19
Қараша

Азат Перуашев: Бюджеттің мұнайға тәуелділігі төмендемей, керісінше артуда

2014 жылдың 21 қарашасы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Бюджеттің мұнайға тәуелділігі төмендемей, керісінше артуда – бұл туралы Азат Перуашев Мәжілістің пленарлық отырысында «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»заң жобасын талқылау барысында мәлімдеді.
Төменде сөйлеген сөздің толық мәтіні келтіріледі.
 
Құрметті әріптестер, «Ақ жол» фракциясының 2015-2017 ж.ж. бюджет жобасы бойынша ұстанымын баяндауға рұқсат етіңіздер.
2015-2017 ж.ж. республикалық бюджетті қалыптастырудың негізгі қағидаттары Үкіметпен белгіленді, мәселен:
-бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету (мемлекеттің бұрын  қабылданған міндеттемелерінің өсуі және тапшылықтың өсуін тежеу жағдайларында),
-сондай-ақ мемлекеттің мұнайдан түскен жинақ ақшаларын  Президенттің «Нұрлы жол» Жолдауы аясындағы  ірі инфраструктуралық жобаларды іске асыру үшін тарту.
Сонымен бірге 2015 ж. республикалық бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің (997,1 млрд.тг) 2,1% көлемінде, 2017 ж. 1,7% (972,5 млрд.тг) дейінгі төмендеумен анықталған. Бұл айтарлықтай позитивті көрінуде, себебі ЖІӨ-ге 3% астам тапшылық қиындық ретінде мойындалады. 
Бірақ осы позитив негізінен мұнайдың кірісімен қамтамасыз етіледі.
Осылайша, бюджеттің мұнайлық емес тапшылығы 2014 ж. және 2015 ж. болжамға сәйкес 7%-дан артық көлемде (2014 жылға – 7,4%, 2015 жылға 7,8%) қаралған.
Және де, орындалатын индустрияландыру бағдарламаларына қарамастан, мұнайлық емес тапшылықты  қысқартудың орнықты үрдісі емес, керісінше – оның өсуі байқалып отыр. Осылайша, 2014 ж. бюджеттің нақтыланған мәліметтері бойынша мұнайлық емес тапшылық 2013 ж. (3 037,8 млрд.тг қарсы 2 123,5 млрд.тг.) қарағанда бірден 43% өсті; ал 2015 жылы оның өсімі тағы 12%-ға (3 406,6 млрд.тг. дейін) артады деп күтілуде.
Сонымен бірге назар аудару керек, соңғы үш жылда Ұлттық қордан кепілдендірілген соманың трансферті қарастырылған көлемнің ең шегіне жеткен, сол себепті жыл сайын ешбір негізді қосымша түзетусіз 15 %-ға көбеюде.
Бұдан басқа, соңғы үш жылда Ұлттық қордан мақсатты трансферттер түрінде тұрақты қосымша алу жасалған, олардың көлемдері елеулі өскен. Осылай, 2013 жылы мақсатты трансферт 26 млрд.теңгеге, 2014 жылы – 475 млрд. теңгеге тең, 2015 жылға – 707,5 млрд. теңгеге жоспарланған.
Барлық осы мәліметтер, өкінішке орай, бюджеттің мұнайға тәуелділігі төмендемей, керісінше артқанын куәландырады.
Біздің көзқарасымызша, тұтастай алғанда, бұл ағымдық режімде тек қана осы кіріс бөлікке ғана емес, сонымен қатар Ұлттық қордың өзінің жинағын жұмсап жіберудің қаупін тудырады. Аталған мәселе жеке қарауды қажет етеді деп санаймыз.
Жоғарыда көрсетілгендей, бюджеттік тапшылықтың ұдайы ұлғаюы, ең алдымен, бюджеттің шығындарына қатысты бюджеттің кіріс бөлігінің жеткіліксіздігінен туындаған.
Осылайша, болжам бойынша ағымдағы жылы шығындардың өсуі 16,2%, ал салықтық түсімдердің өсуі – 9% ғана құрайды. 2015 жылы шығындар тағы 9%-ға, ал салықтық түсімдер – 6%-ға ғана өседі.
Өз-өзімен бюджеттің тапшылығының бар болуы негативті болып та табыла бермейді. Экономика тіпті тапшылықтан ұтуы мүмкін, егер де кірістің жоғарылауын тудырып тұрған негізгі қаражаттар орта және ұзақ мерзімді өндірістің және қосымша құнның өсуін қамтамасыз ететін  салаларын дамытуға бағытталса. Егер де бағдарламалардың әкімшіліктері шығындардың өсуін «қаржылық жыртықтарды жамау», секторларды ЖІӨ өсуі тәуелділігінсіз бара-бар емес қолдау мақсатына жол берсе, онда бюджет тапшылығы және сонымен байланысты инфляциялық процесстер басқарылу шеңберінен шығып кету қаупі бар.
 
