«Ақ жол» партиясы Үкіметтен Апелляциялық сот алқасының ҚР Үкіметінің атына шығарған жеке ұйғарымына және фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі Бағдарламаның орындалмауына қатысты кінәлілерді анықтауды талап етеді

» Санат жоқ » «Ақ жол» партиясы Үкіметтен Апелляциялық сот алқасының ҚР Үкіметінің атына шығарған жеке ұйғарымына және фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі Бағдарламаның орындалмауына қатысты кінәлілерді анықтауды талап етеді

25.12.2013, 00:00

25 желтоқсан  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
      Апелляциялық сот алқасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің атына шығарған жеке ұйғарымына және фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі Бағдарламаның орындалмауына кім жауап береді? – «Ақ жол» депутаттық фракциясының атынан Т.Ерғалиев бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында осындай мәселемен Үкімет басшысына жүгінді.
     Фракцияның сауалында көрсетілгендей, Үкіметтің 2010 жылғы 4 тамыздағы Қаулысымен бекітілген Фармацевтика өнеркәсібін дамыту жөніндегі Бағдарламасының тоқтап қалу қаупі төніп тұр. Аталған Бағдарламаның негізгі құралдарының бірі  отандық өндірушілермен дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге ұзақ мерзімді шарттарға отыру болып табылады. Бұл шара 4 ірі кәсіпорынға инвесторларды тартты.
       Бірақ, Денсаулық сақтау министрлігі 2013 жылдың қаңтарында  Үкіметтің 2009 жылғы 30 қазандағы N 1729 «Медициналық мақсаттағы бұйымдарды, дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережесін бекіту туралы’ қаулысына енгізілген өзгертулермен «СК-Фармация» ЖШС-не бір жақты тәртіппен ұзақ мерзімді жасалынып қойылған шарттарды бұзуға құқық берді.
        «Ақ жол» фракциясы осы тақырыптағы сауалдармен екі рет шыққан. А.ж. наурызында Үкіметтен N 1729  Қаулысына өзгертулердің кері күші жоқ деп көрсетілген жауап алынған болатын. Осымен дауласу біткендей болған.
        «2013 жылдың сәуірінде «Самұрық Қазына» Қорының өзінің еншілес компаниясы «СК-Фармация» ЖШС-не фармацевтикалық зауыттардың бесеуімен жасалған шарттарды заңды күші жоқ деп табу туралы сотқа талап қоюы  пайда болады, және  сәуірден қазанға дейін фармацевтикалық зауыттар қазақстандық өнімдерді өндіре отырып, олар Қазақстанның экономикалық мүддесіне әрекет ететіндерін дәлелдеуге мәжбүр болды, – деп айтылады сауалда. – Осыған қарамастан, 2013 жылы 2 қазанда «Самұрық Қазына» Қорының  «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС-не, «Фармацевтикалық компания «Ромат» ЖШС-не, «Павлодар Фармацевтикалық заводы» ЖШС-не, «Медикал «Ча-Кур» ЖШС-не талап қоюлары Астана қаласы ауданаралық экономикалық сотының шешімімен  қанағаттандырылды, ал инвесторларға өндірілген өнімді сатып алуға рұқсат берілмеді».
       «Сотта отандық фармацевтикалық индустрияның жеңілдіктерін жоюда бірлесе отырып дегеніне жеткен талапкердің де және жауапкердің де атынан «СК-Фармация» ЖШС-нің заңгерлері шыққаны ерекше таңқалдырады»,  – деп атап көрсетті Т.Ерғалиев. Бұл дерек  үдерістің «режиссерлік» ету сипатының болғандығымен қатар,  «СК-Фармация» ЖШС-і басшылығының қазақстандық өндірушілерді қолдаудан  жалтарып, шетелдік өнімдерді лоббилеуге оның мүдделілігіне ол сенімді.
     А.ж. 9 желтоқсанда Астана қаласының Апелляциялық сот алқасы отандық өнімдерді сатып алу бойынша ұзақ мерзімді шарттарды заңды деп тауып, соттың бұл шешімінің күшін жойды. Сонымен бірге, Апелляциялық алқа мемлекеттік және ұлттық  экономикалық мүдделерді қорғау қажеттілігіне байланысты «Самұрық Қазына» Қорының біден-бір акционері ретінде ҚР Үкіметінің атына жеке ұйғарым шығарды.  Бұл теңдесі жоқ оқиға.
        Депутат фармацевтикалық индустрия кәсіпорындарының салалық бірлестігінің мәліметтерін келтірді – көрсетілген инвестициялық шарттардың шарттарын заңсыз қайта қарау әрекеттерінің нәтижесінде, 2014 жылдың қорытындысы бойынша отандық өнімдердің үлесі 30 %-ға төмендейді.
       «Ақ жол» партиясының депутаттары ҚР Үкіметі «Самұрық Қазына» Қорының жалғыз акционері болып табылатындығын ескере отырып,  Премьер-Министрден келесі сұрақтарға жауап беруін сұрайды:
1. Сіздің отандық фармацевтикалық компанияларды қолдау туралы ресми жауабыңызға қайшы келетін, «Самұрық Қазына» Қорының өзінің еншілес компаниясы «СК-Фармация» ЖШС-не талап арызына қалайша және не үшін бастамашылық жасалынды?
2.  Сотта дау барысында «СК-Фармация» ЖШС-гі Денсаулық сақтау Министрлігінің сенімгерлік басқаруына берілгенін ескерсек, сотта осы ЖШС-ке қарсы «Самұрық Қазынаның» атынан «СК-Фармация» ЖШС-нің заңгеріне Үкіметтің ұстанымына тікелей қарама-қайшы келетін мақсаттарға қалайша сенім хат берілген?
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыра береді.