24
Қазан

«Алаш» қозғалысы: зерттелетін тұс көп /Кенжекүл Нұрымбетова, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты/ - Президент жане халык

 «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалының ұсынысымен Ш. Ш. Уэлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұйымдастыруымен Алаш қозғалысына арналған дөңгелек үстел жуырда «Ғылым Ордасының» мәжіліс залында болып өтті.
'Алаштың ақ жолы' атты дөңгелек үстелдің басты мақсаты - Қазақстан қоғамын жаңғыртуда «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарастарын тарату. Алаш қозғалысының тәуелсіздік мұраттары үшін күрестегі рөлі мен маңызын, оның көшбасшыларының саяси-құқықтық, демократиялық, ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастарын, тұжырымдарын жаңа заманның талаптарына сай зерделеп, зерттеу.
Дөңгелек үстел жұмысына ғалымдар мен «Ақ жол» КДП Алматы облыстық филиалының мүшелері, сонымен қатар атақты тарихшы Е. Бекмахановтың баласы С. Е. Бекмаханов және дөңгелек үстел жұмысына қызығушылық танытқан көпшілік қауым өкілдері қатысты.
Кіріспе сөзінде Институт директоры т. ғ. д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі X. М. Әбжанов 70 жыл бойы Алаш қозғалысы бұрмаланып жазылып келгендігін, Алаш қозғалысын зерттегенде асыра сілтеу болмауы керектігі туралы айтса, Институттың бас ғылыми қызметкері, т. ғ. к. Қ. Алдажұманов «Алаш арыстары - сталиндік қуғын-сүргін құрбаны» атты баяндамасында, Алаш ардақтыларының бізге беймәлім тұстарының әлі де бар екенін айтып өтті. Баяндамашы PhD докторант М. Қ. Томпиев Үлкен Түркістан идеясына тоқталса, ал Ә. Бегедаев «Қазақстан тарихи дамуындағы Алаш (Қазақ) автономиясының үлесі» атты баяндама жасап, өзі жасаған диаграммамен таныстырды. Алаш ардақтылары, әсіресе А. Байтұрсынов туралы толғана сөз сөйлеген А. Байтұрсынов мұражай үйінің директоры, ф. ғ. к. Р. Имахамбетова мұражайдың қазіргі жағдайына тоқталды. «Арыс» қорының президенті F. Әнес Алаш идеясы туралы объективті шындықты халыққа жеткізу мәселесін қарастыруды ұсынды. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары, т. ғ. д. С Ә. Смағұлова өз сөзінде Алаш мәселесі зерттелмей жатыр деуге болмайды, зерттеулер жүргізіліп, біршама еңбектер жазылды, дегенмен, есімдері әлі де белгісіз немесе жоқтаушысы жоқ Алаш мүшелері көп, жаңа есімдерді табу, оларды зерттеу күн тәртібінде тұрғандығы жайлы баян етті. М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д. Г.Ж. Орданың «Алаш әдебиетінің зерттелуі», Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, т. ғ. д. Г. С Жүгенбаеваның «Алаш рухы және бүгінгі құндылықтар» тақырыбында жасалған баяндамалары тыңдалды. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының PhD докторанты А. Ә. Жүнісбаев Санжар Асфендияров және Алашорда қозғалысы жайында баяндама жасап, тарихтан сабақ алу керек деп өз ойын түйіндеді. Тарих ғылымы объективті зерттелуі керектігі туралы ойын пікір алмасу барысында ҚР ҰҒА академигі, т. ғ. д., профессор, Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері М.-А. X. Асылбеков білдірді.
Сондай ақ, дөңгелек үстел жұмысының соңында баяндамашыларға институт ғалымдарының биыл шығарған 10 кітабы таратылды. Олардың ішінде жас ғалым А. Жүнісбаевтың халқымыздың біртуар азаматы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Санжар Асфендияровтың өмірі мен қызметіне арналған «Санжар Асфендияров: өмірі мен қызметі 1889-1938 жж.) атты кітабының» I томы ұсынылды.
Дөңгелек үстел жұмысына қатысушылардың қабылдаған қарары F. Әнестің Алаш қозғалысына арналған дөңгелек үстел, конференциялар, әрбір облыс, аудандарда ұйымдастырылып, «Алаш күндерін» өткізу туралы ұсынысымен толықтырылды.
 
Дерекнама - Президент жане халык (Алматы), № 43 (477), 24.10.2014