13
Қараша

Санат жоқ 13.11.2014

ҚДП-ның Батыс Қазақстан облыстық партиялық ұйымы «Ақ жол» партиясының жаңа саяси бағдарламасы жобасын қолдады

2014 жылдың 4 желтоқсаны, «Ақ жол» ҚДП-ның БҚО филиалы
ҚДП-ның Батыс Қазақстан облыстық партиялық ұйымы «Ақ жол» партиясының жаңа саяси бағдарламасы жобасын қолдады. Ағымдағы жылдың 29 қарашасында Оралда «Ақ жол» ҚДП филиалының облыстық есептік-сайлау конференциясы барысында бағдарлама жобасын талқылау болып өтті. Бағдарламаның айрықша резонансты қағидаттары, сонымен қатар жоба бойынша тұтастай партияішілік жасырын дауыс беру ұйымдастырылды.



Конференцияда Облыстық кеңестің екі жылдық жұмысының есебі тыңдалып және талқыланған болатын. Конференцияға қатысушылар филиал төрағасы Серік Мерғалиевтің  басшылығындағы Облыстық кеңестің қызметіне оң баға берді. Конференция делегаттарымен 2014 жылғы облыстық филиалдың және филиал аппаратының серпінді қызметі атап өтілді.
Алдағы екі жылдық кезеңге «Ақ жол» ҚДП-ның БҚОФ-ның төрағасы болып  тағы да «Серік ПСП» ЖШС-нің бас директоры Серік Мерғалиев бір ауыздан сайланды.     Сондай-ақ партияның Облыстық кеңесінің жаңа құрамы сайланды. Конференцияға қатысушылар Кеңестің одан арғы  жұмысының бағдарламасын мақұлдады, филиал қызметінің басым бағыттарын бекітті.
Облыстық конференция жұмысында 102 делегат, Орталық кеңес мүшелері: Мәжіліс депутаты Нұрлан Жазылбеков және Ұлттық зерттеу институтының директоры Бөріхан Нұрмұхамедов қатысты. Қонақ ретінде конференцияға облыстық және Орал қаласының атқарушы органдарының, БҚО Қазақстан халқы ассамблеясының, БҚО Кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің, ЖОО-ры және БАҚ жетекшілері шақырылған болатын.