«Ақ жолдың» депутаттары жаңадан құрылатын шағын және орта кәсіпорындар үшін салық каникулдарын енгізуді ұсынады

» Санат жоқ » «Ақ жолдың» депутаттары жаңадан құрылатын шағын және орта кәсіпорындар үшін салық каникулдарын енгізуді ұсынады

18.12.2013, 00:00

18 желтоқсан  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жолдың» депутаттары жаңадан құрылатын шағын және орта кәсіпорындар үшін салық каникулдарын енгізуді ұсынады – бұл туралы кеше қазақстандық демократтардың көшбасшысы Азат Перуашев Премьер-Министр С.Ахметовтің атына жолданған депутаттық сауалда мәлімдеді.
Төменде сауалдың мәтіні келтіріледі.
 
2011 жылдың 1 қыркүйегінде Парламенттің алдыңғы шақырылымының сессиясы ашылуында Мемлекет Басшысы Үкіметке жеке кәсіпкерлік субъектілерін құрылған күннен бастап алғашқы 3 жыл тексерулерден  босату жолымен, кәсіпкерлерді тексеру жүйесін оңтайландыру туралы тапсырма берген болатын.
2012 жылы осы тапсырманы іске асыру барысында үкіметпен тек шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты, қызметінің алғашқы үш жыл бойы жоспарлы тексерулер жүргізуге  тыйым салуды қарастыратын «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңына түзетулерге бастамашылық жасалынып, қабылданған болатын.
«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары осы бағыттағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды қолдайды. Алайда, Мемлекет Басшысының тапсырмасында шағын бизнестің ғана емес, жеке кәсіпкерліктің барлығының субъектілерінің қызметін бастапқы үш жылда тексерулерден босату туралы айтылғанына назар аудару қажет деп есептейміз
Бұл ескерту өте маңызды болып табылады, себебі шағын бизнес негізінен сауда және қызмет көрсету салаларында шоғырландырылған, ол өндірістік сектор құрал-жабдықтардың құнымен, ғимарат және құрылыс, сондай-ақ,  өндірістік инфрақұрылымдардың қажеттілігіне байланысты объективті себептер бойынша – шағын кәсіпорындар шеңберіне кірмейді және орта компаниялардың деңгейімен басталады.
Сонымен қатар, 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясында (дәйек сөз келтіремін): «Бүгінгі күннің міндеті – ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді орта деңгейге көшіру үшін қажетті жағдайын және алғышарттар жасау», сондықтан «шағын және орта бизнестің ұмтылысын көтермелеу…, оларды қолдау мен көтермелеудің жүйесін жасау» деп көрсетілген. 
Айтылғандарға қосымша ретінде, біздің Кедендік Одақ бойынша серіктестеріміз – Ресей Федерациясында және Беларуста шағын ғана емес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне де қолдау заңнамалық деңгейде жүзеге асырылатынын ескеру қажет. Бұл елдерде шағын және орта бизнеске де қолдау көрсету туралы арнайы Заңдар қолданылуда (Ресейде «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту» Федеральдық Заңы,  Беларуста –  «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау туралы» Заңы).
Жаңа құрылған кәсіпорындарды тексеруге тыйым салу туралы Президенттің тапсырмасына қатысты «Ақ жол» партиясы осы бастаманың қисынына зер салады. Президенттің осы тапсырмасының басты себептерінің бірі, бизнесті тексерудегі сыбайлас жемқорлықтықтың жайылып бара жатқаны, ең алдымен – салықтық есеп-қисап саласында, негізсіз айыппұлдар және әртүрлі сылтаулармен қысым көрсетудің болғаны анық.
Алайда, салық кодексімен есептік кезеңнен кейін, бес жыл өткен соң кәсіпорындарға тексеру жүргізу қарастырылған, осыған байланысты бастапқы үш жыл бойына тексеруге тыйым салудың мағынасы айтарлықтай деңгейде құнсызданады.
