06
Мамыр

Санат жоқ 06.05.2014

Алмас Тұртаев аймақтарға сапары аясында Қызылорда облысы Шиелі және Жаңақорған аудандарында болып жергілікті кәсіпкерлермен кездесті

6 мамыр 2014 жыл, Ақ жол ҚДП-ның Қызылорда облыстық филиалының баспасөз қызметі 
Алмас Тұртаев аймақтарға сапары аясында Қызылорда облысы Шиелі және Жаңақорған аудандарында болып жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Шиелі ауданынданына сапары аясында Алмас Тұртаев «КНК КЕМИКАЛ» ЖШС-да болып, оның жұмысымен танысты. Кездесу барысында  өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту мәселелері тақырып өзегіне айналды.    
Ал Жаңақорған ауданында депутат жеке кәсіпкерлермен және шаруа қожалықтарының жұмысымен танысып, егін басында болды. Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқанын, дегенмен кәсіпкерліктің дамуына тежеу болып отырған бірнеше кедергілердің бары сөз етілді. Өз кезегінде Алмас Тұртаев аталған мәселелердің заң шеңберінде өз шешімін табатынын айтып, партия тарапынан осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайында ақпарат берді.