«Ақ жол» партиясының депутаттары қылмыстық сипаттан арылту туралы заң жобасын оның декларативті және формальды сипатта болғандықтан қолдамады

» Санат жоқ » «Ақ жол» партиясының депутаттары қылмыстық сипаттан арылту туралы заң жобасын оның декларативті және формальды сипатта болғандықтан қолдамады

14.03.2013, 00:00

14 наурыз  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Меморгандар жарнамалаған экономика саласындағы қылмыстарды қылмыстық сипаттан арылту туралы заң жобасы шын мәнінде бизнес-орта үшін практикалық маңызы жоқ және құқық қорғау органдарымен  Президенттің тапсырмасын орындағандары туралы есеп беру үшін ғана әзірленген – бұл туралы «Ақ жол» ҚДП жетекшісі Азат Перуашев 13 наурызда Мәжілістің Пленарлық отырысында мәлімдеді.
Ол заң дайындаушылардың демократикалық партияның депутаттарының кәсіпкерлердің мүддесі үшін әзірленген тұтас ұсыныстар пакетін қабылдамағанына әріптестерінің ерекше назарын аударды.
Азат Перуашев 6 жыл бұрынғы ҚК-тің 192-бабын  (жалған кәсіпкерлік) қылмыстық сипаттан арылту туралы талқылауды  мысал ретінде келтірді.
– 2007 жылы «Атамекен» Одағы осы ұсынысты енгізген, 2008 жылы бізге Әділет министрлігі ресми жауап беріп, онда бапты жою жөнінде қарсылық жоқ, бірақ мұны екі айдан кейін келесі заң жобасымен қарастыру  керектігін айтқан. Бірақ екі айдан кейін дайын еместіктеріне сілтеме жасап, тағы да келесі заң жобасын ұсынады. Осылайша, біз ұсынамыз, құқық қорғау органдары – шешім қабылдауды 2009, 2010, 2011, 2012 жылдарына ауыстырады. Сіздер тағы да дайын емес екендеріңізді айтасыздар, бизнес үшін бос және пайдасыз заң жобасын «көрсеткіш үшін» ұсынып отырсыздар, ал сіздерден кәсіпкерлер жылдар бойы сұрап және күтіп жүрген шешімдер ескерілмей қалуда. Сонда бұл заң кімдер үшін? Күштік құрылымдардың өздері үшін болуы керек, бизнес үшін емес екені анық.
Демократтардың парламенттік фракциясының жетекшісі, заңсыз кәсіпкерлік қызмет нәтижесіндегі шығынды анықтау жөніндегі; халық тұтынатын тауарларды шығарғанда кедендік процедураларды бұзғандары үшін қылмыстық жауапкершілікті айыппұлдарға ауыстыру туралы; және т.б. ҚДП-ның кәсіпкерлер үшін өзекті көптеген бастамаларымен де тура осындай  жағдай болуда.
 «Жалған кәсіпкерлік» деген қылмыс жоқ,  бұл елес, тоғышарлар үшін  жасалған құбыжық  – деп түсіндірді өзінің көзқарасын депутат. Біздің құқық қорғау органдары бұл сөзбен – қолма-қол ақша аудару және алып кету, мемлекеттік қаржылармен астыртын әрекет жасау және т.б. деп атайтын барлық қылмыстың құрамы – шын мәнінде Қылмыстық кодекстің басқа баптарындағы  салық төлеуден жалтару, бөтен мүлікті ұрлау, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық және т.б. жатады.
Бұл баптар бойынша біз қаржылық жазалауды да күшейтуді ұсынамыз. Бірақ біздің айбынды органдарымыз жалған кәсіпкерлік туралы бап арқылы нақты қылмыскерлердің және алаяқтардың жазасын, ешқайда тығылмай және барлық салығын уақытында төлейтін адал және ашық жұмыс істейтін кәсіпкерлерге артады – деді Перуашев.
Құқық қорғау органдарының бұл бапты жоюға қарсы нақты дәлелдері жоқ. Бірақ бұл өздерінің мүлт кеткендерін жабудың, қылмыскерлерді ұстаудың орнына, адал бизнеске қайта салық салу есебінен бюджеттің олқылықтарын жабудың тәсілі.
Демократтар көшбасшысы, 2012 жылы 25 мамырда бас прокуратура, Жоғары сот және қаржы полициясы өкілдерінің қатысуымен Әділет министрлігінің ведомствоаралық комиссиясында 192-бапты жою заң жобасына қосылғаны ресми мәлімделген болатын, бірақ содан соң бұл бастама құжаттан қайтадан жоғалып кетті.
Бұл мәселені 6 жыл созғанның нәтижесінде біз не алдық? –деп сұрайды «ақжолдықтар» – айыппұлдар және қайта есептеулер жалған кәсіпкерлемен  және жалған кәсіпкерлерге және олардың контрагенттеріне қана емес, сонымен бірге жалған кәсіпкерлерді көздерімен көрмеген олардың контрагенттерінің контрагенттеріне салынатын болды! Яғни, жағдай екі де емес, үшінші деңгейге ұлғайып барады!
Экономиканы жалған емес, нақты түрде  қылмыстық сипаттан арылту бойынша осы және басқа өзекті ұсыныстарды нақты шешпей еліміздегі бизнез-ахуалды жақсарту мүмкін емес. Сондықтан, заң жобасын осы қалпында қолдай алмаймын! – деп сөзін қорытындылады Азат Перуашев.
Заң жобасы бойынша дауыс бергенде азшылықта қалғандарына қарамастан фракция жетекшісінің көзқарасын «Ақ жолдың» басқа депутаттары да қолдады.