13
Қараша

Азат Перуашевтің Орталық коммуникациялар қызметіндегі сөздің тезистері

         
- «Нұрлы жол»  жаңа экономикалық саясаты - бұл қазіргі сын-қатерлерге Назарбаевтың жауабы, дәлдеп айтқанда экономиканы жаңа пішінге көшіре отырып, қауіп-қатерлерді ел алдындағы жаңа мүмкіндіктерге айналдыруға бағытталған.  
Әрқашандағыдай  күтпеген жерден және нысанаға дөп тиіп отыр.
Мен мұндай стильді «Назарбаевтың рапирасы» деп атар едім, бокста және семсерлесуде де көптеген әдістер қарама-қарсы жүріс пен қарсы соққыларға негізделеді. Контрциклдық әдіс – бұл  экономикада мақсаткерліктің және қарсы синергияны пайдаланудың осындай қағидаттарын қолдану.
Нарықтық реформалар, алғашқы инвестицияларды тарту, ұлттық валютаны енгізу кезеңінде де осылай болып еді. 2008-2009 жылдарда да осылай болды, бүкіл әлем дағдарыс қыспағынан қалай шығамыз деп жатқанда біздің Президентіміз тұрақсыздықтың ең күшейген кезінде индустрияландыру бағдарламасын бастап, экономиканы  жаңғыртуға және әртараптандыруға, сол арқылы оны жаңа деңгейге шығару міндеттерін қойды.         
Жолдау тек бізде ғана жаңғырық тудырған жоқ. Кеше маған Жолдау бойынша сұрақтары бар мәскеулік тілшілер хабарласты, осыған қарап басқа елдерде де осы құжатты мұқият зерттеп жатқандықтарын айтуға болады.
 
 Бұдан көп бұрын Президент мұндай жұмылдыру мен икемді оңтайлы әрекеттердің жасағанын атап өтуіміз керек. 
Сол кездегі Ұлттық қорды құрудың айналасындағы пікірталастарды еске алуға болады. Көптеген саясаткерлер мен сарапшылар қордағы қаражаттарды шоғырландырмай, оларды азаматтарға бөліп беруді ұсынған еді. Тіпті іс жүзінде бұл әр адам үшін бір жылға 17 мың теңгеден келетіндігін де есептеген екен.
Бүгінгі күнде 17 мың теңге деген не? Оларды әлдеқашан ішіп-жеп, тойларға жұмсап, оны байқамай да қалушы едік.
Және мұндай шығындарды Ұлттық қордың бүкіл елді қолдау және ашып жатқан мүмкіндіктерімен салыстыруға келмейді ғой, сақталған және инвестицияланған қаражаттар арқылы экономиканы және жұмыс орындарын сақтауды қолдау жүріп жатыр.  
Есесіне бүгін дәл сол сарапшылар Ұлттық қордың құрылуына өздерінің қатысқандығын мақтанышпен айтып жүр. Жеңістің иегерлері көп деген осы шығар.
– «Ақ жол» партиясында Президент жолдауын сол күні-ақ фракция отырысында, барлық облыстық филиалдардың қатысуымен, бейнеконференция режімінде талқылады.
Осындай қадамдарға барудың бір жағынан – амалсыздықтан, екінші жағынан – басқарылуы тиістілігі мен оң ықпалы болатындығынан жалпы түсінік бар.
«Таңдау саналы қажеттілік» – менің пікірімше, дәл осындай жағдайға байланысты айтылса керек. 
 
– Сыртқы әсерлер: Батыстағы дағдарыстың жалғасы. Батыс пен Ресейдің өзара санкциялары, сауда және нағыз соғыстар. Энергоресурстар мен шикізаттарға бағаның құлдырауы. Бюджет кірістерінің төмендеуі – бұлардың бәрі бізді таңдау жасауға итермелейтін қиындықтар.
Осыған ұқсас жағдай 2007-2008 жылдары орын алған еді, сол кезде біздің 2008-2009 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы бағдарламамыз әлемдегі ең сәтті бағдарламалардың бірі болды.        
Бірақ қазіргі таңда жағдай бұдан да күрделірек.
Сол үшін шаралар да едәуір ауқымды.  
 
