26
Қараша

Санат жоқ 26.11.2014

«Ақ жол» ҚДП жаңа саяси бағдарламасының жобасы Ақтөбе облыстық партия конференциясында мақұлданды

2014 жылдың 26 қарашсы, «Ақ жол» ҚДП Ақтөбе обылыстық филиалының баспасөз қызметі
        2014 жылғы 22 қараша күні Ақтөбеде, “Облыстық кәсіподақтар одағы” ғимаратының мәжіліс залында, “Ақ жол” ҚДП-сының, Ақтөбе филиалының облыстық партия ұйымы Конференциясы болып өтті. Конференция жұмысына «Ақ жол» партиясының Парламенттік фракциясының мүшесі Мәжіліс депутаты Талғат Ерғалиев, “Ақ жол” ҚДП-сы Орталық кеңесінің идологиялық жұмыс жөніндегі хатшысы Сәбит Байдалы, партия белсенділері шақырған қонақтар қатысты.
        “Ақ жол” ҚДП-сы орталық кеңесінің  идологиялық жұмыс жөніндегі хатшысы Сәбит Байдалы партияның жаңа саяси бағдарламасы жобасының маңызды тұстарына тоқтала келіп, “21-ғасырдағы Алаштың ақ жолы” атты кітаптың екінші шығарылымының таныстырылымын жасады,  бірнеше кітапты аудандардағы партия жұмысын үйлестірілушіне сыйлыққа берді.
         Келесі сөз кезегін алған, «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының жұмысы Президент Жолдауының негізгі   қағидаттары туралы Талғат Ерғалиев баяндама жасады.
         Конференцияда партияның жаңа саяси Бағдарламасының жобасы бойынша жасырын дауыс беру арқылы жаңа саяси Бағдарламаның жобасын тағы бір аймақтық партия ұйымы мақұлдады.