Жұмыспен қамту саясатының басты бағыттарын жұмыс беруші белгілеуі тиіс – Азат Перуашев

» Санат жоқ » Жұмыспен қамту саясатының басты бағыттарын жұмыс беруші белгілеуі тиіс - Азат Перуашев

20.02.2013, 00:00

20 ақпан  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
 
Жұмыспен  қамту саясатының басты бағыттарын жұмыс беруші белгілеуі  тиіс – бұл туралы Азат Перуашев ҚР Парламентінің Сенатында жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі «дөңгелек үстел» барысында мәлімдеді.
 «Жұмыспен қамтудың қазіргі саясаты көбінде формалды көрсеткіштерге бағдарланған, кәсіпорын мүдделерінен бөлек өмір сүреді және нақты жұмыс орындарын құруға ынталандырмайды, – деп атап өтті «Ақ жол» партиясының көшбасшысы және кездесетін сәйкессіздіктер туралы мысалдар келтірді. 2011 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында «туризм» мамандығы бойынша 30 адам оқыған болатын – олардың тек 10-ы жұмысқа орналастырылған, «тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша  389 адам оқытылды – жұмысқа тұрғаны 20, «фермерлік шаруашылық» мамандығы бойынша 236 адам оқытылды – 19 адам жұмысқа орналастырылды».
Оның айтуынша, қалыптасқан қиғаштықтардың нәтижесінде, кейде өзекті шаралардың өзі қағазда ғана орындалады. Ол жаңа жұмыс орындарын құруға арналған қаражатты игеру, оны жайдан-жай бөліп ал үшін  бизнесмендерге өз қызметкерлерін жұмыстан шығарып және сол мезетте «жұмысқа орналастырылған» сияқты қайтадан жұмысқа қабылдауды ұсынғандары туралы  БАҚ-да жарияланған жағдайларды еске салды.
Ол бұл саладағы, жергілікті жерлердегі жұмыспен қамту орталығын қоса алғанда, көптеген органдардың жұмыстарының тиімсіздігін атап өтті және «Жұмыспен қамту» бағдарламасын іске асыруды талдағанда осы орталықтар арқылы жұмысқа орналастырылған қазақстандықтардың жұмыс істеген мерзімдерінің ұзақтығы жөніндегі мониторинг жүргізуді ұсынды. «Олардың сол жұмыс орнында қанша уақыт жұмыс істегені туралы неге талдау жоқ? 2-3 айдан кейін олар жұмыстан шығып кетеді», – деп ескертті депутат. «Ақжолдықтардың» пікірінше мұндай орталықтар арқылы жұмысқа орналастыру, көбінесе қысқа мерзімді, әрі еңбек ақысы төмен. Ірі компаниялар оларға кадр іздеп өтініш білдірмейді, ал сауатты мамандар өздері-ақ мұндай Орталықтар арқылы жұмыс іздемейді. Сондай-ақ бюджеттік қаражат бөлінетін оқыту немесе жаңадан мамандандыру бағдарламалары да  іс жүзінде қадірін кетіріп болды, мұндай оқудан қызметкерлердің ешқандай да «біліктілігін көтеру» туралы айтуға болмайды.
 Азат Перуашев «дөңгелек үстел» қатысушыларына жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі «Ақ жол» партиясының пайымдауын ұсынды. «Біз,         жұмыспен  қамту саясатының басты бағыттарын жұмыс беруші белгілеуі  тиіс екеніне сенімдіміз, – деп атап өтті демократтардың көшбасшысы. Ең басты мақсат, жұмыссыздар құрғақ уәделер және хаттар емес, тұрақты жұмыс алатын, ал кәсіпорындар мамандармен толықтыратын сенімді жол және олар қажетті біліктілік деңгейіне жеткенше мемлекеттік қолдау алатын жұмыспен қамтудың тиімді жүйесін құру болу керек».
 «Ақ жол» ҚДП Еуроодақ елдерінің тәжірибесі бойынша бірқатар шаралар ұсынады. Олардың ішінде – жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерімен кәсіби стандарттарды әзірлеу. Қәзіргі уақытта оқу бағдарламалары білім беру мекемелерінің өздерімен дайындалған білім беру стандарттарының негізінде әзірленеді, соның салдарынан білім беру жүйесі нақты еңбек нарығының талаптарынан алшақтап кеткен.
Сонымен қатар, кәсіпорындардың студенттердің және кәсіби-техникалық оқу орындарының оқушыларының өндірістік практикасына шығындарына субсидиялау енгізу ұсынылады. Бұл практиканттар үшін арнайы оқытатын жерлерді құруға мүмкіндік береді, тәлімгерлік тәжірибені қайта жандандырады, кәсіпорын мен оқу орындары арасында тікелей  байланыс орнатады.
Жас мамандар мен жұмысшылардың сынақ мерзімін өту кезеңіндегі еңбекақыларын субсидиялау ұсынылады. Кәсіпорындардың біліктілігі жеткіліксіз жас мамандарға жоғары еңбекақы төлеуге мүмкіншілігі жоқ. Осы ұсынысты іске асыру оқу бітірушілердің компанияларға ұзақ мерзім тұрақтап қалуына мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, еш құпиясы жоқ, қазіргі уақытта жұмыс берушілер жабдықтарды бүлдіріп алуға қауіптеніп жас мамандардың жеткілікті машықтарының аздығынан оған жіберуге тәуекел етпейді. Сондықтан да жаңа бастаушы қызметкердің сынақ мерзімін өту кезеңінде кәсіпорын жабдығына залал келтіргені үшін жауапкершілігін сақтандыру «ақжолдықтардың» маңызды ұсыныстарының бірі болып табылады.
 «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы қатардағы Қазақстан азаматтарының мүддесіне сайлауалды тұғырнамасын іске асыру бойынша жұмысын жалғастыра береді.