11
Желтоқсан

Санат жоқ 11.12.2014

«Ақ жол»: Экспорт рәсімдерін өткізу бойынша неге біз әлемде соңғы орынды иеленеміз?

2014 жылдың 11 желтоқсаны, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол»: Экспорт рәсімдерін өткізу бойыншан еге біз әлемде соңғы орынды иеленеміз?– осындай сұрақты «Ақ жол» депутаттары қояды. Премьер-министр К.Мәсімовтың атына жолданған фракцияның тиісті депутаттық сауалын кеше Мәжілістің пленарлық отырысында Н.Жазылбеков жариялады.
Естеріңізге салайық, Doing Business-тың 2014 жылға арналған жаңа баяндамасында Қазақстан бір табан артқа жылжып, 77 орынды иеленді. Елдер қолайлы жағдай бойынша бизнесті жүргізуде 1-ден 189 аралығындағы көрсеткіш бойынша сап түзейді. Бизнесті жүргізу жеңілдік индексінде, жоғары позиция  басқаруға қолайлы реттеуші климат бизнесті жүргізуге оң әсер ететінін білдіреді. Индекс он индикаторлар бойынша елдің орташа көрсеткіші болып табылады.   Баяндамаға сәйкес, бір жылда Қазақстан мынандай өлшемдер бойынша «жеке меншікті тіркеу» (рейтингте 14-орын, +4 позиция), «Келісім-шарттардың орындалуын қамтамасыз ету» (30-орын, +5 пунктттер) және «Төлем қабілетсіздігіне рұқсат» (63-орын, +19 пункттер)  жағдайын жақсартқан.
«Халықаралық сауда» критерий бойынша рейтинг көрсеткіштері  қауіптенуді тудырады (189 елдің ішінде 185-орын), - деп атап өтілген сауалда. – постсоветтік елдердің ішінен тек Тәжікстан мен Өзбекстанда жағдай нашар (әрине 188 және 189 орындар). Халықаралық сауда рейтингі мынадай факторлардан: экспорт және импортқа рәсімделетін құжаттардың санымен, уақытпен, сонымен қатар экспорт пен импорттың контейнер үшін  бағасынан тұрады».
Оң мысал ретінде депутат халықаралық саудадағы жоғары рейтингтегі (Сингапур, Гонконг, Корея, Швеция) елдерді келтірді – онда импортты және экспортты өткізуді жүзеге асыру үшін тек 3 құжат рәсімдеу қажет.
«Бізде Doing Business берген мәліметтерге сүйенсек, экспортты рәсімдеу құжаттарының саны 10 және импортқа 12. Біздің ЕАЭО бойынша серіктестерімізде бұл құжаттардың көрсеткіші экспорт бойынша 8, ал импортқа 10 құжат – деп атап өтті Н.Жазылбеков. – Басқа маңызды көрсеткіштердің бірі ретінде экспорт және импорт операциясы бойынша барлық талаптардың сақталуы үшін қажет уақыт болып табылады».
Рейтингте бірінші орындарды иеленіп тұрған елдерде (Сингапур, Гонконг, Корея, Швеция) рәсімдеу уақыты 3-7 күннен аспайды. Ал Қазақстанда экспорт жөніндегі операцияларды жүргізу үшін орта есеппен алғанда 79 күн қажет болса, импорт бойынша 67 күн. Бұл мәселе бойынша жағдай тек Ауғаныстан мен Өзбекстанда ғана нашар тиісінше (91 және 104 күн).
Экспорттық операцияларды өткізу жағдайы бойынша Кедендік одақ бойынша серіктес елдерімен салыстырулар жасалды: Белоруссияда (15 күн) және Ресейде (21 күн). Импорт бойынша берілген көрсеткіш бұл елдерде біршама көбірек және орташа есеппен алғанда тиісінше 30 және 19 күн. Сирек жағдайларда бойламаса, іс жүзінде барлық елдерде, экспортты рәсімдеу үшін қажетті күндер саны импорт бойынша осындай көрсеткіштен аз екені байқалады.
«Қазақстанда қарама-қарсы жағдай байқалады – экспертті жүргізу операциясы үшін импорт бойынша операцияға қарағанда, орташа есеппен 12 күн артық жұмсалады және осы көрсеткіш бойынша біз әлемдегі соңғы орынды иеленіп, тізімге әрең ілініп тұрмыз, - деп атап өтті «ақжолдықтар».
Осыған байланысты, олар жағдайды жақсарту бойынша шұғыл шараларды қабылдау керек деп санайды және Үкіметтен халықаралық сауданы жүргізуді  жеңілдету жөніндегі жоспарлары туралы хабарлауды сұрайды.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы партияның сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру және қазақстандық бизнестің мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастырады