10
Маусым

Санат жоқ 10.06.2014

Азат Перуашев: Кедейлер мен байлар арасындағы алшақтықты тек қана интеграция арқылы және елдерді жалпы өркениеттік үдеріске тарту арқылы еңсеру мүмкін

10 маусым 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Кедейлер мен байлар арасындағы алшақтықты тек қана интеграция арқылы және елдерді жалпы өркениеттік үдеріске тарту арқылы еңсеру мүмкін – бұл туралы Азат Перуашев ЕЭО-ты құру мәселелеріне арналған Орталық коммуникациялар қызметінің  брифингі барысында мәлімдеді.
     «Интеграция – жаһандық үрдіс, уақыт талабы. Оң тәжірибесімен бірқатар интеграциялық бірлестіктер бар, олардың ішінде Еуроодақ, Латынамерикандық елдер, АҚШ-Канада-Мексика, Азия-Тынық мұқиты аймақтық одақтары, - деп атап өтті ол. – Сонымен бірге, бір де бір «жабық», оқшауланған ел (Албания, Мьянма, КХДР) өзінің азаматтары үшін тең мүмкіншіліктермен және жақсы тұрмыспен қамтамасыз ете алмады.  Оқшауланушылық басқарушы элитаның астамшылық жағдайын бұзбауға және әлеуметтік жікке бөлінудің өсуіне әкеледі».
«Ақ жол» партиясының жетекшісі кедейлер мен байлар арасындағы алшақтықты тек қана интеграция арқылы және елдерді жалпы өркениеттік үдеріске тарту арқылы еңсеру мүмкін екеніне сенімді, себебі, тек ашық және әділ бәсекелестік қана жеке тұлғаны іске тарту және табысқа жету мүмкіндіктерін теңестіреді.