25
Қазан

«Ақ жол»: шынымен, біз бүгін дарынсыз таратып жатырған клиникаларды мемлекетке балабақшалар сияқты тағы да үш есе қымбат сатып алуына тура келе ме? – фракция денсаулық сақтау нысандарын жекешелендіруді мемлекет пен қоғам үшін нақты шарттары мен түсінікті пайдасы бар тиісті бағдарламасы әзірленгенше тоқтата тұруды талап етеді

25 қазан 2017 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі

Шынымен, біз бүгін дарынсыз таратып жатырған клиникаларды мемлекетке балабақшалар сияқты тағы да үш есе қымбат сатып алуына тура келе ме? – фракция денсаулық сақтау нысандарын жекешелендіруді мемлекет пен қоғам үшін нақты шарттары мен түсінікті пайдасы бар тиісті бағдарламасы әзірленгенше тоқтата тұруды талап етеді. Бұл жөнінде бүгін Мәжілістің пленарлық отырыс барысында Дәния Еспаева мәлімдеді. Фракцияның депутаттық сауалының мәтіні төменде берілген.

                                                                                                           Қазақстан Республикасы
                                                                                                           Премьер-министрінің орынбасары
                                                                                                                           Е.А.Досаевқа
 

Құрметті Ерболат Асқарбекұлы! 

«Ақ жол» партиясы нарықтық реформаларды, экономикаға мемлекеттің қатысуын қысқартуды және мемлекеттік нысандарды жекешелендіруді белсенді түрде қолдайды.  

Алайда, жекешелендіру жөніндегі Республикалық комиссиясының жұмысы және БАҚ-ның өңірлердегі үрдістері туралы жарияланымдары көрсеткендей, комиссия сол немесе басқа да себептермен нарықтық жекешелендіруді – әр түрлі өзге механизмдермен алмастырады. Соның ең танымалы нысанды кейін жекешелендіру арқылы сенімгерлік басқаруға беру болып отыр – бұл арқылы жаңа қожайындар мемлекеттің өз қаражаты есебінен, іс жүзінде сый ретінде, мемлекетке төлем жасауда.

Бұл үлгі денсаулық сақтау нысандарына қатысты ең көп қолданысқа ие болды: соның ішінде, оны Алматы қаласындағы Көз аурулары ғылыми-зерттеу институтына және Урология ғылыми-зерттеу институтына, басқа да бірқатар клиникаларға қолдану ұсынылды. Барлығы 2017-2020 жылдары елімізде 124 клиника сенімгерлік басқаруға тапсыру жоспарланған.

Бұрын «Ақ жол» фракциясы 28 қыркүйектегі сауалында мұндай тәсілдерге өзінің ұстанымын білдірген еді.

Біз сол ұйымның есебінен кейіннен сатып алумен сенімгерлік басқаруға беру арқылы бюджетке ақша түсірмей жекешелендіру өзінің негізгі мақсаттарын шеше алмайды деп есептейміз, атап айтқанда:

- мемлекет жекешелендірілген нысандар үшін нақты қаражат алмайды;

- нысанның өзі жаңғырту және техникалық қайта жабдықтау үшін жеткілікті қосымша инвестициялар алмайды;

-қатаң бәсекелестік жағдайында тиімді жұмысты қамтамасыз ете алатын қазіргі заманғы менеджментті енгізілуі жоқ;

- ұсынылатын сервистер мен қызметтердің сапасы көтерілмейді;

- кәсіпкерлікке жаңа азаматтарды тартудың орнына мемлекеттік мүлік тар шеңбердегі адамдардың қолында шоғырлануы елеулі жемқорлық тәуекелдіктерді тудыртады.

Осы кемшіліктер туралы біз Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі комитетіне ресми хат жібердік. Алайда, қайырымдылықпен шекаралас, әр түрлі жеңілдік тізбелер бойынша клиникаларды жекешелендіру тәжірибесі жалғасуда.

Әсіресе ТМККК желісі бойынша мемлекеттік қаржыландырудың сақталуын ескерсек, мұның еш қисыны жоқ. Жаңа қожайындар үлкен үмітті МӘМС Қорының жұмысының басталуымен байланыстырады.

Бірақ, жекешелендірудің міндеті нысанды тек біреудің қолына тапсыру ма? Денсаулық сақтау саласы– ел қауіпсіздігінің кепілі. Тәуелсіздік жылдарында біздің мемлекет денсаулық сақтау саласында белгілі бір жетістіктерге қол жеткізді. Жыл сайын жаңа жабдықтарды сатып алу, жаңа технологияларды енгізу үшін республикалық бюджеттен миллиардтаған қаржы бөлінді. Қазіргі таңда көптеген ауруханалар мен емханалар толығымен қайта жабдықталды.

Мемлекеттік бюджеттен денсаулық сақтауға жыл сайын шамамен 1 трлн. теңге қаржы жұмсалады.

Сонымен қатар, елге үнемі медицина қызметкерлері қажет, халықаралық тәжірибе көрсеткендей оларды сапалы дайындау, тек қана көп профилді медициналық холдингтер базасында тиімді болуы мүмкін. Және біз осыған қашан келеміз – шынымен, біз бүгін дарынсыз таратып жатырған клиникаларды мемлекетке балабақшалар сияқты тағы да үш есе қымбат сатып алуына тура келе ме?

Осыған орай, «Ақ жол»  депутаттық фракциясы денсаулық сақтау нысандарын осындай «жаулап алудан» мемлекет пен қоғам үшін нақты шарттары мен түсінікті пайдасы бар тиісті бағдарламасы әзірленгенше тоқтата тұруды қажет деп есептейді.

 

 

Құрметпен,

«Ақ жол» фракциясының депутаттары