Осыған байланысты Президенттің көрсетілген тапсырмасынан кейін, 2011 жылдың қыркүйегінде «Ақ жол» ҚДП-сы тексерулерге тыйым салып қана қоймай, шағын және орта бизнесті кәсіпорын құрылған сәттен бастап сол 3 жылдық мерзімге, «салық каникулдарын» енгізу жолымен толықтай салықтан босатуды орынды деп санайтындығын мәлімдеген.
Өкінішке орай, сол алғашқы жылдары жаңа құрылған шағын және орта кәсіпорындардың көпшілігі қысымға шыдамайды және өз қызметін тоқтатады, мұны отандық қана емес, халықаралық тәжірибе де көрсетіп отыр. Сондықтан, оларға салық салуды жою, бюджет үшін қандай да бір елеулі шығын әкелмейді. Екінші жағынан, жаңа басталған бизнесті салықтардан босату, оның «өміршеңдігін» жоғарлатады және экономиканың әртүрлі салаларында да көптеген жаңа компанияларды өсіруіне мүмкіндік береді.
Біздің білуімізше, жаңа кәсіпорындарды салықтан босату мерзімі 5 жылға дейін жететін, табысты шағын және орта бизнесі бар АҚШ-да, Қытайда, Германияда және өзге де елдерде осындай тәсілдемелер қолданылады.
Жақында ғана,  ресей Президенті жыл сайынғы федеральдық жиналысқа жолдауында өндірістік және әлеуметтік салаларда жұмыс істейтін жаңа кәсіпорындар үшін екі  жылдық салық каникулдарын енгізуді тапсырды. Сонымен қатар, ол біздің соңғы үш жылда айтып жүрген дәлелдерді келтірді: мұнда жаңа кәсіпорындар туралы әңгіме болып отыр, «…қазірше жай ғана жоқ, яғни бюджетке түсетін пайда болмайды. Және керісінше: осындай кәсіпорындар үшін жағдай жасаймыз – мұндай кірістер пайда болады»(дәйек сөздің соңы).
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тіпті екі жарым жыл бұрын мазмұны бойынша осындай тапсырма берген, алайда оны орындаудың орнына және мағынасы және ерекшелігі бойынша жақын ұсынылған тәсілдемелерді үкімет кесіп тастады және осы тапсырманы қысқартылған түрде іске асырды, бұл өндірістік бизнесті шет қалдырады және салықшыларға көрсетілген кезеңге өткен күндермен қайта оралуға мүмкіндік береді.
«Ақ жол» партиясы Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындауды, олардың мағынасын осылайша бұрмалауға және уақытты жоғалтуға әкелетін формальды қарауға жол беруге болмайды деп есептейді.
Біз сондай-ақ, Кедендік одақ бойынша біздің көршілеріміздің осындай бастамаларына барынша байыппен қарауға шақырамыз, себебі осы уақытқа дейін, осы бірлестікте қазақстандық кәсіпкерлердің азғана бәсекелестік артықшылықтарының бірі либералды салық саясаты болып келді. Бірақ, бүгін де, Ресейдің салықтық әкімшілендірудегі либералдық тәсілдемелері біздің тәжірибемізден оза бастады: онда жалған кәсіпкерлік үшін баптан баяғыда бас тартты, салық заңнамаларының нормаларын түсіндіру құқығына ие орган белгіленген, енді салық каникулдары режімі енгізіледі. Одан басқа, салық даулары бойынша мәселеде Ресей Қазақстанды басып озып тұр, Ресейде  – 3 жыл болғанда, бізде 5 жыл талап қою мерзімі қолданылады. Бұл дегеніміз, бүгіннің өзінде ресейлік кәсіпорындар қысымға және айла-шарғыларға азырақ тап болады. Осы мәселелерде артта қалу қазақстандық бизнеске өте қымбатқа түсуі мүмкін.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, «Ақ жол» партиясы үкіметтен:
1) шағын бизнес үшін ғана емес, орта бизнес қызметтері үшін де алғашқы 3 жыл бойында тексеруге тыйым салуды енгізу туралы;
2) шағын және орта кәсіпорындардың көрсетілген санаттары үшін осындай мерзімге салық каникулдарын енгізу туралы;
3) салық даулары бойынша талап қою мерзімдерін 5 жылдан 3 жылға дейін қысқарту туралы мәселелерін қарауды сұрайды.
Осы бастамаларды жүзеге асыру кәсіпкерлікке жалпы сипат беруде және Кедендік одақ және ДСҰ-ын қоса алғанда өзге де интеграциялық бірлестіктер шеңберінде қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін қолдауда маңызды рөл атқаруға қабілетті екеніне сенімдіміз.