13
Қараша

Елбасы қысылтаяң шақтан шығатын жаңаша жолды меңзеді – А. Перуашев - www.today.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының фракция жетекшісі Азат Преуашев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгін ел халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында айтылған қадау-қадау мәселелер мен тиісті ведомстволарға жүктелген тапсырмаларға қатысты ойларды өте маңызды деп санайтындығын білдірді.
– Қазіргі кезде жаһандық жағдайды бағамдай қарайтын болсақ, дүниеде орын алып жатқан кейбір қиындықтарға біз қанша жерден мықты ел болсақ та, жауап беруімізге тура келеді. Өйткені, бұл туралы Елбасының өзі бүгінгі Жолдауында айтты нақтылап тұрып атап өтті. Еуропада бітпей қалған қаржылық дағдарыс пен Украинадағы тұрақсыздық, кейбір араб мемлекеттерінде орын алып жатқан лаңкестік әрекеттер, Ресей мен Батыс елдері арасындағы санкциялық текетірестер үшін белгілі бір деңгейде Қазақстан да жауап береді. Өйткені, осылардың барлығы да біздің еліміздің экономикасы мен дамуына өзіндік ықпалын тигізбей қоймайтыны ақиқат. Мысалы, негізгі табыс көзінің басым бөлігі шикізат көздеріне байланған біздің ел үшін мұндай тұрақсыздық салдарынан бюджетіміз жұқаратыны сөзсіз. Осындай жайсыз жағдайда Мемлекет басшысының өзі тағы бір көрегендігін танытты деп ойлаймын. Ол өзінің қабілет қарымымен ел мен ердің сыналған сәтінде Елбасы өзінің өзгеше бір қабілетімен елге қысылтаяң шақтан шығар жаңа жолға бағыттады. Яғни, бұл жағдайдан біз тек қорғанып қана қоймай, экономикамызды жаңаша бір белеске шығуымыз керек, – деді Азат Тұрлыбекұлы.

Дерекнама - www.today.kz (Казахстан), 12.11.2014