30
Мамыр

Санат жоқ 30.05.2014

«Ақ жол»: Қазақстанда демалыс Жерорта теңізіндегі шипажайлардан неге әлдеқайда қымбат?

              2014 жылғы  30 мамыр, Қазақстанның «Ақ жол» ҚДП-ның баспасөз қызметі.
            Төменде Мәжілістің пленарлық отырысында Н.Жазылбеков жариялаған «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттық сауалының мәтіні келтіріледі.
 
Құрметті Кәрім Қажымханұлы!
            Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстандық дамудың басты бағыты» Жолдауын  іске асыру мақсатында маңызды әлеуметтік-экономикалық бағыттардың маңызды бір бөлімі ретінде Қазақстан Республикасында туристік саласын 2020 жылға дейін дамытудың тұжырымдамасы  (әрі қарай тұжырымдама) әзірленген.
            Құжатпен 2020 жылға дейін 9 785,3 млн. АҚШ долларын,  оның ішінде мемлекеттік бюджеттен-4 367,7 млн. АҚШ долларын инвестициялау жоспарланған. Қазіргі кезде республикалық бюджетке төленген салық  20,6 млрд. теңгені құрайды. Бұл сала бойынша жұмыспен қамтылған халықтың саны 158 700 адамды құрап отыр.
            Шет елдегі саяси белсенділіктің әсері жергілікті туризмді дамытуға жағдай жасайды. Бұған қоса, Қазақстанның таушаңғысы шипажайы, көрікті көлдері, тарихи ескерткіштері сияқты үлкен өз әлеуеті бар. Бұл саланың негізгі мәселесі, Қазақстанға келуге туристердің қызығушылығының жоқтығынан емес, көрікті  және қызықты жерлердің көптігіне қарамастан шындап келгенде ешқайда бара алмайды.  Не инфрақұрылымдар, не білікті мамандар, не тиісті деңгейдегі қауіпсіздік шаралары жоқ, Қазақстанға демалуға тек қана ең өжет экстрим әуесқойлары келуге дайын.
            Толып жатқан туристік агенттіктер негізінен тек қана бір бағытты-көшпелі туризмді дамытуда. 
            Ішкі туризм сараптамалық деректер бойынша туризмнен түсетін барлық кірістердің 3-тен 5% құрайды, осыған ұқсас көрсеткіштер  дамыған елдерде 50% дейін жетеді.
            Көшпелі туризмнің басым дамуы себептен гөрі салдар болып табылады. Туристік инфрақұрылымдардың толықтай жоқтығы туристік агенттіктерге елімізге саяхат ұйымдастыруға  мүмкіндік бермейді.
            Алакөл көлінің сирек кездесетін жағалауына санаторий-курорттық аймақты дамыту жөнінде ертеректе  қабылданған бағдарламалар аясында туристік қызмет ұйымдастыру қарастырылған.
            Аталмыш көл Қазақстандағы ішкі су қоймаларының арасында көлемі жағынан екінші орында және республикамыздағы ағынсыз терең көлдердің арасындағы бірегейі. Алакөл көлінің суының көлемі Балхаш көлінің жартысына тең. Алакөл көлі, асыра айтпағанның өзінде, нағыз табиғи емдеу орны болып табылады.
            Ал бүгін Алакөлде не болып жатыр?
            Қоғамдық тамақтану орындары толық ласталған, қонақ үйлері және туристік базаларындағы төменгі сортты сервис,  қызмет көрсететін күтуші персоналдар шет тілдерін, ал көбіне жай ғана сөйлесу мәдениетін де  білмейді.
            Сондай-ақ, жағажайларды бекіту жұмыстарын жүргізу жөніндегі гидрологиялық зерттеулерге атқарушы органдардың немқұрайлылығы ерекше алаңдатады, бұл  соңғы жылдары жағалау аймағының ішіне қарай 300 метрге опырылып құлауына әкелді. Жыл сайын жағалау жиегінің құлауы орта есеппен 10-нан 30 метрге дейін жетеді.
            Орташа статистикалық шет елдік турист негізсіз жоғары бағалар үркітеді. Салыстырмалы түрде айтсақ, «Бурабай» шипажайына келуші туристерге  трансферсіз таңғы асын қосқанда 1 адамға 10 күнге демалу үшін 350 000 теңге төлейді, Жерорта теңізінің жағалауындағы Түркияның курорттық аймағында, ұшып барып қайту бағасын қосқанда барлығы ішіне кіретін, 10 күн үшін,  туристік жолдаманың құны 225 396 теңге. Өздеріңіз ойлаңыздаршы, Сіз қандай таңдау жасар едіңіз?
            Қазақстанның рекреациялық әлеуеті орасан зор. Осындай туристік ресурстары бола тұра олардың классификациялары жоқ, қолданысқа енгізу үшін этнографиямен байланысты орасан зор ресурстары зерттелмеген.
            Бізде қанша тарихи ескерткіштер немесе туристік бағыттағы нысандар бар екендігін туристік тізілім және кадастрдың жоқтығы себепті  туристік фирмалар білмейді.
            Қазақстанның маңызды нысандары-жас елордамыз Астана және Медеу биік таулы мұз айдыны, Алматыдағы Шымбұлақ. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың күш салуымен Астананы бүкіл әлем таныды, көпшілігі  ұлы даладағы таңғажайыпты өз көздерімен көргілері келеді. Ал  Медеудің инерциялық даңқы, жоғары сапалы сервизімен ерекшеленбесе де әлі күнге дейін ТМД елдерінің және алыс шет елдерінің туристерін тартуда.
            Аймақ ауқымындағы ЭКСПО-2017 сияқты мұндай ірі оқиғаны ұйымдастыру және өткізу туристік саланың жоғары деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді, бюджетке түсетін салықтың есебінен еліміздің экономикасының дамуына елеулі үлес қосады,  шет ел валютасы құйылады, жұмыс орындарының саны көбейеді, сондай-ақ мәдени және табиғи мұраларымызды сақтау мен тиімді пайдалану жағын бақылауды қамтамасыз етеді. Еуропалық және азиялық туристік операторларының Қазақстанның туристік мүмкіндіктеріне қызығушылығы Астананы бүкіләлемдік маңызға ие орталыққа айналдыру жөніндегі мақсатымызға жеткізуге үлкен мүмкіншілік береді.
            Осыған байланысты Сізден Үкіметтің республикада туристік индустрияны  дамыту  бойынша шаралары туралы және оның Алакөл көлінің жағалауы жиектерін судың жырып кету проблемасын шешуге байланысты келешектегі жоспарлары жайлы хабарлауыңызды сұраймыз.
            Сауалымыздың қаралуы нәтижелері туралы заңмен белгіленген мерзімде жазбаша түрде хабарлауыңызды сұраймыз.