26
Ақпан

Санат жоқ 26.02.2015

2015 жылдың 26 ақпаны ОКҚ брифингіндегі Азат Перуашевтың сөзі

                                                                                                                                         А.Перуашев
 
Құметті әріптестер!
Бүгінгі брифингте біз «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты және осы бағдарламаның орындалуы үшін Президент Назарбаевтың Үкіметке берген тапсырмалары бойынша «Ақ жол» партиясының ұстанымдары туралы айтпақ болып отырмыз.
1)Бұл бағдарламаны бағалағанда комментаторлар кей кезде  бір ұшқарылықтан екінші ұшқарылыққа ұрынып жатады: оны маңызды, бірақ бір мәртелік, кезеңдік міндет деп, ал енді бірде өте жеткілікті, өте бағалы құжат деп абсолюттікке шығарып, дәріптеліп қарастырылады.
Біз «Нұрлы жол» бағдарламасын Мемлекет басшысының Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жүргізіп келе жатқан қажырлы көпжылдық саясатының контексінде қарау қажет деп санаймыз.
Егер Президенттің жыл сайынғы барлық Жолдауларын, оның бағдарламалық сөздерін, Қазақстанның 2030 жылға дейін даму Стратегиясын, одан кейінгі Стартегия-2050-ін; үдемелі индустрияландыру бағдарламасын, «Мәңгілік ел» тұжырымдамасын зерттеп қарасақ – онда елді мақсаткерлікпен өркендету бағыты айқын көрінеді.
Бұл мағынасында «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты  – өте ауқымды, кешенді бағдарлама, бірақ бәрібір де өнімді экономиканың сыртқы стресстеріне шыдамды және заманауи білімді тұрғындары бар мықты және алдыңғы қатарлы мемлекет құрылысы бойынша Ұлт көшбасшысының ғаламдық іс-қимыл жоспарының құрамдас міндеті болып табылады.
Иә, «Нұрлы жол» бүгінгі күн үшін өте өзекті дағдарысқа қарсы бірқатар іс-шараларды құрайды. Бірақ сыртқы дағдарыстар мен біздің табалдырығымызда тұрған дауылдар келеді және кетеді, ал халық, мемлекет, құрылған экономика – қалады.
Жаңа экономикалық саясаттың базалық бағыттары – экономиканың нақты секторы, ұқыпты бюджеттік саясат, аграрлық-өнеркәсіптік кешен, бұқаралық жеке кәсіпкерлік, орнықты қаржы секторы – бұлар да бір мәртелік міндет ретінде қарастырылмауы тиіс. Олар мемлекеттік және экономикалық құрылыстың жалпы конструкциясына табиғи түрде түйісуі және уақыт талаптарына сай жаңа сапаны дамытуы тиіс.
Осылайша, біз «Нұрлы жол» бағдарламасын мемлекеттік, экономикалық, кеңінен алғанда, тұтастай ұлттық дамуды тек қана жаhандық қауіп-қатерлерге ыңғайланған емес, ондай қауіп-қатерлердің алдын алатын жаңа сапалы деңгейге жеткізудің жолы деп тануды ұсынамыз.
Біздің бәріміз Жаңа экономикалық саясаттың осындай феноменіне куәгерлерміз, ол Н.Назарбаевпен әдеттегіден 3-4 ай бұрын жарияланған оның жыл сайынғы жолдауында жарияланды.
Дәл осы мерзімде үкімет бюджеттік саясатқа қажетті өзгерістер жасап үлгерді, ал олар сыртқы экономикалық қатерлерге жауап ретінде қабылданды.
2)Ұлттық бизнестің мүдделерін қорғай отырып, «Ақ жол» демократиялық партиясы «Нұрлы жол» бағдарламасындағы экономиканың нақты секторын және кәсіпкерлікті дамытуды қолдайтын шараларды ерекше атап өтуді қажет деп санайды.
Мәселенің мәні мынада: өзіміздің өндірісті дамыту ұлттық экономиканың өнімнің импортына тәуелділігін төмендетеді, сонысымен бір мезетте инфляциялық процестер және девальвациялық күтулердің тәуекелдіктерін азайтады, өйткені инфляция үшін де, девальвация үшін де сыртқы сауда айналымының теңгерімсіздігі негізгі факторлардың бірі болып саналады.

Мұндай қатерлерден қорғанудың мейлінше тиімді тетігі экспортқа бағдарланған салаларды дамыту және ішкі тұтыну нарығын отандық өндірістің тауарлармен толтыру арқылы әртараптандырылған өнімді экономиканы құру.

Үкіметтің 11 ақпанындағы кеңейтілген отырысында Президент Назарбаев отандық өндірушілерді қорғауға қатысты бірден үш тапсырма берді:
 - «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру аясында барлық мердігерлерге отандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуды міндеттеу;
 - Қазақстандық қамту бойынша форумдарды жаңарту; «Қазақстанда жасалған» акцияны іске қосу.   

Мұның өте өзекті тапсырмалар екенін айта аламын. Дәл сол күні, Президенттің осы тапсырмаларынан екі сағаттан кейін «Ақ жол» партиясының Үкіметке Президенттің осы тапсырмаларына «Сатып алу туралы заң жобасын әзірлеу арқылы заңдық пәрмен беру ұсынысымен депутаттық сауал жібергені кездейсоқтық емес.   

2013 жылы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға түзетулер қабылданды, ол отандық тауарлар үшін бұрын болған преференцияларды жойып, біздің тауарларымызды ресейлік және беларустық тауарлармен теңестірген.   

Мәжілісте қаралған кезде бұл ереже «Ақ жол» фракциясының депутаттарымен сынға ұшырады. Алайда, ұлттық бизнестің мүдделері қысымға алынғаны туралы дабылдарға жауабында  Қаржы министрлігі 2013 жылдың 4 желтоқсанындағы хатында «Ақ жол» депутаттарын қазақстандық өндірушілердің мүдделерін қорғау квазимемлекеттік сектордың кәсіпорындарының және ірі жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін реттейтін «Сатып алулар туралы» заң арқылы шешілетін болады деп хабардар етті.

Біз бұл тәсілдемемен келістік, өйткені квазимемлекеттік сектордың нарық көлемі мемлекеттік нарықтан 5-7 есе асып түседі. Мысалы, 2012 жылы мемлекеттік сатып алу 1,5 трлн теңгені құрады, ал ұлттық компаниялардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы 8,4 млн теңгеден артық болды. 2013 жылы мемлекеттік сатып алулар 1 трлн-ды құрады, Самұрық-Қазына желісі және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары – 7,3 трлн.

Жергілікті тауарлардың басымдығы туралы мұндай нормалар Ресей және КО-тың басқа елдеріндегі мемлекеттік кәсіпорындар үшін «Заңдық тұлғалардың тауарлар, жұмыс және қызметтердің жекелеген түрлерін сатып алулары туралы» Заңмен белгіленген.  

Осындай қазақстандық заңмен жұмыс жүріп жатыр деген хабардың бізге 2013 жылдың 4 желтоқсанында жіберілгенін қайталап айтамын. Тағы жарты жылдан кейін – 2014 жылдың 24 маусымында біздің құжаттың созылып кетуі туралы сұрағымызға Бәсекелестікті қорғау жөніндегі Агенттік «Сатып алулар туралы» заң Мәжіліске 2014 жылдың күзінде енгізіледі деп сендірген.

2015 жылдың көктемінің тынысы сезілді, сатып алу туралы заңнан қазақстандық қамту туралы нормаларды алып тастағанына және отандық бизнесті «сатып алулар туралы» заң арқылы қорғауға уәде берілгелі бір жылдан асты. 

Мәжіліске сатып алулар туралы заңға кезекті түзетулер түсіп үлгерді, қаңтарда олардың таныстырылымы өтті.

