Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің рөлі не: тұрғын үй алуға азаматтарға көмектесу ме, әлде бюджеттік қаражаттар және азаматтардың жинақтары есебінен пайда табу ма – «Ақ жол» партиясы Үкіметтен айқындап беруін сұрайды.

» Санат жоқ » Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің рөлі не: тұрғын үй алуға азаматтарға көмектесу ме, әлде бюджеттік қаражаттар және азаматтардың жинақтары есебінен пайда табу ма – «Ақ жол» партиясы Үкіметтен айқындап беруін сұрайды.

13.02.2013, 00:00

13 ақпан  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің рөлі не: тұрғын үй алуға азаматтарға көмектесу ме , әлде  бюджеттік қаражаттар және азаматтардың жинақтары есебінен пайда табу ма – бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысында Нұрлан Жазылбеков мәлімдеді. Премьер-Министр Серік Ахметовтің атына жолданған фракцияның депутаттық сауалында тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесіндегі қалыптасқан жағдайға байланысты сөз болып отыр.
Депутаттың ақпараты бойынша, тек 2011 жылы бюджеттік қаражаттан ҚТҮҚЖБ жарғылық капиталын өсіруге 57 млрд. теңгебөлінген болатын, одан 25 млрд. теңгетұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін азайтуға Үкіметпен қайта бөлінген.
2012 жылы «Қол жетімді тұрғын үй -2020» Бағдарламасы бойынша жылдық 1 % мөлшерлемесі бойынша банкке бюджеттік кредит беруге тағы 12 млрд. 200 млн. теңге бөлінген болатын.
Сонымен қатар, бағдарлама қатысушыларының салымдарына Банктің 2 % мөлшерінде сыйақысы белгіленген, ал коммерциялық банктердің депозит бойынша мөлшерлемесі  9 пайызға дейін жетеді.
Осы шаралар тұрғындардың әлеуметтік кең топтары үшін тұрғын үйлердің қолжетімділігін  арттырады деп болжамдалған. Алайда, бұған қарамастан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғын үй кредитінің құнын азайту бойынша өзінің әлеуметтік рөлін атқармай отырғанына «Ақ жолдың» депутаттары сенімді.
Бүгінгі таңда, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үй құрылыс жинақ ақшалары туралы 322 мыңнан астам шартқа отырған, жасалған шарттар бойынша салымдар сомасы 129,85 млрд. теңгені құрайды.
Басқаша айтқанда, салымшылардың осы депозиттерден жоғалтқаны жылына 7 пайызды   9 млрд.-қа жуық теңгені құрайды.
Алайда, жылдық 1 % мөлшерлемесі бойынша бюджеттен бөлінген қаражатқа және  жылдық 2 % мөлшерлемесі бойынша депозитке қолжетімділігіне қарамастан, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қарыздары бойынша жылдық сыйақысы 7,5-10 %  құрады.  Бұл ретте, 2012-2013 жылдардағы нақты кредит құны 11 ден 19 % құрайды. Бұл сандарды коммерциялық банктердің ипотекалық кредиттерінің құнымен салыстыруға әбден болады.
«Ақжолдықтардың» пікірінше, мұндағы айырмашылық тек  екінші деңгейлі банктердің қаржыны нарықтық жағдайларда тартуында, ал Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің іс жүзінде бюджеттік қаражаттар және азаматтардың жинақтары есебінен мөлшерленбеген пайда табуында болып отыр.
 «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ пайдасы шоғырландырылмаған қаржылық есеп-қисаптарына сәйкес 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2012 жылдың тек қаңтар-қыркүйек айларында 4 есеге дәл осы сәйкессіздіктер есебінен өскен.
Н.Жазылбеков салыстыру үшін Еуропадағы мөлшерлемелері 3-4 пайызды  және банктердің таза маржасы 1-2  %-дан аспайтын кредиттерді мысалға келтірді. «Бізде, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мемлекеттен бюджеттік кредиттерді 1  %, ал салымшылардың депозиттерінен – 2 пайыздан алады да,  15 % маржа табады – деп атап өтті депутат. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіпті «Қол жетімді тұрғын үй -2020» бағдарламасына қатысушылар үшін осы банкте 3 жылдан 15 жылға дейінгі уақытта  қаржы жинақтау және бағалаушы көрсеткіштеріне жеткен жағдайларда банкпен қарыз бойынша сыйақысы  мөлшерлемелері тек 1 %-ға азайтылып 6,5-8-ге дейінгі пайызды құраған. Бірақ бұл мүмкіндіктің өзінде жоғалтқан пайданың  жиынтық тұлғалануы 21 %  кем емес. Сонымен бірге қарыздар бойынша банктік сыйақы мөлшерлемелерінің азайтылуы, осы мөлшерлемелерді азайту туралы шешім қабылданғанға дейінгі жасалған шарттарға таратылмаған.»
Осыған байланысты, «Ақ жолдың» депутаттары: бұл банктің міндеті не? Егер пайда әкелу болса – онда мемлекет жоғарыда айтылған теңдесі жоқ көмекті және тегіншілік қаражатты көрсетпеуі тиіс. Онда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін жекешелендіру және нақты бәсекелі ортаға беру керек.
Егер оның міндеті тұрғын үй мәселесін шешуде адамдарға көмектесу болса – онда ол неге банктік қаржылар мен азаматтардың жинақтары есебінен жайдан-жай пайдаға батып  отыр?
 «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және сайлаушылардың мүдделерін қорғау жұмысын жалғастыра береді.