«Ақ жол» фракциясы араласқаннан кейін Кадрларды аттестациялау орталығының құрылысын салу үшін жер телімі бөлінді

» Санат жоқ » «Ақ жол» фракциясы араласқаннан кейін Кадрларды аттестациялау орталығының құрылысын салу үшін жер телімі бөлінді

24.12.2013, 00:00

24 желтоқсан  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» фракциясы араласқаннан кейін Орал қаласындағы Кадрларды аттестациялау орталығының құрылысын салу үшін жер телімі бөлінді –   фракция Орталық басшылығынан алғыс хат алды.
2009 жылдан бері қызмет істеп тұрған Орталықтың қызметтерімен қазақстандық, шетелдік және ресейлік мамандар пайдаланып келеді, Орталықпен жыл сайын одан әрi жұмысқа орналастырумен жетімдер үйінің бітірушілері және мүгедектер  тегін қабылданады. Ол жұмыс істеген 3 жыл ішінде  оқыған 600 адамнан тек 240 маманның аттестациядан өткені туралы дерек, Орталықтың қойған талаптар деңгейінің жоғарылығын көрсетеді. Олардың барлығы өңірдің мұнайгаз және өзге де компанияларына жұмысқа орналастырылған.
Алайда, жеке тұрған ғимаратының болмауына байланысты Орталықтың қиындықтары болған – мұны оқу үдерісінің ерекшеліктері (қиын дәнекерлеу жұмыстары) талап етті. Орталық басшылығы соңғы 3 жыл ішінде  ғимарат құрылысы үшін жер телімін бөлуді өтініп әртүрлі сатыларға жүгінген, тіпті бөлінген жер телімі бойынша қабылданған шешімдер әртүрлі себептермен кейінге қалдырылған.
Орталықтың басшысы С.Лакееваның фракцияның Қоғамдық қабылдауына өтінішінен кейін, Еңбек министрлігіне, Білім және ғылым министрлігіне, Бас Прокуратураға, Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне тиісті хат жолданған болатын. Нәтижесінде, фракция араласқаннан кейін Орталыққа жер телімі бөлінді.
«Кәсіпкерлікті және кәсіби білім беру жүйесін қолдағандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Бізге сенгендеріңіз, идеяларымызды іске асыруға  мүмкіндік бергендеріңіз үшін рақмет», – дейді Орталық басшысының А.Перуашевтың атына жазған хатында.
Жұмыс берушілердің қатысуымен кадрларды дайындау жүйесін жаңғыртуда және білім беруді дамытудың 2020 жылдарға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған Ұлттық біліктілік жүйесін нақты енгізуде Орталықтың үлгі болатынына сенімдіміз.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және сайлаушылардың заңды құқықтарын және мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыра береді.