ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаевтың Қызылорда облысы Сырдария ауданына сапары

» Санат жоқ » ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаевтың Қызылорда облысы Сырдария ауданына сапары

07.02.2014, 00:00

7 ақпан, Ақ жол ҚДП-ның Қызылорда облыстық филиалының баспасөз қызметі
7 ақпан күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев іссапармен Қызылорда облысыСырдария ауданында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесуге Парламент депутаттары Құттықожа Ыдырысов, Жамбыл Ахметбеков, Қазақстанның еңбек ері Абзал Ералиев және аудан әкімі қатысты.

Кездесуде сөз алған Алмас Тұртаев Елбасы жолдауындағы басым бағыттарға тоқталып, соның ішіндегі кәсіпкерлікті қолдау, экономиканың шикізаттық елден өндіруші елге айналу керектігін айтып, шағын және орта бизнестің осы саладағы үлесіне ерекше мән берді. Елбасы ұсынған «Мәңгілік ел» идеясының елді ұйыстырудағы, бірлікті бекемдеудегі орнына тоқталды. Бүгінгі қоғамға керек кезінде ұсынылған идея екендігін айтты, оны насихаттау бізге жүктелген парыз деп атап өтті.

Жергілікті тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ауданның хал-ахуалынан хабардар болды.