Салықтық түсімдердің өсіміне бағытталған ықтимал шараларға қатысты, келесі бірнеше ескертулерді жасау керек.
Бірінші, бюджетті іске асыру барысында, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттердің сомасынан ЖІӨ-нен 1,5-2%-дан кем емес көлемде  олардың табыстылығы және күтілетін салықтық аударымдарының өсуінің айқын индикаторларын белгілей отырып, нақты сектордағы инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға жіберген орынды.
Екінші, мемлекеттік субсидиялар және гранттарға салық салуды жою туралы мәселені қарау қажет деп санаймыз.
Бұл тәжірибе салықтық түсімдердің жалған өсіміне әкеліп соғады, бірақ шындығында мұндай өсім ештеңе бермейді, себебі ол осы бюджеттің шығындарынан өндіріледі.
Сол уақытта, субсидияларға салық салу экономикаға мемлекеттен көрсететін қолдаудың көлемін жасанды «ұлғайтады». Мәселен, «Жол картасы бизнесі 2020» бағдарламасының аясында озық технологияларды пайдалануға жаңа өндірістерді гранттық қолдауға корпоративтік табыс салығы және жаңа технологияларды пайдаланғаны үшін роялти салынуы тиіс, ол жиынтығында алынған қаражаттың 35% көлемде алуды тұспалдайды. Қорытындысында бизнеске дейін мәлімделген сомадан тек 65%-ы ғана жетеді.
Есесіне, мысалы, 2015 жылы тек осындай кірістерден тек КЖС бойынша 20 млрд.тг. шамасында алу жоспарлануда, солай болса да, оларды төлеу жүктемесі сол бюджеттің өзіне түседі. Мұндай әдемі сандардан және оны қаржылық, есептік және салықтық есептілігінің рәсімделуі бойынша көптеген бюрократияның қажеті не, егер де олардан кейін өнеркәсіптерге инвестициялық көмектің нақты көрінісін көру қиын болса?
Ары қарай. «Ақ жол» партиясы ұлттық валюта бағамының ауытқуының эксперттік-импорттық айналымдарға ықпалы  жеке зерттеуді талап етеді деп санайды.  Биылғы жылы орын алған девальвация айтарлықтай құрылымдық қозғалыстарға әкелді, және алдағы уақытта сұраныстың түсуі арқылы теңге бағамы инфляцияның параметрлеріне болжағаннан да артық қатты әсер етуі мүмкін. Девальвацияның инфляцияны үлкейтіп көрсету нәтижесінде ұзақ мерзімді болуы және импорттың құлдырауы бюджеттің жобасында  қаралғаннан да елеулі көлемде болуы мүмкін. Оған қоса, импорттық операциялар арқылы  инфляцияның одан арғы ұдайы өсу үдерісінің тәуекелділігі және бар.
Біздің экономикаға бүгінгі төніп тұрған негізгі қауіптер сырттан екенін түсінеміз және осы жағымсыз әсер Үкіметті Мемлекет басшысы Жолдауының аясында экономикалық бара-бар шаралар жасауға итермелейді.
Біздің көзқарасымызша, жақын келешекте 2015-2016 жж. оптимистік өсудің орнына, макроэкономикалық тұрақтылықтың (стагфляция) сақталуы бойынша шынайырақ сценарийді негізге алу қажет, ол несиелеуді, тұтынуды  бәсеңдететін, жеке инвестициялардың өсіп келе жатқан қауіптерді  қысқартатынын  есепке алуы тиіс. Мұндай тәсілдеме мемлекеттік шығындардың көлеміне және шынайы секторға мемлекеттік инвестициялардың параметрлеріне, соның ішінде инфрақұрылымдық мегажобаларға, сыни тұрғыдан қарауға мүмкіндік берер еді. Тұрақтылықты нығайту 2017 жылы экономикалық өсудің үлгісіне оралуға мүмкіндік берер  еді.
Мүмкін осындай, оптимистігі аз нұсқа осы бюджеттің жобасында ескерілген болар, қандай жағдайда оның жеке параметрлері осындай тұжырым жасауға әкеледі. Және Кәрім Қажымқанұлы да, сұрақтарға жауап бере отырып, сыртқы нарықтағы конъюктурлық жағдай, әсіресе бюджетті қайта нақтылауды жоққа шығармады.
 
Баяндалған ұсынымдарды есепке ала отырып, бюджет жобасын қолдауды ұсынамыз.