Нақты айтар болсақ, Парламентте бизнестің дауысы болып табылатын «Ақ жол» партиясы Жолдаудың осындай шараларын сөзсіз қолдайды:
- экономиканың шынайы секторына – тағам, химия өнеркәсібі, машина жасау, қызметтер саласындағы шағын, орта ірі бизнесті несиелеу үшін   100 млрд. бөлініп отыр.
ЖІӨ-дегі ШОБ үлесін 2050 жылға дейін 50 %-ға дейін ұлғайту міндеті алдымызда тұр. АБР, ЕДҚБ, Бүкіләлемдік банктің 155 млрд. теңге сомасындағы несиені пайдалану.
 
Бұл өте өзекті мәселе. Еске салайын, а.ж. 3 наурызында осында ОКҚ брифингте біз шағын және орта бизнесті қолдау туралы Президент Н.Назарбаевтың тұрақты бастамаларын қолдау үшін «Ақ жол» партиясы «Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасын дербес дайындап,      а.ж. 31 қаңтарында Үкіметке енгізгені туралы хабарлаған болатынбыз, онда біз ШОБ-ті іс жүзінде қолдауда қазіргі кезде орын алып отырған диспропорция ұсынған едік.
Егер Президент шағын және орта бизнесті, шегелеп айтқанда – орта бизнесті  қолдауға нақты шаралардың қабылдануын үнемі талап ететін болса, іс жүзінде қолдау тек шағын кәсіпорындармен шектелетіндігі туралы сөз болып тұр. Заңнамаға тек шағын бизнес үшін ғана артықшылықтар енгізіліп жатыр: бұл салық кодексіне де, мемлекеттік сатып алулар туралы заңға да,   қандай да бір қолдау шараларын көздейтін кез-келген басқа да актілерге қатысты.
«Ақ жол» фракциясының 2013 жылғы 19 желтоқсандағы депутаттық сауалынан мысал келтірейін, онда біз ШОБ-ті қызметінің бірінші жылдарында тексерулерден босату туралы мәселе қозғаған болатынбыз. Оған бұрынғы Үкімет «тек шағын кәсіпкерлік субъектілерін ғана тексеруден босату туралы позицияны ұстану орынды» деп жауап берді.
Осы арқылы біз шағын бизнестің әрі қарай орта және ірі бизнеске өсуге деген ынтасын төмендетеміз. Кәсіпкерге аз салық төлеу үшін бір қызметті бірнеше ЖК-ге бөліп тастаған әлдеқайда тиімдірек. Бұл бизнесті ұлғайтудан бас тарту, онсыз экономиканың инновациялық және технологиялық дамуы мүмкін емес; бұл Президенттің осы Жолдауда аса маңызды міндеттердің бірі ретінде айқындаған инвестициялардан бас тарту.
 
Себебі шағын бизнес – бұл көбіне сауда, қызметтер саласы және шаруа қожалықтары. Жүздеген мың адамдарды жұмыспен қамтып отырғандығы үшін оларға да мемлекеттік қолдау қажет.
 
Бірақ экономиканы индустриаландыру және технологиялық даму, ішкі нарықтың импортқа тәуелділігін жою өңдеуші кәсіпорындар мен орта бизнессіз мүмкін емес, ендеші бұларды қолдаудың маңызы арта түседі. Ал дайын өнім өндіретін өңдеуші өнеркәсіптің кез-келген кәсіпорыны, жабдықтардың құны мен өндірістік инфрақұрылымның құнына байланысты объективті себептер бойынша шағын кәсіпорындардың аясына сыймайды және орта компания деңгейінен басталады.
Еуроодақта да, БСҰ көптеген елдерінде де және тіпті біздің Кедендік Одақ бойынша әріптестеріміз – Ресей мен Белорусияда да тек қана шағын емес, сонымен бірге орта кәсіпкерлікті қолдау  заң деңгейінде іске асырылады.
 
Сол себепті «Ақ жол» партиясы орта бизнесті қолдау бойынша нормаларды Кәсіпкерлік кодексінің жобасына арнайы бөлім ретінде қосуды ұсынады, оны біз жақын арада күтіп отырмыз.
 