Ал бизнеске уәде етілген біздің өндірушілерді қолдайтын заң әлі пайда болған жоқ, және оның тағдыры туралы ештеңе де белгісіз.   

 

Сонымен қатар,  жағдай тіптен шиеленісіп барады.
Ресейлік рубльдің девальвациясының нәтижесінде, қазақстандық өндірушілер өздерінің  тұтыну нарығын шапшаңдықпен жоғалтып жатқаны мәлім. Олардың көпшілігі үшін ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларының үлкен нарығы  бұл жағдайларда өмір сүру үшін нақты тірек болатын еді. Бұл салада отандық бизнес үшін қорғау шараларын кіргізуді одан әрі созу, керісінше, қазақстандық кәсіпкерлерді өте қажетті қолдаудан айырады.
Оның үстіне, батыл шаралар қабылдамасақ, бұл нарық ресейлік девальвацияның ықпалымен РФ өндірушілеріне кетуі мүмкін. Қазіргі кездегі қалыптасқан жағдайға  жол беруге болмайды деп санаймыз.
Өзіме «Ақ жол» партиясының 11 ақпанындағы сауалынан дәйексөз келтіруге ерік беремін: «Бүгін, осыдан небәрі екі сағат бұрын, Үкімет отырысында Мемлекет басшысы ұлттық компанияларға теңгені қолдауды, кәсіпорындарға – жаңа өткізім нарықтарын іздеуді тапсырды,  ал барлық азаматтарды патриот болуға және қазақстандық өнімді сатып алуға шақырды.
Бұл міндеттерді орындаудың озық формасы квази-мемлекеттік сектордың сатып алуларына қазақстандық құрам туралы нормаларды заңнамамен енгізу  болар еді деп ойлаймыз» - дәйексөздің соңы.
Үкіметтің осы отырысының барысында вице-премьер Б.Сағынтаев ағымдағы жылы ұлттық компаниялар және  жүйеқұраушы кәсіпорындар отандық өндірушілермен 960 млрд. теңге сомасына меморандумдар жасағанын хабарлағаны рас. Оның сыртында, Алматы қаласының әкімдігі және «Самұрық – Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры арасындағы меморандумға тағы 100 млрд. теңге салынған. Бұл, сөзсіз, маңызды және керек жұмыс.
Бірақ, әңгіме экономиканың аталған секторындағы сатып алулардың тек қана 12-15 пайызын құрайтын жалпы сомасы 1 трлн. 60 млрд. теңгеге жасалған меморандумдар туралы болып отырғанын ескеру қажет.
Сонымен бірге халықаралық және отандық  тәжірибеде, инвестициялық келісімшарттар  жасау кезінде,  жергілікті құрамның белгісін әдетте 50 пайыздан астам деңгейде қояды. Мысалы, ҮИИМДБ сәйкес, 2015 жылға қарай мемлекеттік мекемелер және ұйымдардың, басқарушы ұлттық холдингтің, ұлттық холдингтердің және компаниялардың сатып алуларында қазақстандық құрамның үлесін – 60 пайызға дейін, ал жұмыстар мен қызметтерді сатып алуларда 90 пайызға дейін жеткізуді қамтамасыз ету тапсырылған.
Осылайша, меморандумдар сомасы көрсетілген міндеттемелерді жаппайды.
Бұдан басқа, меморандум «де-юре» – міндетті құжат та емес, бұл тек ниеттілік хаттамасы екенін де ескеру қажет. Оның  іс жүзінде орындалуы, әдетте, мәлімделген цифрлардан елеулі түрде төмен болып жатады. Және меморандумдардың орындалмағаны үшін, заңды орындамағаннан ерекшелігі, тараптар ешқандай да жауапкершілік алмайды.
Сондықтан «Ақ  жол» партиясы, Президенттің қазақстандық құрам туралы  тапсырмаларына заңдық күш беру қойылған міндеттерді іске асыруға  Үкіметке елеулі түрде жәрдемдесе алар еді деп санайды.
 
3)Мемлекет басшысының  экономиканың нақты секторын қолдауға арналған принципті саясаты, бюджетті саясаттың да маңызды элементі болу керек деп санаймыз.
Кешегі бюджетті нақтылау бойынша Мәжіліс отырысында, біздің фракция бұл бойынша, Үкіметтің бюджеттік инвестицияларды басталып кеткен жобаларды аяқтауға жұмылдыру және жаңалардың қаржыландыруын  2016-2017 жылдарға ауыстыру ұсыныстарын тұжырымдамалық түрде алғанда дұрыс деп мәлімдеді.
Сонымен бірге, «Ақ жол» депутаттары жаңа жобаларға инвестициялаудан бас тарту, жаппай емес, мейлінше атаулы болуы мүмкін екендігін атап өтуді керек деп есептейді. Мәселен,  жоғары рентабельді индустриалды жобалар бойынша жұмысты жеделдету, олардың іске қосылуы арқылы  салық түсімдерінің көбейуін қамтамасыз ету  керісінше пайдалы деп атауды керек деп санайды.
Мемлекеттік инвестициялық саясатына түзету тек шығындардың қысқартуын көздеп қана қоймай,  бюджет кірістерін жаңа салық төлеушілерді қатарға кіргізу есебінен және салық салынатын негізді кеңейту мақсатын да көздеуі керек.
Осыған байланысты «Ақ жол» Демократиялық партиясының фракциясы Үкіметке, 2015 жылы мұнайға және металға әлемдік бағалар орнықтылыққа оралған жағдайда инвестицияларды қаржыландыру мен нақты секторды қолдауды қайта жаңғырту   жөн деген  тілегін білдірді.
4)Президент Н.Назарбаевпен бағдарламаны іске асыру үшін Ұлттық қор қаражатынан бөлінетін мол ауқымды ескере отырып, «Ақ жол» партиясы мынадай сәтке де назар аударғысы келеді.
Қаражаттарды тиімсіз пайдаланудың Есептік комитеттің есептерінде  жыл сайын келтіріп жататын тұрақты мысалдарын есте сақтай келе, , кешегі Мәжілістің пленарлық отырысында «Ақ жол» демократиялық фракциясы бағдарламалардың әкімгерлерін қазіргі жағдайларда бюджетке өте ұқыпты қарауға шақырды.  Сондай-ақ біз бұл қаражаттарды тиісінше жұмсау үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы ескерттік.
Басқа өте маңызды сәт – бұл қаражаттардың игерілуі әкімгерлердің жеке қызығушылықтары немесе амбицияларына емес, қоғам мүдделеріне бағытталуы тиіс.
5)Кеше, Парламентте сөз сөйлей келе, мен бұл тақырыпта бір мысал келтірдім, ол ғаламтор желілерінде қызу талқылау туғызды, сондықтан кейбір түсініктемелер беру керек шығар.
Барлығымыз көріп тұрғандай, бүгінгі оңай емес жағдайда, Үкімет, Президенттің саяси еркін орындап, әлеуметтік бағдарламаларды қысқартуға барған жоқ. Соның ішінде бұқаралық спорттың дамуы бойынша бағдарламалар қысқартылуға тап болған жоқ, және бұл  дұрыс.
Бірақ көптеген адамдардың бюджеттік қаражаттарды бөлген кезде жергілікті спорт басқармаларының қандай қағидаттарды басшылыққа алатыны сұрақтарын туындатады.
Парасатты мағыналық қисынға салсақ, жастар ішіндегі әйгілігімен ерекшеленетін, оларды дене шынықтырумен шұғылдануға тартатын түрлерін және  қазақстандық спортшылар дәстүрлі түрде әлемдік деңгейде медальдарды жеңіп алып жүрген: бокс, күрес, ауыр атлетиканы басқа да кейбір түрлерді қолдау қажет.
Сонымен қатар, жергілікті бюджеттерді талдау анық үйлеспеушіліктерді көрсетеді. Мәселен, 2015 жылы әкімдіктер күрес секциясына 3,2 млрд.теңге, боксқа -1,5 млрд. теңге, ауыр атлетикаға – 0,5млрд-тан аз теңге салды. Бірақ ең көп шығындар, жүргізілген оңтайландырудан кейін де, футбол клубтарын ұстауға жоспарланған болып шықты– бұл 14,603 млрд. теңге.
«Сонда футболға, ондағы біздің ең күшті жетістігіміз – Еуропа чемпионатына  іріктеу тобында  соңынан санағанда екінші орын болып отырған футболға, облыстық спорт басқармалары мелекеттік ақшаны бокстан, күрестен және ауыр атлетикадан гөрі, бәрін бірге алғанда 3 есе көп береді.
Бірақ әрбір Олимпиададан біздің елімізге алтын медальдар әкелетін футбол емес, нақты осы түрлер.
Тырнақшаның ішіндегі, «кәсіпқойлыққа», ал шын мәнісінде – бюджеттік – футболға, бокстан немесе ауыр атлетикадан гөрі, 100 есе көп қаражат бөлетін облыстар бар.
Әділетсіздіктің ең үлкені, егер бокс немесе күреске біздің ауылдарымыз бен қалаларымыздың қазақстандық балалары баратын болса, ал футбол клубтарында жергілікті бюджет ақшасына көбінесе шетелдік легионерлер қазақстандық спортшылардың түсіне де кірмеген жалақыларымен ұсталады.
Біз жастарымызға нақты пайдасын тигізетін, қаншама спорт алаңдары немесе секцияларын, 14 млрд.теңгеге салуға болар еді деген сұрақты өзімізге қойдық?
Осыдан кейін ғаламторда футболды қолдап, керісінше  күрес және боксқа қарсы шыққан комментаторлар табылды.
Бірақ мәселе мұнда емес, мен де футболды рақаттанып ойнаймын, стадиондарға барамын. Ешкім де кәсіпқой спортқа қарсы емес, бірақ мен, бюджеттік қаражат легионерлердің жалақысына емес, бұқаралық балалар-жасөспірімдік спортқа және қазақстандық спортшыларды қолдауға жұмсалуы керек екеніне кәміл сенемін.
Кәсіпқой футбол клубтары бүкіл әлемде ақшаны өздері табады және мектептер мен секциялардан ақша алып қою былай тұрсын, керісінше – өздерінің есептерінен балалар спортына көмектеседі.
Бұл – нағыз кәсіпқойлар. Міне Геннадий Головкин – нағыз кәсіпқой. Жуырда оның менеджері, ол бюджеттен ештеңе сұрамайды, ұлттық компаниядан да,  Самұрық-Қазынадан да ештеңе алмайды, деп мәлімдеді. Ал оны бүкіл әлем біледі және бүкіл Қазақстан оны мақтан тұтады.
Қанат Исламол дакәсіпқой, ешкімнен ештеңе сұрамайды, бірақ Қазақстан туымен шығады. Және  көптеген басқа да мысалдар табуға болады.
Ал футбол командалары және  оның ішінде шетелдік легионерлер, солар үшін бюджеттік ақшаны балалар спортынан алады – бұл кәсіпқойлар емес және тіпті  кәсіпкерлер де емес. Бұл дәрігерлер немесе мұғалімдер сияқты бюджеттегілер. Тек жалақылары жүз есе көп. Және мұнда нақты  тәртіп орнату керек.
Сөз, ақыр аяғында, бокс немесе футбол туралы емес, бюджеттік қаражатты жекелеген тұлғалар немесе топтарда емес, бүкіл қоғамның мүдделерін ұқыпты және тиімді пайдалану туралы болып отыр.
Және бұл ұстаным бүкіл бюджеттік және экономикалық саясатта басым болуы тиіс.
 
6) Мен бұны жай ғана емес, қарапайым адамның көзқарасынан айтып тұрмын.
Біздің Президент әрдайым қарапайым халыққа жақын, ол қатардағы азаматты, барлық шенеуліктерге қарағанда, жақсы түсінеді.
11 ақпанда болған сол Үкіметтің отырысында министрлердің біреуі, адамдар көліктерді Қазақстанда алуды қойды және оларды Ресейден әкеліп жатыр деп шағымданды.
Нұрсұлтан Әбішұлы не деп жауап берді?  Дәйектеймін: «Қазақстандықтар пайда тапты. Арзан көліктер мен техника сатып алды. Егер адамдар бұған қуанышты болып жатса, бізде қуанамыз», - деп мәлімдеді ол.
Бұл сәтте мыңдаған қатардағы қазақстандықтар, Президент олардың жағында екенін сезінді деп айта аламын.
Ал, Президенттің өзі сияқты басқа ешкім, бірде бір министр біздің өндіріс үшін күресіп отырған жоқ.
Бірақ сонымен бірге Назарбаевтың міндеті – жай ғана оңдаған-басқа адамдарды байыту емес,  бүкіл елге өмірдің озық сапасын, және соның ішінде – ең жақсы бағалар бойынша ең жақсы тауарлармен қамтамасыз ету.
Интеграцияның мағынасы да дәл осында, деп айтсақ орынды болар.
 
7) Ия, Ресейдегі девальвация біздің өндірушілерге ауыр соққы берді.
Бірақ бұл уақытша жағдай,  девальвацияның артынан әрдайым инфляция келеді. Ресейлік БАҚ-ның хабарлауы бойынша,  тек екі айдың ішінде (желтоқсан-қаңтар) онда азық – түлік бағалары 2-3  есе өскен.
Осындай қымбаттау басқа тауарлар бойынша да болып жатыр.
Сондықтан орташа мерзімді келешекте бағалық тепе-теңдік қалпына келеді.
Ал бизнеске қажетті қолдауды Президент үлкен қаражат бөліп және басқа да тапсырмалар беріп, дәл «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы, көрсетті,  қазір біз сіздермен сол туралы айтып жатырмыз.
Оның үстіне: «Ақ жол» партиясы Президенттің  отандық өнеркәсіпті қолдау бойынша мұндай тапсырмаларына, айтылып кеткендей, заң күшін беруді ұсынады.
Бірақ бизнеске де  Мемлекет басшысы маңызды дабыл берді: дамыңдар, бәсекелесіңдер, қажет емес шығындарды азайтыңдар, жергілікті құрамды ұлғайтыңдар, мұнай ақшаларына бағынышты болудан кетіңдер – сонда сыртқы соққылардан аз жоғалтатын боласыңдар.  Жағдайды пайдаланыңдар,  Ресейде арзан болып тұрса – сол жақтан жабдықтауға тапсырыс беріңдер, жаңа кәсіпорындарды тұрғызыңдар, өздеріңнің өнеркәсіптеріңді жаңартыңдар және жетілдіріңдер.
Және осыны ол әрдайым айтады. Осылай 2008 жылы да болды,  онда бүкіл әлем  «Қорғана алатындар, қорғаныңдар» деп жүгіріп айғайлап жүрді, ал Нұрсұлтан Назарбаев инновациялық индустрилияландыру бағдарламасына жол ашты.
Солай бүгінде болып жатыр, Ресейдің соңынан айналадағы валюталар күйреп жатыр – девальвация украиндық гривенді де, әзербайджандық манатты да, грузиндік лариді де  күйретті... – ал біздің көшбасшы «Нұрлы жол» бағдарламасына жаңа міндеттер қойып жатыр.
Міне бұл да, әлемдік деңгейдегі мемлекеттік және экономикалық супер-менеджері ретіндегі Назарбаевтың кемеңгерлігін көрсетіп тұр.
 
Мен көп уақыт алдым, кешірім өтінемін. Біздің фракцияда әрбір депутаттың өзіндік ерекшеліктері бар, менің әріптестерімді тыңдауларыңызды және журналистердің сұрақтарына көшуді ұсынамын.