Елді мекендердегі кездесулер жалғастыруда.

» Санат жоқ » Елді мекендердегі кездесулер жалғастыруда.

18.08.2014, 00:00

18.08.2014ж    «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі

15.08.2014ж. «Ақ жол» ҚДП МОФ заңгері Қушбаев, баспасөз хатшысы М.Жеткізгенова және «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының маманы О.Орынғалиев Маңғыстау ауданына қарасты Шайыр  елді мекенінде болып, жергілікті  тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Даму» АҚ маманы О.Орынғалиев кәсіпкерлікті қолдау туралы бағдарламамен таныстыра келе, несие алу туралы толықтай мәліметтер берді. Кездесуде жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлер көптеген мәселелерді ортаға салып, өз ұсыныстарымен бөлісті. Партия заңгері Қ.Кушбаев тұрғындардың көптеген сұрақтарына заң тұрғысынан жауап берді.  Сондай-ақ, баспасөз хатшысы М.Жеткізгенова Шайыр ауылының әкімі Ғ.Нұржаубаевқа «ХXI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жинағын табыстап, партияның бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігімен таныстырып өтті.
«Ақ жол» ҚДП МОФ заңгері Қ.Кушбаев жоспар бойынша 18-ші тамызда «Даму кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ мамандарымен бірге отырып Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен селолық округінде жергілікті тұрғындармен кезекті  кездесу өткізді. Кездесу барысында жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындар мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар жөнінде сұрақтар қойып, өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Ұсыныстардың дені құжаттар санын азайту, кәсіпкерлерге тиімді жақтарын қарастыру болып табылды.      
 «Ақ жол» партиясының заңгері Атамекен тұрғындарына  Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының ұйымдастыруымен   жыл сайын өткізілетін «ХXI-ғасырдағы Алаштың Ақ жолы»Жалпыұлттық байқауының өтілетіндігін және Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық Партиясының Маңғыстау облыстық филиалының парламенттік фракциясының ашылғандығын хабардар ете отырып,  қазіргі таңдағы партияның атқарылып жатырған жұмыстарымен таныстырып өтті.