13
Ақпан

Санат жоқ 13.02.2013

Жеңіл автокөліктердің техникалық байқауын алып тастау туралы «Ақ жол» депутаттарының ұсыныстарын Жол полициясы комитеті қарауға дайын

13 ақпан  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Жеңіл автокөліктердің техникалық байқауын алып тастау туралы «Ақ жол» депутаттарының ұсыныстарын Жол полициясы комитеті қарауға дайын – бұл туралы ЖПК төрағасы Берік Бисенқұлов Мәжілісте «Жол жүрісі туралы» заң жобасын таныстыру барысында «Ақ жол» депутаттары Меруерт Қазыбекова және Алмас Тұртаевтың сұрақтарына жауап бергенде мәлімдеді.
 «Ақ жол» фракциясының депутаттары жеке пайдаланудағы жеңiл автокөлiктер және мотоциклдер үшiн техникалық байқаудан өтуді алып тастауды ұсынғанын еске саламыз.
Фракция депутаттарының пікірінше, «қазіргі кезде көбінесе үстіртін өткізілетін техникалық байқау көлік құралдарының техникалық жарамдылығына маңызды әсері жоқ. Бұл көрсеткіштер көп жағдайда жеке көлігінің жарамды болуы үшін көлік иесінің жеке өзінің алаңдауы есебінен қамтамасыз етіледі». Сонымен қатар, талдау көрсеткендей, жеке автокөліктердің техникалық жарамсыздығының  салдарынан болған жол көлік оқиғалары туралы статистикалық мәліметтер жоқ деуге болады.
 «Ұсынылып отырған жеке пайдаланудағы жеңіл автокөліктер және мотоциклдер үшін техникалық байқауды алып тастау, көлік әуесқойларын пайдасыз ауыртпалықты рәсімдерден босатады және онымен байланысты әкімшілік кедергілерді жояды», - деп есептейді Фракция жетекшісі Азат Перуашев.
 «Ақ жол» Фракциясымен тиісті түзетулер дайындалған және көлік мәселесі жөніндегі заң жобасы бойынша Жұмыс тобының қарауына жіберілген. Алайда, Жұмыс тобының мүшелері бұл түзетулерді  «Жол жүрісі туралы» заң жобасы шеңберінде қарауды ұсынып отыр.
ЖПК төрағасы Берік Бисенқұлов депутаттардың сұрақтарына жауап бере отырып,  техникалық байқауды өткізу бойынша барлық мәселелер, оның ішінде әлемдік практиканың да зерделенгенін атап өтті. Оның айтуынша, кейбір елдерде жауапкершілік тікелей көлік құралдарының иелерінің өздеріне жүктелген.
 «Қазіргі уақытта жолаушыларды таситын көліктерге, жүк көліктеріне және жарылуға қауіпті заттарды таситын көлік құралдарына техникалық байқаудан өтуден бас тарта алмаймыз. Ал жеке тұлғалар бойынша біз диологқа дайынбыз», - деп атап өтті Жол полициясы комитетінің төрағасы.
Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы «Жол жүрісі туралы» заң жобасына ұсыныстар әзірлеуге кірісті.