12
Қараша

Санат жоқ 12.11.2014

Ақ жол' - Қолжетімді тұрғын үйдің құрылысы кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу болашақ тұрғындардың денсаулығы үшін қайтымсыз салдарларға әкеледі

2014 жылдың 12 қарашасы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Қолжетімді тұрғын үйдің құрылысы кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу болашақ тұрғындардың денсаулығы үшін қайтымсыз салдарларға әкеледі – бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысында кеше Екатерина Никитинская мәлімдеді.
«Қазіргі таңда республикада «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қолжетімді тұрғын үй бағдарламасы ауқымды іске асырылып жатыр. Тұрғын үй және өнеркәсіптік ғимараттардың құрылысы және пайдалану құрылысшыларға материалдық және энергиялық шығындарды оңтайландыру бойынша қатаң талаптар қояды. Материалдардың пайдалану сипаттары жоғары болуы керек: жылуөткізгіштігі төмен, ұзақ мерзімдік, беріктігі жоғары, отқа төзімді және барлық санитарлық-гигиеналық талаптар мен нормативтерге сәйкес келуі керек, - делінген Премьер-министр К.Мәсімовтың атына фракцияның депутаттық сауалында. – Ондай материалдардың қатарына заманауи автоклавты газобетон жатады. Газобетонның құрамына тек экологиялық таза табиғи құрамдастар кіреді. Өзінің экологиялық сипаттамалары бойынша газобетон тек ағаштан төмен бірақ өзінің басқа көрсеткіштері бойынша ағаштан әлдеқайда артық. Дәрігерлер оны стерильді құрылыс материалы деп санайды».
Газобетонның аз мөлшерлік салмағы оның аса беріктігімен салыстырғанда ғимаратқа түсетін жүктемені азайтады. Жанбаушылығы мен өртке қарсы тұрушылығының жоғары болуы сейсмикалық қауіпті аймақ  ретінде Қазақстан аумағында оны пайдаланудың қосымша артықшылығы болып табылады.
Алайда, сауалда көрсетілгендей құрылыс барысында автоклавты газобетон көбіне пенополистирольді панельдерге алмастырылады.
Мысал ретінде Алматы қаласында салынып жатқан «Асыл Арман» тұрғын үй кешені (бірінші кезек 2400 пәтер, екінші – 2800 пәтер) келтірілген. Жоспарланған автоклавты газобетонды қолдану құрылыс барысында құрылыс пен экология саласында барлық нормаларды бұза отырып       пенополистирольді панельдерге алмастырылған.
«Осындай үйлердің құрылысы болашақ тұрғындардың денсаулығы үшін орны толмас салдарларға алып келеді», - деп атап өтті Е. Никитинская. – Ресей  ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Гусевтің және оның әріптестерінің зерттеулерімен пайдалану кезінде пенополистиролдың 10-15%-на дейін бұзылатынын анықталған, бұл ретте бұзылған бөлік - 65% стирол, ол адамның бауырында жиналудың көтеріңкі қасиетіне ие, басқалармен қоса алғанда оның үстіне улағыш гепатитті тудыруы кәдік. Стиролдың микродозаларынан жүрек зардап шегеді, әйелдерде ерекше проблемалар тудырады».
Сауалда тағы да басқа мәліметтер келтірілген. БАМ-да пенополистиролмен жылытылған жылжымалы үйшіктерде өмір сүрген жас әйелдер көпшілігі бала туу қабілетін жоғалтқан. Белоруссияда осыған ұқсас жылытуы бар үйлерде 14-жасқа дейінгі балалар әдеттегі үйлерге қарағанда бес-алты есе жиі ауырады.
«Оның үстіне, өрт кезінде пенополистирол еріп, жанады, полистиролдың жану өнімдерінің уыттылығы жоғары және түтінді қоюлату  қабілетіне ие. Жанып жатқан пенополистиролдың температурасы 1100 градусқа жетеді, бұл қуатты метал конструкцияларының да қирауына алып келеді. Дәл осы қасиеттеріне байланысты полистирол напалмды бомбаларда, оның ішінде қарсыласының брондалған техникасын жою үшін, негізгі компонент ретінде қолданылады», - деп атап өтілген сауалда.
Пенополистиролды пайдалану тұрғындардың денсаулығына қатер төндіретінін және көптеген елдерде тиым салынғанын есепке ала отырып, «Ақ жол» фракциясының депутаттары қолжетімді тұрғын үй құрылысының сапасына белгіленген талаптарды сақтау мәселелері бойынша тексеру жүргізуді талап етеді.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және өзінің сайлаушыларының мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастырады.