«Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев бастаған бірқатар партия басшылары мен депутаттары іс-сапармен Жезқазған аймағына келді

» Санат жоқ » «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев бастаған бірқатар партия басшылары мен депутаттары іс-сапармен Жезқазған аймағына келді

30.10.2014, 00:00

Азат Перуашев: кәсіпкерлерді қолдауды, қорғауды жалғастыра береміз

Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты, «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев бастаған бір қатар партия басшылары мен депутаттары іс-сапармен Жезқазған аймағына келді.
Халық қалаулысы жергілікті шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесіп, кәсіпкерлік саласының даму қарқынымен танысты. «АҚ ЖОЛ» ҚДП басшыларымен және фракция депутаттарымен кездесуге жиналған Жезқазған және Сәтбаев қалаларының кәсіпкерлеріне Азат Перуашев: Жезқазған қаласы «моно қалалар» тізіміне кіреді, осы күні мемлекеттік бағдарлама бойынша қалаларыңызға қыруар қаражат бөлініп жатқанын білемін. Бүгінгі күні, жергілікті кәсіпкерлер сол бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты  тапсырыс алуға және табыс табуға мол мүмкіншіліктерге ие. Осындай, мемлекеттік тапсырмаларды, жергілікті билік басшылары жоспарлап жасаған тапсырмаларды жүзеге асыруға, жергілікті кәсіпкерлерді кеңінен тарту керек. Жергілікті кәсіпкерлерге басымдық беріп, оларды тендерлерге қатысуға тарту керек. Содан соң, мемлекеттік қаражатты игеру жұмыстарында жергілікті әкімшіліктер ашық саясат жүргізулері керек.  Мемлекет  қаражатын  жергілікті билік талан-таражға салды деген сөз тарамауы үшін, жергілікті басшылық жергілікті қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс  жасаулары керек деп ойлаймын. Әкімшіліктердегі барлық салаға қатысты жұмыстарды қадағалайтын комисcиялар тізіміне жергілікті қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар мүшелерін кіргізсе өздеріне дұрыс болар еді. Жұмыстармен еліміздің көп қалаларында боламын, байқағаным, мемлекеттен бөлінген транш ақшаны жергілікті билік өкілдері қаланың көркін көркейтуге жұмсайды. Ол да жақсы шығар, алайда жергілікті тауар өндірісін дамытатын жергілікті кәсіпкерлерді  ұмытпаса деп тілеймін. Жергілікті кәсіпкерлерді, өңірдегі фермерлерді ынталандырып, жеңілдікпен берілетін несилерді беру жолдарын қарап, несие алуға талап етілетін құжаттарды мейлінше азайтуымыз қажет. Осындай проблемаларды, қолдан жасалған тосқауылдарды азайтуға біз Парламент деңгейінде шешу жолдарын қарап ұдайы жұмыс жүргіземіз. Қазақстанда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде қазақстандық кәсіпкерлердің мыңдаған жобалары мемлекет тарапынан мақұлданып жатыр. Жаңа бизнес-бастамаларды, экспортқа бейімделген өндірісті қолдау және кәсіпкерлік секторды сауықтыру шеңберінде мемлекетіміз жеңілдеткен несиелер беріп жатыр. 
Үкіметіміз кәсіпкерлерді қолдауды, қорғауды жалғастыра береді. Кәсіпкерлерге ешкім кедергі келтірмейтін болады. Олардың алдына қойылған тосқауылдарға тиісті мемлекеттік органдар тойтарыс береді. Мына (ҚР Парламенті) жақтан да, біздің Парламенттік фракция да үкіметтің жұмыстарын қарап-қадағалап отырады.
Кәсіпкерлердің қойған сұрақтарына Азат Перуашев толыққанды жауап берді. Партия басшылары партияның ішкі жұмыстарына қатысты бағдарламамен келгендіктен Жезқазған қаласы филиалының жұмыстарымен танысу мақсатында кеңейтілген отырыстар өткізді. Сапар соңында, Астанадан келген қонақтарға жергілікті тарихи жерлерлерді көрсету ұйымдастырылды.
 
                                                                                       Жанат АСАНҚАЛИ
Жезқазған қаласы