«Ақ жол» партиясы бастамашылық жасаған орта бизнесті қолдау туралы ұсыныстары «қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін қолдауда маңызды рөл атқаруға қабілетті»; «Заң жобасының авторлары қисынды, айқын және анық дәйекті ұстанымдарды тұжырымдай алған» – «Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасына ресми құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамалардың нәтижелері «Ақ жол» ҚДП заңнамалық бастамасының пайдасында екенін білдіреді

» Баспасөз релиздері » «Ақ жол» партиясы бастамашылық жасаған орта бизнесті қолдау туралы ұсыныстары «қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін қолдауда маңызды рөл атқаруға қабілетті»; «Заң жобасының авторлары қисынды, айқын және анық дәйекті ұстанымдарды тұжырымдай алған» - «Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасына ресми құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамалардың нәтижелері «Ақ жол» ҚДП заңнамалық бастамасының пайдасында екенін білдіреді

17.03.2014, 00:00

17 наурыз 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» партиясы бастамашылық жасаған орта бизнесті қолдау туралы ұсыныстары «қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін қолдауда маңызды рөл атқаруға қабілетті»; «Заң жобасының авторлары қисынды, айқын және анық, дәйекті ұстанымдарды тұжырымдай алған» – бұл туралы «Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасына ғылыми құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамалардың қорытындыларында айтылады.
Көрсетілген Заң жобасы «Ақ жол» фракциясының депутаттарымен Президенттің «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша партияның іс-шараларының шеңберінде бастамашылық жасалған, және а.ж. қаңтардың соңында үкіметтің қарауына жіберілген болатын.
Үкімет жанындағы Ведомствоаралық комиссия отырысында заң жобасын таныстыру барысында А.Перуашев: «Егер Президент шағын және орта бизнеске қолдауға нақты шаралар қабылдауды ұдайы талап етеді, ал үкіметтік құрылымдар болса қасарысып, осындай қадамдарды шағын кәсіпорындармен ғана шектейді: заңнамаға жеңілдіктер тек шағын бизнес үшін енгізілуде – бұл салық кодексіне, мемлекеттік сатып алу туралы заңға, «Жеке кәсіпкерлік туралы» бейінді заңға және қандай да бір қолдау шараларын қарастыратын  кез-келген актілерге қатысты болып отыр», – деп атап өтті. Қазақстанда шағын бизнес негізінен сауда-саттық, қызмет көрсету салаларына шоғырланған, ал өндіріс секторы жабдықтарының, қажетті ғимарат және құрылыс құнымен, сондай-ақ, өндіретін инфракұрылымдарына байланысты объективті себептермен – шағын кәсіпорындар шеңберіне кірмейді және орта компаниялардың деңгейінен басталады».
Сонымен қатар, ол Кедендік Одақ елдерінде – Ресей Федерациясы және Беларуста шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауға арналған заңдар әрекет етеді, мұндай заңдар ТМД елдерінде (Арменияда, Украинада), сондай-ақ, экономикалық дамыған елдерде (Жапония, Германия, Италия, Франция, АҚШ, Қытай және т.б.) бар екенін атап өтті.
«Орта бизнесті қолдаудан бас тарту 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясына тікелей қарама-қайшы келеді, – деп есептейді Азат Перуашев, және Президент Н.Назарбаевтың сөзінен дәйексөз келтірді: «Бүгінгі күннің міндеті – шағын кәсіпорындарды және жеке кәсіпкерлерді орта дәрежеге көшіру үшін қажетті жағдайларды және алғышарттарды құру», сондықтан «Шағын және орта бизнестің талпыныстарын көтермелеу»…, оларды қолдау және көтермелеу жүйесін құру қажет».
Бұл жүйе қайда? Осы шарттар мен алғышарттар қайда? – деп  сұрайды кәсіпкерлер партиясының басшысы,  – «Оның орнына біз шағын бизнесті одан ары қарай орта және ірі бизнеске өсуге жібермейміз. Кәсіпкерге салықты аз төлеу үшін, бір қызметін ЖК желілеріне бөліп-бөліп жіберу тиімдірек. Мұндай жағдайлар барлық жерде кездеседі».
Әрине, сол үшін жеңілдіктерден айырылатын болса, кім негізгі қаржыға және айналымға ақша салады және тек ҚҚС-тің бір өзіне 4 есе көп төлеуге тура келеді! Оданда ескі жабдықтарды істен шыққанша қолданып, оларды әр түрлі ЖК рәсімдегені өте жеңіл. «Бұл іс жүзінде, Президенттің биылғы Жолдауында маңызды міндеттердің бірі ретінде белгіленіп берген онсыз экономиканың инновациялық және технологиялық дамуы мүмкін болмайтын бизнесті жаңғыртудан және ұлғайтудан, инвестициядан бас тартуды білдіреді», – деді Перуашев.
«Ақ жол» ҚДП-сы Президент Н.Назарбаевтың бизнесті қолдау туралы бастамасын тікелей басшылыққа ала отырып, ал бизнестің проблемаларын жеке жауапкершілік ретінде қабылдай отырып,  әзірлеген заң жобасында жоғарыда атап көрсетілген ШОБ-ті қолдаудағы үйлеспеушіліктерді  шешуді және басқа мәселелерді қоюды ұсынады.
Бизнесті қолдаумен қатар, Қазақ гуманитарлық заң университетінің 
Ғылыми сараптама және талдау институтының директорының орынбасары, профессор Р.Нұртаевтың қолы қойылған қорытынды бойынша «заң әзірлеушілермен  сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылыққа  және сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі көріністеріне белсенді қарсы тұру мүмкіндіктеріне  ұсынылған новеллаларды  толықтыруға нақты шаралар қарастырылған». Оның үстіне, қорытындыда «ШОБ мемлекеттік қолдауды кепілді бекіту жөнінде шараларды нақтылаумен байланысты мәселелерді құқықтық шешу, ШОБ саласында сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылықтарға қарсы әрекеттерді жандандыру үшін қосымша жағдайлар жасауға әкелуі мүмкін» деп көрсетілген.
Сондай-ақ, сарапшылар тобымен ғылыми құқықтық сараптаманың оң қорытындысын берген: онда «Заң жобасының авторлары қисынды, айқын және анық, дәйекті ұстанымдарды тұжырымдай алған», – деп айтылған.
Заң жобасын құқықтық тұрғыда қабылдау, келешекте шағын, сондай-ақ аса маңызды болып табылатын орта кәсіпкерлікті дамыту үшін    құқықтық базаны құруға, олардың қызметі жолында кездесетін әкімшілік кедергілерден өтуге, ШОК құқықтық реттеуде алдыңғы қатарлы тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік-экономикалық тұрғыда заң жобасын қабылдау ұлттық экономикада шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін өсіруге, жұмыссыздықты азайтуға, бюджетке салық түсімдерін өсіруге әкелуі тиіс. Жалпы алғанда бұл экономикалық өсуге және тұрғындардың көбінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін болады.
«Ұсынылып отырған заң жобасы ескертпелерді есепке ала отырып, одан әрі енгізілуі мүмкін», – деп корытындылайды сарапшылар.
«Ақ жол» партиясының депутаттары Ведомствоаралық комиссияның отырысында талқыланғаннан кейін, Мемлекет басшысының жуырдағы бизнесті реттейтін барлық заңдарды Кәсіпкерлік кодексіне шоғырландыру туралы тапсырмасын басшылыққа ала отырып, жеке заңның орнына оның нормаларын аталған кодекстің әзірленіп жатқан жобасына арнайы тарау етіп енгізуге келісті.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және қазақстандық бизнестің мүдделерін қорғау бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.