді  – «Ақ жол» ҚДП фрациясының жетекшісі Азат Перуашев ҚР Сенатындағы  парламентаризмді дамытудың болашағы туралы конференцияда сөйлеген сөзінің барысында  айтты.
  Қазіргі уақытта көптеген шетелдік елдерде электронды Парламент тұжырымдамасы кеңінен өріс алды.
Электронды демократияны дамытудың түрі ретінде электронды Парламенттің негізі идеясы Парламенттің палаталары өткізетін пленарлық отырыстарды және жұмыс топтарының заң жобаларын қарауды тікелей ғаламтор арқылы трансляциялауды жүзеге асыру болып табылады, – деді Азат Перуашев.
Электронды Парламент туралы идеяны іске асыру ҚР Парламенті қызметінің жоғары өкілді орган ретіндегі ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді,  азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың және бизнестің ҚР Парламенті Мәжілісімен ақпараттық өзара іс-қимылының тиімділігін арттырады,  сондай-ақ Парламенттің еліміздегі және халықаралық аренадағы беделі мен ықпалын нығайтады деп есептейді мәжілісмен.
ҚДП фракциясы депутаттарының пайымдауынша,  Парламент жұмысын сапалық жағынан жақсартуда, сондай-ақ Үкіметтің есебін; Үкіметтің жекелеген мүшелерінің орнынан кетуі туралы мәселесіне дейін көтере алатын Үкімет сағатындағы  министрліктердің және ведомстволардың есептерін Парламент Мәжілісімен бекітудің тәртібін заң жүзінде  бекітіп беру қажет.
Осыған байланысты, Азат Перуашев парламенттік барлық үш фракция депутаттарының қатаң сынына қарамастан ауылшаруашылық министрінің есебі қабылданған 2012 жылғы 12 қыркүйектегі үкімет сағатын еске салды.
Сонымен бірге, демократиялық фракцияның пікірінше, ҚР Үкіметімен дайындалған заң жобаларын талқылау мәселелері, оларды кері қайтару рәсімін қоса алғанда; ҚР Парламентінде саяси партиялар фракциялары мәртебесі және өкілеттігі; ҚР Парламенті депутаттарының қызметін БАҚ-да жариялау; депутаттардың сайлаушылармен жұмысы реттеуді талап етеді.