Нұрлан Жазылбеков Алматы облысының тұрғындарымен Президенттің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша кездесулер өткізуде

» Санат жоқ » Нұрлан Жазылбеков Алматы облысының тұрғындарымен Президенттің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша кездесулер өткізуде

04.12.2014, 00:00

2014 жылдың  5 желтоқсаны, «Ақ жол» ҚДП-ның Алматы облыстық филиалы
Мәжіліс депутаттары Нұрлан Жазылбеков және Серік Үмбетов Алматы облысының тұрғындарымен Президенттің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша кездесулер өткізуде.
Кеше депутаттар Жамбыл ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесу аудандық әкімшіліктің ғимаратында өтті.
Депутаттар Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы басым бағыттар және мемлекеттің алдына қойылған жаңа міндеттері туралы айтты.

«Мемлекет басшысының Жолдауы қойылған міндеттердің айқындығымен және шынайылығымен ерекшеленеді. Таянып келе жатқан қаржы-экономикалық қиыншылықтар кезеңінде Президент қаржыны экономиканың өсуіне үлкен мультипликативтік тиімділік беретін салаларға қайта бағдарлауды тапсырды. Бұл біздің елімізде транспорттық-логистикалық, индустриалдық және энергетикалық инфраструктуралардың дамуы», – деп атап өтті Н.Жазылбеков.
Бұл күні депутаттар осы ауданда туған аға ақындардың бірі Үмбетәлі Кәрібаевтың әдеби-мемориалдық музейіне барды. Оның ән шығармашылығы сонау жиырамасыншы жылдардан-ақ кең таралған еді. Кәрібаев – айтыстардың тұрақты қатысушысы, шығармашылық сайыстардың бір неше дүркін жеңімпазы.

Үмбетәлі Кәрібаевтың әндері 1934 жылдан бастап жариялана бастады. Оның бірінші өлеңдер жинағы 1945 жылы жарық көрген болатын. Бір жылдан соң ақынның әртүрлі жылдардағы үздік шығармалары енгізілген екінші жинағы жарық көреді, ал 1951 жылы – үшінші жинағы басылып шығады. 1962 жылы «Жазушы» баспасы Ү.Кәрібаевтың өлеңдері мен әндерінің тағы бір жинағын оқырмандарға тарту етті. Оның үздік айтыстары «Дала жырлайды» республиканың халық ақындары шығармаларының жинағына енді.
 Ү.Кәрібаев өзінің ұстазы Жамбыл Жабаевтың ауызша шығармашылығының сақталуына баға жетпес үлес қосты.
Депутаттар Қазақстан халқына Жолдаудың негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша жұмысын жалғастырады.