«Ақ жол»: Жастар туралы заңдағы жас маманмен 2-жылдық келісімшарт – міндет емес, бизнестің құқығы

» Баспасөз релиздері » «Ақ жол»: Жастар туралы заңдағы жас маманмен 2-жылдық келісімшарт – міндет емес, бизнестің құқығы

24.12.2014, 00:00

         
2014 жылдың 24-ші желтоқсаны, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол»: Жастар туралы заңдағы жас маманмен 2-жылдық келісімшарт – міндет емес, бизнестің құқығы – бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысында заң жобасын екінші оқылымда талқылау барысында Алмас Тұртаев мәлімдеді. Өзінің сөзінде ол мемлекеттік жастар саясаты туралы заң жобасына қолдау білдірген «Ақ жол» фракциясының ұстанымын жариялады. 
Бұл заң жобасымен жұмыс барысында Еңбек кодексіне өзгерістер және толықтырулар енгізілді. «Ақ жол» депутаттарымен Жұмысшы тобының қарауына 50-ден астам ұсыныстар енгізілді, олардың үлкен бөлігі қолдау тапты. 
Өзінің сөзінде А.Тұртаев жұмысқа бірінші рет кіруші жас маманмен 2-жылдық келісімшартқа қатысты Еңбек кодексіне толықтыруларға тоқталды. Депутат кейбір БАҚ бұл бапты бизнес үшін қатер ретінде көрсеткенін еске салды.
 «Мұндай келісімшарт – жұмыс беруші үшін міндет емес, беріліп отырған мүмкіндік. Егер жұмысқа жауапсыз қарау орын алса, жас маманды жұмыс берушінің жұмыстан босатуға құқы сақталып отыр», – деп атап өтті А.Тұртаев.
Ол сондай-ақ «Ақ жол» фракциясының жағдайды нақты қадағалайтынын және тіпті бұл бап бойынша өзінің түзетуін енгізгенін айтты. «Бірақ та түзету қолданыстағы нормаларды қайталайтын болғандықтан (лауазымдық міндеттерді орындамағаны немесе лайықсыз орындағаны үшін жауапкершілік Еңбек кодексінің 54 бабымен реттеледі)» біз оны алып тастадық. Жұмыс берушілер үшін қауіп жоқ деп санаймыз. Біздің фракция бұл заң жобасын  қолдайды және әріптестерін де оны қолдауға шақырады», – деп қосты Мәжілістің ең жас депутаты. 
«Ақ жол» ҚДП парламенттік фракциясы өз сайлаушыларының мүдделері үшін заң шығарушылық жұмыстарын жалғастырады.