«Ақ жол» партиясының депутаттары «Балаларға жақсылық сыйла!» атты ұранмен қайырымдылық акциясына қатысты

» Баспасөз жарияланымдар » «Ақ жол» партиясының депутаттары «Балаларға жақсылық сыйла!» атты ұранмен қайырымдылық акциясына қатысты

01.09.2014, 00:00

2014 жылдың 1 қыркүйегі, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Ақ жол» ҚДП-ның Батыс-Қазақстан облыстық филиалы «Балаларға жақсылық сыйла» ұранымен өткен республикалық «Мектепке жол» акциясына қатысты.  Оған облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттары, облыстық Кеңес мүшелері және партия белсенділері қатысты. Олар 2014-2015 оқу жылы қарсаңында және а.ж. 1 қыркүйегіндегі салтанатты жиындарға қатысып, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, жетім балаларға және қамқоршылар қарамағындағыларға оқу құралдарының толық жабдықтарын, мектеп портфельдерін және киім табыс етті.
Осы жылы «Ақ жол» ҚДП мүшелерінен мұндай көмекті облыстың орта білім беретін мектептерінің 100-ден астам оқушылары алды.
Партия филиалынан мектептердің тұрақты демеушілері, сонымен қатар «Мектепке жол» акциясына белсенді  қатысушылар «ПСП Серік» ЖШС (С.Р.Мерғалиев), «Домостроитель» ӨК (В.П.Власов), «А.С.Мерғалиев» ЖК (А.С. Мерғалиев), «Ақ болу» ЖШС (Ю.В.Казанин), «СВ плюс» ЖШС (Утебалиев С.Д.), «Магистраль» ЖШС (О.В.Лазаренко), «Карпов–Северный» ЖШС (Г.М.Жаңбырбаев) болып табылады. Балаларды мектепке дайындауда қолдан келерлік көмекті көрсетуге партия жақтастарынан 500. 000-нан артық теңге берілді. Өсіп келе жатқан ұрпаққа қамқорлық – біздің жалпы міндетіміз. Партия филиалының облыстық Кеңесі меценаттар ішінен бауырмал және жақсылыққа құштар жақтастарды тапқаны атап айтылды. Олардың қолдауы оқушылардың жан-жақты қабілеттерін олан әрі дамытуына қызмет етеді. Қайырымдылық акциялары туралы бейнесюжеттер ТДК-42 теле арнасы арқылы берілді.