25
Мамыр

Алаш көсемдеріне тағзым

«Ақ жол» ҚДП-ның Ақтөбе  облыстық филиалы, 2017 жыл. 24 мамыр

Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Асқар Садықовтың және бір топ ұлтжанды азаматтардың бастамасымен Ақтөбе қаласында, 6 мектеп және 4 көшеге Алаш көсемдерінің есімдерін беру туралы ұсыныс жасалды. 

Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жылдық мерейтойына орайластырылып жасалған бұл шара, қазақы рухтың, ұлттық сананың оянуының бір жарқын көрінісі. Рухани жаңғыру қоғамымызда жүріп жатыр, сізбен бізге білінбей. 

Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Тұрар Рысқұлов, Мағжан Жұмабаев, Халел Досмұхамбетов, Жаханша Досмұхамедов, Міржақып Дулатов, Әлихан Ермеков Бақтыгерей Құлманов есімдері Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарында берілетін болса, Алаш рухын жаңғыртып, жақсы жаңалықтың жаршысы болатындығы сөзсіз.