‘Ақ жол’ ҚДП-ның Маңғыстау облыстық филиалы Мұнайшы тұрғындарымен кездесу өткізді

» Санат жоқ » 'Ақ жол' ҚДП-ның Маңғыстау облыстық филиалы Мұнайшы тұрғындарымен кездесу өткізді

06.05.2014, 00:00

6 мамыр 2014 жыл, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
«Ақ жол» ҚДП МОФ заңгері Қ.Көшбаев,  «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ кеңесшісі О.Орынғалиев, Маңғыстау облыстық сауда және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бас маманы Р.Кенжешов, «Ауыл шаруашылығын қолдау» қорының несие жөніндегі менеджері Д.Маулимова Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы кентінде жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында  «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ кеңесшісі О.Орынғалиев өңірдегі кәсіпкерліктің дамуы туралы айта кетсе,  кеңесші мамандар  жұртшылықтың көкейінде жүрген көптеген сұрақтарына жауап берді. Мұнайшы кентінің тұрғыны, жеке кәсіпкер А.Е. Жұмағұлова наубайхана ашу үшін арнайы мамандардан кеңес алып, жинақталатын құжаттар және  мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау туралы мәліметтер алды. Тағы да бір жеке кәсіпкер А.Жакауова өзінің кондитерлік өнімдер шығаратын цех ашқысы келетіндігін және қаржылай көмекті қалай алуға болатындығы туралы сұрақтарын қойып, арнайы мамандардан кеңес алды. Қазіргі таңда Мұнайшы кентінде  600-ге жуық көру-есту мүшелері кемтар балалар бар екендігін есепке ала отырып, соларға арналған арнайы логопедтік-оқу орталығын ашу жоспарда бар екендігін жергілікті жеке кәсіпкер А.Төлегенов  айтып өтті. Аталмыш жобаға қажетті мағұлматтар ала отырып, мамандар кеңесіне жүгінді. Сондай-ақ тұрғындар өздерінің шешілмей жатқан мәселелерін де көтерді. Атап өтсек, Ж.Кекілбайқызы 2013 жылы қыркүйек айында шаштараз ашу мақсатында жер телімін бөлу туралы аудан әкіміне жазылған арызы  жауапсыз қалған, ал Р.Бейбітова 150 ш/м жер телімін автокөлік жуу орталығын ашу мақсатында алған болатын, енді сол жерді 250 ш/м –ге дейін ұлғайтып бірнеше нысандар салмақшы. Сол турасында   шешілмей жатқан мәселелерін көтерді.
«Ақ жол» ҚДП МОФ шешілмей жатқан мәселелерді тиісті органдарға жеткізіп, қолдан келгенше жәрдемдесуге тырысатын болады.