10
Маусым

Санат жоқ 10.06.2014

Азат Перуашев: ҮИИДМБ-ның шеңберінде іске қосылған кәсіпорындарды салтанатты іске қосылғаннан кейін, 2-3 жыл өткен соң да бақылап отыру керек

10 маусым 2014 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«ҮИИДМБ-ның шеңберінде іске қосылған кәсіпорындарды салтанатты іске қосылғаннан кейін, 2-3 жыл өткен соң да бақылап отыру керек – бұл туралы Азат Перуашев ЕЭО-ты құру мәселелеріне арналған Орталық коммуникациялар қызметінің  брифингі барысында мәлімдеді.
«Индустрияландыру күні шеңберінде жаңа кәсіпорындарды іске қосып  қана қоймай, сондай-ақ, тікелей эфирде бір немесе екі жыл бұрын іске қосылған сол зауыттар туралы есеп енгізу  керек.
Онда олардың қалай жұмыс істеп тұрғаны, жобалық қуаттылығына жетті ме, қаншалықты жүктелген, оларға, әсіресе мемлекеттік қаражаттан салынған инвестиция ақтала ма, сол туралы айтылсын», - деп атап өтті А.Перуашев.
«Бүгінгі таңда тауар өндіру ғана емес, сондай-ақ оларды өткізетін нарықтың  да болуы маңызды. Кәсіпорын сәнімен іске қосылады, ал содан кейін жұмыс істемей тұрғандары туралы  деректер аз емес», - деп толықтырды ол.
«Көпшілігі деп айтпаймын, бірақ салтанатты іске қосылған компаниялардың кейбіреуі одан кейін металл қалдықтарының ескерткішіне айналады, ал оларға қомақты қаражат шығарылғаны даусыз» - деп есептейді «Ақ жол» партиясының көшбасшысы, сонымен Президенттің өткен жылғы бірқатар орындалмаған жобалары үшін үкіметке сөгісін еске салды.
А.Перуашев Индустрияландыру күнінің бағдарламасына бұрын іске қосылған кәсіпорындардың ахуалы туралы өңірлердің Мемлекет басшысына есебін енгізе отырып - ҮИИДМБ-ның барысы туралы «ленталарды кесудегі әдемі суреттерін» ғана емес, нақты көріністі алуға болатындығына сенімді.