02
Наурыз

«Нұрлы жол» бағдарламасын Мемлекет басшысының Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жүргізіп келе жатқан қажырлы көпжылдық саясатының контексінде қарау қажет – Азат Перуашев

 
2015 жылдың 2 наурызы, «Ақ жол» ҚДП баспасөз-қызметі
«Нұрлы жол» бағдарламасын Мемлекет басшысының Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жүргізіп келе жатқан қажырлы көпжылдық саясатының контексінде қарау қажет – бұл жөнінде өткен бейсенбіде Орталық коммуникациялар қызметінде  брифинг барысында Азат Перуашев мәлімдеді.
Өзінің сөзінде ол «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты және осы бағдарламаның орындалуы үшін Президент Назарбаевтың Үкіметке берген тапсырмалары бойынша партияның ұстанымдары туралы айтты.
«Бұл бағдарламаны бағалағанда комментаторлар кей кезде  бір ұшқарылықтан екінші ұшқарылыққа ұрынып жатады: оны маңызды, бірақ бір мәртелік, кезеңдік міндет деп, ал енді бірде өте жеткілікті, өте бағалы құжат деп абсолюттікке шығарып, дәріптеліп қарастырылады,-деп атап өтті «Ақ жол» көшбасшысы. -  Егер Президенттің жыл сайынғы барлық Жолдауларын, оның бағдарламалық сөздерін, Қазақстанның 2030 жылға дейін даму Стратегиясын, одан кейінгі Стартегия-2050-ін; үдемелі индустрияландыру бағдарламасын, «Мәңгілік ел» тұжырымдамасын зерттеп қарасақ – онда елді мақсаткерлікпен өркендету бағыты айқын көрінеді».
«Бұл мағынасында «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты  – өте ауқымды, кешенді бағдарлама, бірақ бәрібір де өнімді экономиканың сыртқы стресстеріне шыдамды және заманауи білімді тұрғындары бар мықты және алдыңғы қатарлы мемлекет құрылысы бойынша Ұлт көшбасшысының ғаламдық іс-қимыл жоспарының құрамдас міндеті болып табылады. Бұл мағынада,  Бағдарлама бүгінгі күн үшін өте өзекті дағдарысқа қарсы бірқатар іс-шараларды құрайды. Бірақ сыртқы дағдарыстар мен біздің табалдырығымызда тұрған дауылдар келеді және кетеді, ал халық, мемлекет, құрылған экономика – қалады», - деп санайды «Ақ жолда».
  Сондықтан Жаңа экономикалық саясаттың базалық бағыттары – экономиканың нақты секторы, ұқыпты бюджеттік саясат, аграрлық-өнеркәсіптік кешен, бұқаралық жеке кәсіпкерлік, орнықты қаржы секторы – бұлар да бір мәртелік міндет ретінде қарастырылмауы тиіс. Олар мемлекеттік және экономикалық құрылыстың жалпы конструкциясына табиғи түрде түйісуі және уақыт талаптарына сай жаңа сапаны дамытуы тиіс.
«Осылайша, біз «Нұрлы жол» бағдарламасын мемлекеттік, экономикалық, кеңінен алғанда, тұтастай ұлттық дамуды тек қана жаhандық қауіп-қатерлерге ыңғайланған емес, ондай қауіп-қатерлердің алдын алатын жаңа сапалы деңгейге жеткізудің жолы деп тануды ұсынамыз, - деп атап өтті Перуашев. - Біздің бәріміз Жаңа экономикалық саясаттың осындай феноменіне куәгерлерміз, ол Н.Назарбаевпен әдеттегіден 3-4 ай бұрын жарияланған оның жыл сайынғы жолдауында жарияланды.
Дәл осы мерзімде үкімет бюджеттік саясатқа қажетті өзгерістер жасап үлгерді, олар Мәжіліспен кеше сыртқы экономикалық қатерлерге жауап ретінде қабылданды».