28
Мамыр

Санат жоқ 28.05.2014

«Ақ жол»: Аудан орталықтарындағы және шағын қалалардағы бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асырушы барлық ұйымдардың өкілдіктерін тек қана халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғимараттарына орналастыру қажет

28 мамыр 2014 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Төменде кеше Мәжілістің пленарлық отырысында Т.Ерғалиевпен жарияланған «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттық сауалының мәтіні келтіріледі.
 
28.05.2014 ж. жарияланды
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
К.Қ. Мәсімовке
 
Депутаттық сауал
 
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
 
Өзіңізге мәлім, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру аясында «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы (әрі қарай - Бағдарлама) әзірленген.
Бағдарлама бағыттарының бірі кәсіпкерлікті қолдау инфраструктурасын қалыптастыруды көздейтін шағын және орта бизнесті (әрі қарай - ШОБ) мемлекетік қолдауды қарастырады.  
Осыған байланысты, кәсіпкерлер мәселелерінің кең ауқымын шешу мақсатында Бағдарлама моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында Кәсіпкерлікті қолдау Орталықтарын (әрі қарай - Орталық) құруды қарастыратын бір бөлікпен толықтырылған.
  Орталықтар кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастама көтеруші тұрғындарға бизнесті мемлекеттік қолдау құралдары жөнінде ақпараттық-кеңестік және түсініктеме жұмысын жүргізу, сондай-ақ бизнесті жүргізуге практикалық қолдау көрсету үшін кәсіпкерлік бастамамен құрылады.  
Бағдарламаға сәйкес, Орталықтар ақысыз негізде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының үй-жайларының операциялық залдарында жайғастырылуы тиіс.
Алайда, Орталықтардың ашылуына бюджеттік қаржылар бөлінгеніне қарамастан олардың орналасуында қиындықтар туындап отыр, өйткені халыққа қызмет көрсету орталықтары өздерінің ғимараттарынан Орталықтың кеңесшілеріне қажетті алаңдар беруден бас тартуда.
Сонымен бірге Орталықтарға бөлінген қаржы мақсатты сипат алып отыр және олар Халыққа кызмет көрсету орталықтарының алаңдарын жалға алу үшін, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге төлеуге құқылы емес.  
Сонымен қатар, Бағдарламамен шағын кәсіпорындарды қолдаудың құралы ретінде, олардың қалыптасуына және табысты дамуына ресурстар мен қызметтердің кешенін ұсыну жолымен, қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған бизнес-инкубаторлар құру қарастырылған. Оның ішінде бизнес-инкубаторда орналастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін іріктеу және олармен өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімге отыру да кіреді.
Бизнес-инкубаторлар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациямен немесе жергілікті атқарушы органдармен, немесе кәсіпорындар ұсынған алаңдардың базасында құрылады.
Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын тек қана аудан орталықтарында және шағын қалалардағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналастыру туралы мәселені қарауды ұсынамыз.
Бұдан басқа, бұл орталықтарда бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламаларын іске асыратын барлық ұйымдардың өкілдіктерін біріктіру қажет.
Сонымен, кәсіпкерлердің және кәсіпкерлік бастама көтеруші тұрғындардың мемлекеттік бағдарламаларға қолжетімділігін және олардың тетіктері жөнінде «бір терезе» принципі бойынша кеңес беруді қамтамасыз етеміз.
          Сізден заңмен бекітілген мерзімде жауап беруді сұраймыз.
 
«Ақ жол» ҚДП парламенттік
фракциясының депутаттары