Біздің 5 қарашадағы депутаттық сауалымыз да өңдеуші салалар мен тұтыну тауарларын өндірудегі салмақты орны бар,  дәл осы – орта бизнесті қолдау тақырыбына арналған болатын:
«12 маусымда Инвестициялық ахуалды жетілдіру туралы Заңға қол қойылды, онда капитал салымдарының 30% -ын қайтару, КТС-нан босатуды және т.б. қоса алғанда өңдеуші өнеркәсіпке шетелдік инвестициялардың теңдессіз шараларын көздейді.
Алайда, аталған пұрсаттарды (преференцияларды) пайдалану 2 млн. АЕК-тен (яғни 20 млн. АҚШ доллары) кем емес мөлшердегі инвестиция өлшемдерімен шектелген, яғни тек ірі компаниялар үшін. 
Аталған тәсілдеме біздің экономикамыздың ерекшеліктерін және ірі жобалар көбіне экономиканың өңдеуші секторында шоғырландырылғандығын есепке алмайды.
Өңдеуші сектор кәсіпорындары, кейбіреулерін қоспағанда, орта бизнеске жатады. Наубайхана, кондитерлік, тігін цехтары, құрылыс материалдарын өндіру және т.б. сияқты осындай объектілердің көпшілігінің құны әдетте 3-7 млн. АҚШ долларынан көп емес (бұл кәсіпкерлік тәуекелдерді азайтуға және қиындықтарға икемді жауап беруге мүмкіндік бере отырып, олардың артықшылығы болып табылады).
Алайда, қабылданған Заңның талаптарына сәйкес, олардың барлығы қарастырылған пұрсаттардың шеңберінен тыс көрсетіледі.
Бұдан шығатыны, жаңа пұрсаттармен тек жекелеген кәсіпорындар, көбіне өндірістік қолданыстағы өнімдерді шығаратын кәсіпорындар пайдалана алады, ал дайын тұтыну тауарларын шығару ондай қолдауға сүйене алмайды.
Бұл ретте, біз жекелеген кәсіпорындардың отандық экономика құрылымын өзгерте алмайтынына нық сенімдіміз. Шикізаттық бағдардан кету және табысты даму үшін ірі бизнесте ғана емес, орта бизнес арасында да көптеген заманауи өңдеуші компаниялар керек».
 
Осыған байланысты «Ақ жол» ҚДП фракциясы бұл  пұрсаттарды алу үшін ең төменгі шекті 20 млн. доллардан 5 млн. долларға дейін түсіру жолымен орта бизнеске инвестицияның  пұрсаттарды таратуды ұсынды. 
 
Жолдауды орындау барысында бұл мәселе назарға алынады деген үміттеміз. Тіпті Елбасы берген тапсырмалардың бірінде, сөзбе сөз айтсақ, былай делінеді: «ШОБ-тің өндірісін дамыту мен қосымша инвестицияларды таратуға бағытталған жаңа индустриялық аймақтарды өңірлерде салу мәселесін тыңғылықтыру керек».
 
Одан басқа, орта бизнес алдыңғы қатарда болатын тұтыну тауарларын өндіру біршама деңгейде ұлттық экономикалық қауіпсіздік деңгейін анықтайтынын және елдегі тұтыну бағдарларының деңгейімен байланысты инфляциялық үдерістерге тікелей әсер ететінін есте сақтау керек.
Егер жалпы қаржылық жағдайды сауықтыру туралы айтатын болсақ, онда Проблемалық несиелер қорына 250 млрд. теңгені жіберу сияқты Президенттің шешімі бағытталған.                      
Қаржылық сектор өте маңызды, онсыз экономикалық даму мүмкін емес. Бірақ ол экономиканы шектемей,  өзі де дамып,  экономиканы да дамыту керек. Бүгін, өкінішке орай, осындай да тенденциялар бар. Қаражаттарды бөлумен бірге банктерді сенімсіз қарыздарды жоюға ынталандыру керек.
ПНҚ шығындардың өтемақысы, немесе, тіпті олардың жартылай өтемақысы төлену әлеуеті бар несиелерді ғана сатып алуы керек. БҰЗҚ – болашақ зейнеткерлердің жинақтарын басқарудың тиімділігі туралы біздің жақындағы сауалымыз. Кеше Ұлттық банктен жауап алдық, зерделеп жатырмыз.
-Мүмкіндіктердің ұлғайтудің шынайылығы, сыртқы қауіптерді өсудің ішкі резервтеріне көшіру жайында – нақты мысал. 
Осы аптада мен ОҚО-дағы Кентау трансформатор зауытының 55-жылдығына арналған конференцияға қатыстым.   
Оң тенденциялар: 14 жыл ішінде айналымның өсуі 114 есе, ондаған елдерге экспорт.
Бұл Президенттің индустрияландыру бойынша саясатының нәтижесі:  7%-дық несиелер  (субсидиялар арқылы), моноқалалар бағдарламасы бойынша – до 1% дейін.
Қазір – жаңа перспективалар – Өзара санкциялардың нәтижесінде Ресейден ығыстырылған өнімдерді алмастыру.
Мен мүмкін дұрыс емес нәрсе айтып жатқан шығармын, бірақ экономика сезімтал зат емес. Негізінде, Ресей мен Батыстың өзара санкцияларының және РФ-да жүргізіліп жатқан импортты алмастыру саясатының фонында ресейлік нарықта бұрынғы жеткізушілер босатқан орнынды алудың бірден-бір мүмкіндігі пайда болады. Бұл жерде тек ауыл шаруашылық немесе тағам өнімдері туралы ғана әңгіме болып отырған жоқ. Себебі, Украина Ресейге машина жасау өнімдерінің, күштік және электротехникалық жабдықтарды дәстүрлі жеткізуші болатын. Ресей бизнесі және осы нарықтан айырылған инвесторлар осында, Қазақстанда сондай өндірісті ұйымдастыруға мүдделі болады деп ойлаймын. Бірқатар кәсіпорындардың басшылығы ондай нұсқаларды қарастырып жатқандығын білемін және осы бағыттың келешегі бар деп санаймын.
– Бұл ҮИИДМБ-ның бірінші бесжылдығының нәтижесінде қазақстандық экономиканың құрылымы біртіндеп өзгеріп келе жатқандығының қарапайым бір мысалы.
Біздің ішкі нарығымызды барлық әдістермен толықтыру үшін  2007-2008 жылдардың дағдарысына дейін іс жүзінде ашық экономика құрылды. Бұл іс жүзінде тұтынушылық тауарлардың өндірісінің, тіпті өнеркәсіптік қолданыстағы көптеген тауарлардың өндірісінің жойылып кетуіне алып келді.
2008 жылдың дағдарысы кезінде Н.Назарбаев индустрияландыру бағдарламасын бастады. Бұл шешім тек дағдарысты жеңуге ғана емес, кәсіпорындарды жаңғыртуға да, жаңа технологияларды енгізіп, біздің елімізде алдын өндірілмеген өнімдерді дайындауға да көмектесті.
 
