03
Желтоқсан

«Ақ жол» партиясының Орталық кеңсесінде «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауының қорытындысын шығарып, жеңімпаздарын анықтауға арналған ғылыми-практикалық конференция өтеді

БАҚ назарына!
Баспасөз-анонсы   
 
2015 жылдың 3 желтоқсаны
 
 
Ертең, 2015 жылдың 4 желтоқсанында Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының Орталық кеңсесінде «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауының қорытындысын шығарып, жеңімпаздарын анықтауға арналған  ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Конференция аясында  «Ақ жол» демократиялық партиясының қолдауымен шығарылған Қазақстан тарихшылар қауымдастығының Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне арналған естелік медалімен марапаттау рәсімі өткізіледі.
Сондай-ақ  Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы 2016 жылғы «ХХ1 ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық  Байқауының басталғанын жариялайды. Байқау қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына арналып, оның қорытындысы 2016 жылдың 5 наурызында – Ә.Бөкейханның туған күнінде шығарылады. Жүлделік қоры 1 миллион теңгеге ұлғайтылып, 4 миллион теңгені құрайтын Байқаудың шарттары Бұхаралық ақпарат құралдары арқылы қосымша таратылатын болады.
Конференцияға алаштанушы ғалымдар, Парламент Мәжілісінің депутаттары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттер, қоғамдық ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысады.
 
Өткізілу орны: Сарайшық к. 11, № 5 кеңсе. «Ақ жол» ҚДП конференц залы
Іс-шараның өткізілу уақыты:4 желтоқсан 2015 жыл, сағат 10.00
Байланыс телефондары: 602 - 682, 602 - 688