30
Желтоқсан

«Ақжолдықтар» Атырауда басқосты /Бауыржан Сисен/ - Казак yнi (Алматы)

Жақында, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалының конференциясы өтті. Онда Қазақстанның «Ақ жол» партиясының жаңа саяси бағдарламасы туралы филиалдың саяси кеңесші-жетекшісі Ә.Төлеуішов баяндама жасап, бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне тоқталды. Сондай-ақ, жиын барысында конференция делегаттары саяси бағдарламаның мән-маңызына терең талдау жасады.
Конференция жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Парламенттегі «Ақ жол» ҚДП фракция мүшесі Алмас Тұртаев, «Ақ жол» ҚДП Орталық аппаратының өңірлік жұмысы бойынша хатшысы Берік Дүйсембинов қатысып, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды жауап берді.
Бұл басқосудың аясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол — нұрлы болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауы да талқыланды.
Сонымен қатар, бүл жиында партия белсенділері марапатталып, партия қатарына жаңадан қабылданған мүшелерге партия куәліктері салтанатты түрде табыс етілді.
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының жаңа саяси бағдарламасы мақұлданып, одан туындайтын міндеттер басшылыққа алынды. Ендігі жерде бағдарламаның орындалуын жүзеге асыру шаралары қолға алынатын болды.
 
Дерекнама - Казак yнi (Алматы), № 52 (660), 26.12.2014