 
– жол құрылысы: мультипликативті тиімділік. Құрылыс материалдары: құм, қиыршық тас, цемент, битум, арматура, техника, құрылыс қызметтері.
- 200 мың жаңа жұмыс орындары
– өнірлерді дамыту
 
– әлеуметтік міндеттемелердің сақталуы: балабақшалар, мектептер, жоғары оқу орындары
 
тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдемелер: мемлекет әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үйлерді салатын болады.
А.ж. 14 мамырындағы біздің сауал:
«Тұрғынүйқұрылыс жинақ банк» АҚ жүйесіндегі қалыптасқан проблемалар туралы «Ақ жол» партиясының депутаттары соңғы бір жарым екі жыл көлемінде көтеріп келеді, ал өткен жылы бұл жағдай Мемлекет басшысының әділ сынына ұшырады және қазіргі күні  «жіберген қателіктерімен жұмыс» жүргізілуде.
Қалай болғанда да, мемлекет тарапынан берілетін тұрғын үйдің жетіспеушілігі адамдарды ипотекалық несие алуға итермеледі.
Бүкіл әлемде, ипотека - мұны тіпті Европалық өлшеммен қарағанда да, жоғары табысты адамдар үшін тұрғын үй алу мүмкіндігі болып саналады.
Алайда біздің елде аз мөлшердегі табыстары бар азаматтар бұған баруға мәжбүр болып отыр, нәтижесінде ипотеканың шарттары оларды жоқшылыққа ұшыратып, дүние мүліктерінен айырып және әлеуметтік шиеленіске әкелуде.
Тіпті, бақуатты деген Европа мемлекеттерінің 60 және одан да жоғары % адамдары мемлекет салып берген және ұсынған жалдамалы пәтерлерде өмір сүреді.
Сондықтан да ипотекаға ең дұрыс балама тұрғын үй мәселесін мемлекеттік құрылыс есебінен шешу болар еді.
«Ақ жол» партиясы осы тәсілдемені Қазақстанда да пайдалануын шындап қолдайды. Бұл өте маңызд, өйткені қарапайым адамдардың мүдделерін көздеген бұл тапсырманы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі беріп отыр.
 
 
Ұлттық қор: бұдан бұрын қарастырылған мақсаттық трансферттерде және халықаралық қаржы институттарының қарыздарынан тыс «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру үшін 2015-2017 ж.ж. жыл сайын 3 млрд. доллар қосымша қаражат бөлетін болады.
 
