26
Желтоқсан

«Тәуелсіздік - ұраным, таусылмайтын жыр-әнім!» /Айнагүл Тасболатова/ - Казак yнi (Алматы)

 Астана қаласы Білім басқармасы және «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» интернет-жобасының қолдауымен Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектепте Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектеп оқушылары арасында «Тәуелсіздік - ұраным, таусылмайтын жыр-әнім!» атты қалалық жас ақындар байқауы өтті. Байқауға қала мектептерінен алпысқа жуық оқушы қатысты.
Жас ақындарға Білім басқармасының әдіскері Күнімбала Баяхметбаева, журналист Сырымбек Төлеу, педагог-ақын Бекмұрат Өмірбек қазылық етті. Қазылар алқасының шешімімен үздік өлеңдер «Әдебиет порталында» жарияланады әрі жинақ ретінде шықпақ. Сондай-ақ, іс-шара соңында «Қазақ үні» газетінің Астана қаласындағы меншікті тілшісі, «Ақ жол» партиясының белсенді мүшесі Сырымбек Төлеуұлы «Ақ жол» партиясы төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашевтің құттықтауын оқып беріп, мұғалім әрі ақын Өмірбек Бекмұратқа Перуаш Кәрімұлының 100 жылдығына арналған «Алаш» ұстанымы» төсбелгісін табыстап, дипломмен марапаттады.

Дерекнама - Казак yнi (Алматы), № 51 (659), 19.12.2014