Маңғыстау облыстық филиалының қызметкерлері ауылдың тұрғындарымен кездесті

» Санат жоқ » Маңғыстау облыстық филиалының қызметкерлері ауылдың тұрғындарымен кездесті

06.08.2014, 00:00

06.08.2014ж. «Ақ жол» ҚДП Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
 
2014 жылдың 5 тамызы күні, «Ақ жол» ҚДП Маңғыстау облыстық филиалының заңгері  Қ. Көшбаев, маман А.Ж. Қорғанбаева және  «Даму» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының мамандарымен бірлесіп, Мұнайлы ауданына қарасты «Батыр» елді мекеніне кезекті іссапарға барып қайтты. Кездесу барысында «Батыр» селолық әкімшілігінің нұсқаушы маманы Ж.К. Суйевов ауылдың қордаланған мәселелерін айта келе, бүгінгі таңда өндірістік мақсатта ауылдағы 13 кәсіпкердің атқарып отырған қызметтерін атап өтті.
            «Даму» АҚ маманы О.С. Орынғалиев кәсіпкерлікті қолдау туралы бағдарламамен таныстыра келе, бүгінгі таңда ауылға қажет кәсіпкерлікті дамыту мақсатында грант  немесе несие алу жолдарының тиімді тұстары туралы толықтай мәлімет берді. Кездесуде жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлер көптеген мәселелерді ортаға салып, өз сұрақтарын қойды. «Ақ жол» ҚДП Маңғыстау облыстық филиалының заңгері  Қ. Көшбаев «Ақ жол» Демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалының парламенттік фракциясының ашылғандығын хабардар ете отырып, қазіргі таңдағы партияның алға қойған мақсат-міндетімен, атқарылып жатқан жұмыстарымен толықтай  таныстырып өтті.

                      

 «Ақ жол» ҚДП Маңғыстау облыстық филиалының заңгері  Қ. Көшбаев пен «Даму» АҚ                маманы О.С. Орынғалиев кәсіпкерлікті қолдау туралы бағдарламамен таныстыруда

           
       
    «Батыр» елді мекенінің кәсіпкер тұрғындары