қаражаттарды бақылау: парламенттік партиялар? Біздің 9 сәуірдегі сауал:
Президент Н.Ә.Назарбаев а.ж. 27 ақпанда кәсіпкерлікті қолдау бойынша кең көлемді мәлімдеме жасады. Мемлекет басшысы ол мәлімдемеде ШОБ тексеруге мораторий жариялау, бизнес омбудсмен қызметін бекіту және тағы сол сияқты жеке бизнесті қолдаудағы  бірқатар өзекті шаралармен қатар, кәсіпкерлікті қаржыландыруға аса ірі сомада  – 1 трлн. теңге бөлуді және жіберуді тапсырды, бұл 5 миллиардтан астам АҚШ долларына бара-бар. Бұл қадамның маңыздылығын айтып жеткізу мүмкін емес, өйткені жалғасып жатқан әлемдік қаржы дағдарысы және сыртқы заемдарға қол жетімділік қысқарған жағдайда, экономика үшін қаржыландыру маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Сонымен бірге, Президент бөлінген қаржының нақты өндіріс секторына жіберілуіне аса назар аударды.
 
Осыған байланысты, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы Сізге, құрметті Кәрім Қажымқанұлы келесі мәселелер бойынша жүгінеді:
- Көрсетілген қаражаттың барлығы тек қана өндіріс секторына жіберілетін бола  ма?
- Көрсетілген қаражаттың қандай бөлігі жаңа жобаларға, қаншасы қолданыстағы кәсіпорындарды қалпына келтіруге бөлінеді?
- Бөлінген қаражаттың қандай бөлігі банктік несиелерге субсидиялар арқылы емес, тікелей кәсіпорындарды қолдауға жіберілетін болады?
 
Бөлінген қаражаттардың қандай бөлігі банктік несиелерге субсидиялар арқылы емес, кәсіпорындарды тікелей қолдауға бағытталатын болады? және т.б.
 
Сол кезде «Ақ жол» ҚДП «осы шаралардың іске асырылуын парламенттік бақылауға алуды енгізу қажет деп санайтындығын, және оған қатысу үшін өз өкілдерін жіберуге дайын екендігін» хабарлады.
«Бұл ақшалар аспаннан түспегендігін, шындығында қазақстандықтардың еңбегі мен маңдайтерімен табылғандығын және олардың Қазақстан халқына тиесілі екендігін еске ұстау керек. Сол үшін бұл триллионда бір де бір «арамтамақ» теңге жоқ, олардың әрқайсысын барынша пайда әкелетіндей пайдалану керек».               
Бізге былай деп жауап берді: Комиссия құрылған, бірақ «Ақ жол» партиясының өкілдері онда жоқ.
Бұл белгілі бір сұрақтарды тудырады. Егер өте көп мемлекеттік қаражаттарды пайдалануды орындаушылар да, бақылаушылар да бір партияның өкілдері болатын болса, онда бұл көппартиялы Парламент кезінде қаншалықты дұрыс? 
 
- Мен КҰП-ның көлеңкелі экономика мен жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі кеңесті басқарамын. Бізге ұдайы кәсіпкерлер жүгінеді, және кейде біз сорақы жағдайларға тап болудамыз.             
- жекешелендірудің екінші толқыны: Президент ашықтық туралы айтса да, жауаптар жоқ. Коммерциялық құпия жекешелендіруге таралмауы тиіс.    
 
– «Ақ жол» депутаттары «Нұрлы жол» бағдарламасы үшін бөлінген қаражаттарды пайдалануды бақылау жөніндегі комиссияға барлық парламенттік партиялардың өкілдерін кіргізу туралы үндеухат дайындайды.     
 
 
Қаражаттарды жұмсауды бақылаудың бұдан да маңызы арта түседі, өйткені Мемлекет басшысы инвестицияларға салынған кәсіпорындар нақты жұмыс істеп, өнім шығаруы керектігін ерекше атап өтті. Салтанатты түрде ашылып, кейіннен абыройсыздықпен тасталып кеткен жобалардың - «шаруашылыққа қырсыздық ескерткіштерінің» уақыты өтті. 
 
Сол себепті алда жүретін дайындамалармен техникалық реттеу, өнімнің регламенттерін және ұлттық стандарттарын әзірлеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлу керек, сонда бұл өнімдердің бәсекелестік деңгейі жоғары болады, кез келген нарықтарда өтетін болады.  
Өткен аптада Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде біз осы тақырыпқа кеңейтілген отырыс өткіздік, ал дайындалған ұсыныстар Үкіметке жолданды.