10
Қантар

Санат жоқ 10.01.2013

Нұрлан Жазылбеков Алматы облысының Қаскелең қаласындағы Сүлейман Демирель атындағы Университетке барды

10 қаңтар 2013 жыл,  Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы

      Бүгiн, ағымдағы жылдың 10 қаңтарында сайлаушылармен кездесу үшiн аймақтарға шығу аясында Парламент Мәжілісінің депутаттары С.Үмбетов және Н.Жазылбеков, сондай-ақ Сенат депутаты Н.Сүлейменов, Алматы облысының әкiмi А.Мусахановпен бiрге Қаскелең қаласындағы Сүлейман Демирель атындағы Университетке барды.
        Осы ресми сапар аясында жоғары оқу орнының профессорлық оқытушылық құрамымен кездесу өттi, депутаттармен Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Қазақстан-2050 Стратегиясы»  жолдауының жекелеген қағидаларына түсiнiктемелер берілді. Сапар барысында Университеттің назар аударарлық орындарымен  таныстыру экскурсиясы жүргiзiлдi.
     Сонымен қатар, депутаттар Қаскелең қаласындағы 2012 жылы пайдалануға берілген орта мектепте болды, мұғалімдермен кездестi, орта бiлiмді дамыту мәселелерін талқылады.