Азат Перуашев Кентау трансформаторлық зауытының 55 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты

» Санат жоқ » Азат Перуашев Кентау трансформаторлық зауытының 55 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты

13.11.2014, 15:21

2014 жылдың 13 қарашасы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Ағымдағы жылдың 10 қарашасында «Ақ жол» ҚДП Төрағасы Азат Перуашев Оңтүстік Қазақстан облысында Кентау трансформатор зауытының 55 жылдығына арналған халықаралық конференциясына қатысты.
Кентау трансформатор зауыты (КТЗ) Alаgeum Electric холдингтік компаниясының құрамына кіреді. 1959 жылы негізі қаланған кәсіпорын КСРО ыдыраған соң, серіктестерінен айырылып, жалақы бойынша үлкен мөлшерде қарыздарға батып, банкрот жағдайында болды. Зауыттың жаңа тарихы 1997 жылдан Сейдолла Қожабаевтың басшылығындағы инвесторлардың келуімен басталды.
Осы жылдар ішінде менеджерлер іс жүзінде жаңа заманауи кәсіпорын құра алды. Зауыт өзінің жиынтықтық жылдық табысын 114 есе (100 млн.долларға дейін) өсірсе, 1 адамға өнім шығару 72 есе өсті (бір жұмысшы үшін 80 мың доллардан асты); өнімдік тізбек 17 есеге өсіп, электронды өнімнің 350 түрін құрады, олар ҚР-да да, шетелде де сатылуда. Өзінің мерейтойына зауыт  лайықты сыйлық жасады – отандық өнеркәсіп тарихында бірінші рет қуаттылығы 60 мың кВА-ға дейін, салмағы 110 тоннаға дейін болатын электрлік машиналардың сериялық өндірісін бастады, бұл қазақстандық өнеркісіптегі маңызды техникалық өрлеуді білдіреді.  Тағы бір ерекшелік – ТРДН-63000/115/11-11 У1 типті трансформаторлардың барлық толымдайтын жинақталымдары осы зауытта толық технологиялық кезең бойынша өндіріледі. Зауыт Кентау үшін қаланы қалыптастырушы кәсіпорын болып табылады.
КТЗ өнімінің 30%-дан астамын ондаған елдерге экспортқа жібереді, ал Қырғызстан және Тәжікстан нарықтарында оның өнімдері алдыңғы қатарлы болып табылады. Alageum Electric компаниясының негізін қалаушы Сейдолла Қожабаевтың атына Қырғыз Республикасының Энергетика министрі меройтойымен құттықтау хат жібергені, Қытайдан, Түркиядан, Италиядан, Португалиядан, Ресейден және т.б. келген серіктестер компанияға өздерінің ризашылықтары мен құттықтауларын білдіргені кездейсоқ емес.
Әріптестерін құттықтауға Қазақстанның ірі машина жасау зауыттарының басшылары да – Павел Беклемишев («Белкамит»), Жетпісбай Едігенов (Алматы ауыр машина жасау зауыты) және басқалар келді.
ҮИИДБ аясында отандық өндірушілерді қолдау шараларына, экономиканың шынайы секторын қолдау бойынша «Ақ жол» партиясы ұсынып жатқан ұсыныстарға арналған А.Перуашевтың сөзі шара қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырды, оның үстіне депутат және ҰКП-ның жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Кеңес төрағасы тендерлер мен техникалық реттеу бойынша таластарда Кентау трансформатор зауытының заңды мүдделерін қорғаудың нақты мысалдары туралы да айтып өтті. Талқылау басқа да жайттардың бетін ашты.
Мен мүмкін ұяттау дұрыс емес нәрсе айтып жатқан шығармын, бірақ экономика сезімтал зат емес – деп атап өтті Азат Перуашев, – негізінде, Ресей мен Батыстың өзара санкцияларының және РФ-да жүргізіліп жатқан импортты алмастыру саясатының фонында ресейлік нарықта бұрынғы жеткізушілер босатқан орынды алудың бірден-бір мүмкіндігі пайда болады. Бұл жерде тек ауыл шаруашылық немесе тағам өнімдері туралы ғана әңгіме болып отырған жоқ. Себебі, Украина Ресейге машина жасау өнімдерінің, күштік және электротехникалық жабдықтарды дәстүрлі жеткізуші болатын. Ресей бизнесі және осы нарықтан айырылған инвесторлар осында, Қазақстанда сондай өндірісті ұйымдастыруға мүдделі болады деп ойлаймын. Alageum Electric басшылығы ондай нұсқаларды қарастырып жатқандығын білемін және осы бағыттың келешегі бар деп санаймын‘.
 Одан басқа, депутат кәсіпорынның бірнеше жұмысшылары айтқан компания президенті Сейдолла Қожабаевты Еңбек Ері атағына ұсыну туралы бастамасын оң бағалады. 
Шынымен де бірнеше жыл бұрын Президент Н. Назарбаев елдің экономикасына көрнекті үлестерін қосқан адамдарды марапаттау үшін осы атақты тағайындаған болатын. Күйзеліске ұшырағын кәсіпорынды қабылдап алып, 14 жыл ішінде оның өндірісі айналымын 100 есе арттыру, өнімді басқа елдерге экспорттау, жұмыс орындарын екі есе арттыру, жастарды оқыту, өз артынан мыңдаған халқы бар қаланы алып жүру – менің ойымша бұл өте елеулі үлес.
Бізде Еңбек ерлері, ауыл шаруашылығы білім салаларында бар… Өңдеуші өнеркәсіп те, машина жасаушылар да осы атаққа лайық сияқты, бүгін осы залда зауыттарды көтерген және қазір индустрияландыруда үлгі  ретінде көрсетуге болатын бірнеше адамдар бар. Ұжым жетекшілік ететін меморгандарға жүгінуі керек, ал олар мұндай ұсыныс туралы ойланып көруі керек шығар‘ – деп санайды А.Перуашев.
Конференция барысында Қазақстанның әр түрлі қалаларынан келген кәсіпорындар жетекшілерінің бір тобы жақында мәжілістен қабылданған салық кодексі мен жалған кәсіпкерлік мәселесін шешкендері үшін депутаттарға айрықша ризалығын білдірді.
Сегіз жыл бойы сіз біз үшін өзіңіздің жақындарыңыз үшін күрескендегі айқасыңыз және түптеп келгенде әділетсіздікті түзеттіңіз – деді Павел Беклемишев – сөзбен ғана емес, ісіңізбен де қолдағаныңыз үшін рахмет‘.