Депутат Талғат Ерғалиев Маңғыстау облысының сайлаушыларымен кездесті

» Санат жоқ » Депутат Талғат Ерғалиев Маңғыстау облысының сайлаушыларымен кездесті

05.05.2014, 00:00

5 мамыр 2014 жыл, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
4 мамыр күні  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясының мүшесі Талғат Ерғалиев,  «Ақ жол» КДП МОФ төрағасы Ж.Матаев және партия төрағасының бірінші орынбасары  Ж.Есқалиев Жеңіс мерекесі қарсаңында Ақтау қаласының тұрғындары, соғыс және тыл ардагерлері Қылыш Өтетілеуов пен Қойшыбек Сарқұловтың үйлеріне арнайы барып құттықтады. Ардагер ақсақалдар өздерінің өнегелі өмір жолдары  туралы көптеген мағұлматтар айтып, біраз шер тарқатысып алды. Маңғыстауға арнайы іс-сапармен келген Талғат Ерғалиев жұмысын бастамастан бұрын ардагер ақсақалдардың ақ батасын алды.
Кейін «КапРем Сервис» ЖШС-ның  ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында мекеме жұмысшылары өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салып, көптеген сұрақтарына жауап алды.
Содан соң, «Ақтау-Теңіз порты ЕЭА» АҚ  төрағасы Ә.Төлегеновпен кездесті. Кездесу барысында «Ақтау-Теңіз порты ЕЭА» АҚ ұжымы атқарылып жатқан жұмыстарымен, келешекте атқарылуға тиісті жұмыс жоспарларымен және шешімі кезек күттірмейтін проблемаларымен таныстырып өтті. № 3 аймақта орналасқан «Arсelor Mittal» АҚ және «Ақтау Полимер» зауыты өндіріс аймақтарының базалары мен зертханаларына барып, тыныс-тіршілігімен танысты. «Ақтау Полимер» зауытының коммерциялық  директоры Мейрімбек Абдуллаев зауыт жұмысымен таныстыра отырып, шығарылған өнімдерінің ең бастысы сапасына назар  аударатындығын баса айтты. Одан әрі «Arсelor Mittal» АҚ-ның бас ғимаратында мекеме басшылығымен кездесті. «Arсelor Mittal» АҚ аймақтағы бірден-бір спирал тәрізді құбыр шығаратын зауыт және өнімдерінің негізі  20%  ТКҚ, 80%  мұнайгаз тасымалдау үшін қолданылады. Кездесу барысында өндіріс ошағының жұмысымен танысып, зертханасында болды. Бұл мекеменің өндіріс ошағындағы техникалық қауіпсіздіктердің қатаң сақталатындығын байқадық. Еркін экономикалық аймаққа қарасты субзоналарда орналасқан «Arсelor Mittal» АҚ және «Ақтау Полимер» зауытындағы инфрақұрылымдық проблемалар, тендер мәселесі, отандық тауарға сұраныстың жоқтығы, олардың сапасыз тауарлармен алмасуы т.б мәселелерін ортаға салды.
Күн  тәртібі соңында Талғат Ерғалиев жекелеген азаматтарды өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.