09
Желтоқсан

Жалған кәсіпкерлікке жол жоқ - Казак yнi (Алматы)

 «Ақ жол» партиясы кәсіпкерлер үшін жалған кәсіпорындармен мәмілелер жөніндегі салықтар бойынша қайта салуларды теріске шығару құқығына қол жеткізді.
Жалған кәсіпкерлік мәселелері бойынша кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы көпжылдық пікірталастарға нүкте қойылды. Бүл туралы Азат Перуашев Мәжілістің пленарлық отырысында «Салық салу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының екінші оқылымында мәлімдеді.
«2006 жылы басталған жалған кәсіпкерлік туралы тартыс та маңызды шешім қабылданды. Бұл заң жобасында біз ақыр аяғында кәсіпкерлерге сотта олардың мәмілелерінің заңдылығына дәлелдемелер келтіруіне және оларға жалған кәсіпкерлер еместіктерін дәлелдеуге мүмкіндік бердік», - деді «Ақ жол» КДП фракциясының жетекшісі.
Жалған кәсіпкерлікте сот тарапынан бір тұлға айыпты деп табылып. ал оның заң бұзушылықтарына байланысты жаза іс тараптары болып табылмайтын басқа тұлғаларға берілген жағдайлар орын алды.
Егер қандайда бір алаяқ жалған кәсіпкер деп табылса, онда онымен жасалған барлық мәмілелер заңсыз деп табылып, соңғы 5 жылда олардың барлығы бойынша ҚКС, КТС қайтадан салынып келді. Бірқатар жағдайларда бүл қалыпты жұмыс істейтін бизнесті банкроттыққа дейін апарды. Тек жалған кәсіпорындардың контр-әріптестеріне ғана емес, сонымен қатар, басқа әріптестеріне де салық салу мәселелері пайда болды, яғни проблема одан әрі өршіп кетті.
Осы мәселе бойынша «Ақ жол» КДП фракциясы Үкіметке, Президент Әкімшілігіне, Бас Прокуратураға жүгінді. Қылмыстық кодекстің. Салық кодексінің жаңа редакциясымен жұмыс істеу барысында тиісті түзетулер енгізген болатын.
«Бүгін байыпты және сындарлы тәсілдеменің аркасында біз бұл іске нүкте қоямыз» - деді «Ақжол» көшбасшысы.
 
Дерекнама - Казак yнi (Алматы), № 48 (656), 02.12.2014