«Ақ жол»: Қазақ елінің мәдени мұрасын қорғау, дамыту және тарату қажет

» Баспасөз релиздері » «Ақ жол»: Қазақ елінің мәдени мұрасын қорғау, дамыту және тарату қажет

19.03.2014, 00:00

19 наурыз  2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Қазақстан халқының мәдени мұрасын қорғау, дамыту  және тарату қажет – бұл туралы кеше Алмас Тұртаев Мәжілістің пленарлық отырысы барысында, ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтың атына фракцияның тиісті депутаттық сауалын жария етті.
«Қазақстан Республикасы халқының материалдық емес мәдени мұрасы, ұлттық мәдениеттің аса маңызды құрамдас бөлігі, ұрпақтардың рухани байланысын нығайтатын ұлттық сана-сезімнің негізі бола отырып, Қазақстан мәдениетін қалыптастыруда басты рөл атқарады. Алайда, бүгінгі таңда рухани мұраны зерттеу, жинақтау, дәріптеуге байланысты мәселе өз шешімін толығымен таппай отыр», – деп көрсетіледі сауалда.
Депутаттар қазақ халқының мәдени құндылықтарын сақтау мәселесі тек еліміздің материалдық емес мәдени мұрасын қолдау мен дамытудың базалық тетіктерін құру жолымен ғана шешілуі мүмкін екеніне сенімді.
Бүгінгі таңда, 45 элемент енгізілген «Қазақстан Республиксының материалдық емес мәдени мұрасының ұлттық тізімі» бар, бірақ онда материалдық емес мәдени мұраның тізімі мүлдем толық емес, алдын ала деректер бойынша оның азды көпті толық нұсқасының өзі бірнеше мың атауларды құрауы тиіс.
Мысалы, дәстүрлі кілем тоқу өнері кілем бұйымдарының көптеген түрлерінен тұрады, олардың қай түрі болсын, тоқу тәсілдеріне, өрнектеріне, материалдарына және қолдануына байланысты да ерекшеліктері бар.
Қазақтың үйлену тойының жол-жоралғысы іс-шаралардың күрделі жүйесін құрады, мәселен: онда тойға дейінгі салт-дәстүр қыз айттыру, құда түсу, қалың мал, сүт ақы сияқты – барлығы 24 элементтің әрқайсысы жеке жанр болуға тұрарлық, олар бірінші тізімге мүлдем кірмей қалған, ал екіншісіне тек бес элемент кірген.
«Ауызша дәстүрлер және айту түрлері» бөлімшесіне қазақ фольклорының «эпос», «жырлар», «дастандар», «хикая», «қисса» сияқты және т.б. жанрларын кіргізуге болады.
«Орындаушылық өнері» бөліміне аспаптық жанр (ұлттық музыкалық аспаптар) кіреді – бұл дегеніміз домбырада, қобызда, сыбызғыда, жетігенде тағы басқа….көптеген музыкалық аспаптарда орындалған бірнеше мыңдаған дәстүрлі қазақ музыкасының шығармалары. Қазақтың домбырасы – бұл аспапты дайындау технологиясының өзі материалдық емес мәдени мұраға жатады. Сарапшылардың мойындауынша қобыз әлемге тараған көптеген ысқы аспаптардың (скрипка, виолончель және т.б.) арғы атасы болып табылады.
Сауалда көрсетілгендей  мәдени мұраны сақтаудағы ахуал алаңдатушылық туғызып отыр. Дәстүрлі қолөнерін көзінің қарашығындай сақтаушылар мен жалғастырушылардың саны саусақпен санарлықтай. Дәстүрлі қолөнерін жалғастырушылар саны қатты кеміп кетті.
Дәстүрлі музыкалық аспаптарда күй тарту жоғалып кетудің аз алдында тұр, дәстүрлі күй мектептерінің ізбасарларының бірлі-жарымы ғана  қалды. Бүгінде фольклорлық экспедицияларды ұйымдастыруға қаржының жеткілікті деңгейде бөлінбеуіне байланысты ұлттық шығармашылық ұжымдар өз репертуарының жұтаңдығын сезінуде.
«Мәдениеттің жаппай жаһандану, бірігу және өзара әсер ету дәуірінде  материалдық емес мәдени мұраны сақтау мәселелері ерекше мағынаға ие болатынына», – «Ақ жол» партиясында сенімді.
Осыған байланысты, фракция депутаттары материалдық емес мәдени мұраның толық Ұлттық тізімін жасау, оған мәдени мұраның элементтерін қосу  критерийлерін жасау, сондай-ақ оны тарату және қорғау бойынша   шаралар қабылдау қажет деп есептейді.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.